- •5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және
- •3 Кредит
- •Пән туралы мәліметтер
- •2 «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәнінің негізі сабақтарының тезистері Пәнге кіріспе. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Дербес компьютердің жіктелуі.
- •Ақпарат тасымалдағыштар
- •Динамикалық және Статистикалық жедел жады
- •Жүйелік плата қосымшалары. Пернетақта, манипулятор
- •Енгізу – шығару программасын оңайлату ( кэш жады )
- •Cisc, risc саулеті
- •Визуальды ақпаратты шығару құрылғысы
- •Дк сыртқы құрылғылары Сызықты ағымды принтер, плоттер, сканер, джойстик түрлері
- •Плоттер
- •Қазіргі уақыттағы дербес компьютердің параметрлері мен сипаттамалары
- •Дербес компьютер интерфейстері. Енгізу – шығару интерфейстері.
- •Isa,pci,agp,cnr шиналары
- •Дк жөндеу.
- •3. Ұсынылатын зертханалық сабақтар тақырыптарының тізімі
- •4. Студенттердің өзіндік жұмысының шамамен алынған тізбесі.
- •5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және
мамандығның
DKZhM 3306– «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
3 Кредит
Кызылорда, 2013 ж.
Авторлары
Қ.Қ. Дауренбеков - кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты
Ж.У. Иманова - оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
Мазмұны
Кіріспе
«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау»пәнінің негізі
3. Ұсынылатын зертханалық сабақтар тақырыптарының тізімі
4. Студенттердің өзіндік жұмыстары
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Түсіндірме хат
Пән туралы мәліметтер
«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні техникалық мамандықта оқитын студенттерге дербес компьютерді жөндеу, тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидалары жайлы білім алудың негізі болып табылады.
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау пәнінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
есептеу машиналарының, жүйелерінің және тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидаларын;
есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін,
сырт және ішкі жады құрылғыларын ұйымдастыру принциптері;
процессорларды ұйымдастыру принциптері;
мәліметтерді енгізу және шығару құрылғыларын және олардың орталық құрылғылармен әрекеттесуін ұйымдастыру;
есептеу жүйелері мен тораптарын жобалау негіздерін білу керек.
Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау пәнін оқыту үшін керек пәндер: информатика, есептеу жүйелері мен тораптарының ұйымдасытырылуы
1. Кіріспе
«Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқытылатын практикалық курс болып табылады. «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәні дербес дербес компьютерді жөндеу негізін үйрету. Барлық енгізу-шығару құлылғыларын қарастырады. Пән әртүрлі ұжымдардағы күрделі жүйелерді басқарудың ғылыми және практикалық әдістерімен таныстырады. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) студенттерді «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» курсын тиімді және сапалы игеруі үшін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған. ОӘК лекциялардың тезистік мазмұнынан, зертаханалық жұмыстар мен СӨЖ тапсырмаларынан, әрбір дәріс соңында бақылау сұрақтарының және үй тапсырмаларының тізімі бар, зертханалық жұмыстар және СӨЖ-ден тұрады. Студенттердің ағымдық және қорытынды білімін бақылау мақсатында ОӘК-де тест сұрақтары қарастырылған.
2 «Дербес компьютерді жөндеу және модернизациялау» пәнінің негізі сабақтарының тезистері Пәнге кіріспе. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Дербес компьютердің жіктелуі.
Адам сан, мөлшер ұғымы туралы білгеннен бері сандық эквиваленттерді көрсету үшін және шамаларға операция жасау үшін (-, +, /, *) көптеген әдіс – тәсілдерді ойлап тапты және қолданды.
Микропроцессор туралы жалпы түсінік және ЭЕМ-нің жұмыс істеу барысындағы ролі. Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар.
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Компьютер – бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы..
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады. Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
