Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 силабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
300.54 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы ______________А.А.Шомантаев

«___ » 2013 ж.

«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні бойынша

білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы

(Sуllabus)

Мамандығы: 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Қызылорда, 2013 жыл

Жұмыс оқу бағдарламасын (Sуllabus) дайындағандар:

«ЕТ және АЖ» кафедрасының

кафедра меңгерушісі

техника ғылымдарының кандидаты: Қ.Қ. Дауренбеков

«ЕТ және АЖ» кафедрасының оқытушысы,

техника ғылымдарының магистрі: Ж.У. Иманова

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі:____________________ т.ғ.к., Қ.Қ. Дәуренбеков

Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.

хаттама № ___ ''____'' ___________ 2013 ж.

Комитет төрағасы:___________________________а.-ш.ғ.д., профессор А.Ә. Шомантаев

1. Негізгі мәліметтер

Факультет/институт

Политехникалық

Мамандық (шифры, аты)

5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Курс, семестр

6 семестр

Пән статусы (міндетті, таңдау)

таңдау компонент

Кредит саны

3

Сабақ өтетін дәрісхана

401, 315б, 310

Оқытушы

Ж.У.Иманова – оқытушы, т.ғ.м. janar_jako@mail.ru, кеңес беру мерзімі – бейсенбі, 401 дәрісх, 14.30 – 15.30

Сейсенбі: 10.30 – 11.20 (1-15) лек 401 дәрісхана

Сәрсенбі: 11.30 – 12.20 (1-15) лек 315б дәрісхана

Сәрсенбі: 12.50 – 13.40 (1-15) БАОӨЖ

практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы

А. Ермаханов – оқытушы arys81@mail.ru, кеңес беру мерзімі – сәрсенбі 401 дәрісхана, 14.50 – 15.40

Жұма: 8.30 – 9.20 (1-15) зерт 310 дәрісхана

Жұма: 9.30 –10.20 (1-15) зерт 310 дәрісхана

2. Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Информатика, Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

Постреквизиттер

EZhZhU 2205 - Есептеу жүйелерін және желілірін ұйымдастыру, МК 2208 – Мәліметтер қоры Компьютерлік тораптар

3. Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Курстың мақсаттары мен міндеттері:

Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • есептеу машиналарының, жүйелерінің және тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидаларын;

  • есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін,

  • сырт және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері;

  • процессорларды ұйымдастыру принциптері;

  • мәліметтерді енгізу және шығару құрылғыларын және олардың орталық құрылғылармен әрекеттесуін ұйымдастыру;

  • есептеу жүйелері мен тораптарын жобалау негіздерін білу керек.

Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау пәнін оқыту үшін керек пәндер: информатика, есептеу жүйелері мен тораптарының ұйымдасытырылуы

4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

Жалпы сағаты

академиялық сағат саны

Дәріс

Практикалық/

семинар

Зертханалық

БАОӨЖ

БАӨЖ

135

30

-

15

15

75

Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны

  1. Дербес компьютердің негізгі бөліктері мен қосалқы құрылғыларын жөндеу мен модернизациялау ерекшеліктері Дербес компьютерді сақтауға қойылатын талаптар. Дербес компьютердің аппараттық бөліктерін қорғау

  2. Компьютерлердің сыртқы құрылғылары. Комьютерлік корпустар түрлері.

  3. Компьютердің ішкі құрылғылары. Корпус, коректену блогі, аналық тақша, бейнежүйе, дыбыстық жүйе, жинақтағыштар, дискжетектері иілгіш дисктерде, қатты диск, модем, мәлiметтер құндылығы,

  4. Жинақтаушы қатты дисктің негізгі жұмыс принципі. Жинақтаушы қатты дискінің құрылымы. Каркас. Магниттік дискілер. Магниттік дискіге ақпаратты жазу және оқу. Жинақтаушы қатты дискінің логикалық бөлінуі.

  5. Жүйелік тақшалар және олардың құрамын меңгеру

  6. Дербес компьютердің бейнежүйесі. Суреттермен жұмыс істеуге арналған құрылғылар

  7. Монитор. Монитордың құрылымы. Корпусы. Электронды сәулелік трубка және оны басқару платасы. Мониторға видеокарта таңдау. Монитор экранындағы бейнелердің дұрыс шығарылуын қамтамасыз ету.

  8. Басқару жүйелерi және нақты жүктеу процессі. Алдын ала тестеудi ұйымдастыру. Жөнделетін жабдықтарды іздеудің жалпы алгоритмі. Жөндеу және ауыстыру. Қайта тексеру.

  9. Орталық процессор

  10. Жүйелік чипсеттер. Чипсеттердің құрылымы.

  11. Компьютердің иерархиялық құрылымы. BIOS. Жүйелік BIOS. Функционалдық мүмкіндіктері. Бастапқы жүктеу процессіжәне үйлесімділігі. BIOS диагностикасы және қателіктерді жөндеу.

  12. Шиналар. сегіз және оналты разрядтық шиналар. ISA, PCI, AGP, CNR шиналары. Процессор жайлы негізгі түсініктер. Шиналар. Процессор жұмысының режимдері. CISC және RISC сәулеттері.

  13. CMOS жады. CMOS Setup бағдарламасы.

  14. Жүйелік ресурстар. Жүйелік ресурс жайлы жалпы түсінік. Үзілістер (IRQ). Жадыға тікелей өту каналдары. (DMA)

  15. IDE интерфейсі және RAID массивтері.

  16. SCSI Интерфейсі

  17. Қатты дисктердегi жинақтағыштар

  18. CD-R/RW дискжетектері. Компакт дисклердің стандарттары және характеристикасы

  19. DVD-R/RW дискжетектері. Форматтық сәйкестіктері.

  20. Клавиатуралар

  21. резервтегi көшiрулер

  22. Мәлiметтерлердi қалпына келтiрудiң әдiстерi

  23. Оперативті жадымен танысу және онымен жұмыс жасау

  24. Микропроцессор

  25. Аппараттық жабдықтары. Операциялық жүйелері. Қолданбалы бағдарламалар.

  26. Операциялық жүйелерді жүктеу. Қоректену көзін қосу. Жүйенің түйінін (ядро) тексеру. POST процедурасы

  27. Принтерлерді жөндеу.

  28. Компьютер өнімділігін бағалау. Тексеруші бағдарламалар зерттеу нәтижелерін бағалау.

  29. Процессордың жылдамдығы. Процессордың түрлері. Процессордың қоректенуін басқару. Процессордың тактілік жиілігі және тактілік генераторлары.

  30. Plug – and – Play технологиясы. Ресурстардың таралуын тексеру.