Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 уч программа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109.06 Кб
Скачать

Плоттер

Плоттер (графқұрастырғыш) — Компьютердің басқаруымен графтар, диаграммалар және суреттер салуға арналған құрылғы.  

Плоттер іс схемеларын, географиялық және метеорологиялық карталар, архитертуралық жобалар және күрделі конструкциялық сызбаларды алу үшін қолданылады. Плоттер бейнелерді қалам көмегімен салады.

Сканер

Сканер (ізкескіш) – түрлі мәтіндерді, суретті, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді қағаздың құжат беттерінен компьютерге енгізу құрылғысы. Олар компьютерде файл түрінде сақталады. Сканерлер кескіндерді ақ – қара және түрлі түсті етіп шығаруына байланысты екі түрге бөлінеді. Біріншісі күңгірт көрінеді, екіншісі осы сияқты және түрлі түсті кескіндермен жұмыс істей алады. Сканер ДҚ – дің параллель портына қосылады. Сканермен жұмыс істеу үшін ДҚ – дің TWAIN атаулы стандартты сияқты арнайы драиверлері болуы тиіс.

Қазіргі уақыттағы дербес компьютердің параметрлері мен сипаттамалары

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Ақпараттың өлшем бірліктері

Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады. Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.

Дербес компьютер интерфейстері. Енгізу – шығару интерфейстері.

Интерфейс – программалаушының кәсіптік тілінде компьютерді пайдаланушымен ЭЕМ-мен өзара әрекеттесу «жазықтығы», яғни екі жүйенің, адам мен машинаның арасында мәлімет алмасуды орындайтын ақпараттық-программалық құралдар жиынтығы. Олар құрылғылар мен программалардың логикалық немесе физикалық әрекеттестігін атқаратын тәсілдер мен ережелерден тұрады. Ақпараттық интерфейске компьютерге белгілі бір құрылғыны жалғайтын сымдарды, контеллерлерді жатқызуға болады, ал программалар интерфейсіне онымен әрекеттесу барысында мәлімет алмасуға арналған меню командалары мен әртүрлі амалдарды атқаратын батырмалар тобы, сұхбаттасу терезелері элементтері кіреді.

Isa,pci,agp,cnr шиналары

ISA шинасы (Industrial Standard Architecture – өндірістік стандарттық архитектура) РС алғашқы моделінен қолданылып стандарт болды. ХТ компьютерлерінде 20 битті адреспен разряды 8 битті шиналар қолданылды. АТ компьютерлерінде шинаның адресін 24 битке және деректердің 16 битіне кеңейтті. Бұндай түрде ол перефериялық адаптерлер үшін ең кеңінен тараған болып саналады. 8 разрядты шина түсінігі, шинада бір циклде 8 бит деректерді жіберіп немесе қабылдауға болады дегенді білдіреді, яғни бұндай шинадағы деректер бір мезетте сегіз параллель өткізгіш бойынша жеткізіледі. 16 разрядтты нұсқасы АТ классты компьютерлерде 6 және 8 МГц тактілік жиілікпен қолданылды. Кейінірек шинаның екі нұсқасына да 8,33 МГц стандартты максимал тактілік жиілікке қол жеткізілді, бұл олардың үйлесімділігін қамтамасыз етті. Шина бойынша деректерді жіберу үшін екіден сегізге дейінгі такті қажет, сондықтан ISA шинасы бойынша деректерді жеткізудің максимал жылдамдығы 8Мбайт/с құрайды.

ДК-дің негізгі бөліктері мен қосалқы құрылғыларын жөндеу мен модернизациялау ерекшеліктері

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]