Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нан цехі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
475.19 Кб
Скачать

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей кондитер цехын, қойманы және сауда залын орналастыру үшін ортасы бөлінген үш бөлмеден тұрады.

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:

- қамыр илеу – мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады;

- қамырды бөлу – бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;

- пісіру – мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі

- салқындату;

- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;

- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.

Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді.

Қор қоймасы

Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т.б.) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 – 65 % болуы тиіс. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады.

Сауда залы

Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады.

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы

Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • Елеуіштен өткізу машинасы – басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін.

  • нан илеу машинасы.

  • Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр

  • бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы.

Нан пісіру өнімдері өндірісі шағын көлемде болатынына қарамастан онда 3 пісіру камерасы бар арнайы кондитерлік пісіру шкафын пайдаланған орынды. Әрбір камерада 100 –ден 250° С дейінгі температураны автоматты ұстап тұруға болады, нәтижесінде бұл шкафта бір мезгілде әр түрлі температурада жартылай фабрикаттың үш түрін пісіруге болады, ол үшін дербес термореттеуіші орнатылған. Қамырды дайындау, бөлу үшін тот баспайтын болаттан жасалған үстел, жартылай фабрикаттарды қоятын сөрелер қажет.

Бұдан басқа, арнайы өндірістік инвентарь қарастырылған:

  • табақша (листар, лотоктар);

  • өлшейтін стакандар, касықтар;

  • тортқа арналған түрлі формалар, формочкалар;

  • тәтті нандарды ою құралдары;

  • кастрюльдер, чашкалар, тарелкалар;

  • қамыр өңдеу инвентары (ағаш және темір оқтаулар);

  • ағаш қасықтар;

  • жартылай фабрикаттарға арналған пышақтар;

  • қасықтар, венчиктер, шанышқылар;

  • кондитер жиынтығы (шприцтар, алмалы-салмалы бөлігі, метал түтіктер);

  • жуу жабдығы;

  • ас үйге арналған орамалдар, қағаз орамалдар жиынтығы.

Қор қоймасы

Өнімдерді сақтау үшін қор қоймасына сөрелер орнатылады. Өнімді өлшеу үшін таразылар мен өлшеу ыдыстары қолданылады. Шикізат пен тез бұзылатын өнімдерді сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқыш пайдаланылады.

Сауда залы

Дүкенге ішкі көркемдік беру үшін өндірістік сөрелер емес оюлап ағаштан жасалған сөрелер пайдаланылатын болады.

Дайын кондитер өнімдері тоңазытқышы бар сөрелерге қойылатын болады.

Жабдықтардың тізбесі мен оны сатып алу шығындары төмендегі кестеде берілген.

7-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Жабдық

Саны, дана

Бағасы, мың теңге

Сауда залы

 

 

Тоңазытқыш сөрелері

2

250

Сөрелер

6

65

Инвентарь

1

80

Кондитер цехы

Пісіру шкафы

1

200

Араластырғыш машина

1

180

Елеуіш машина

1

150

Қамыр илек машинасы

1

400

Тоңазытқыш

1

90

Газ плитасы

1

50

Электронды таразылар

1

60

Алюминий үстелі

2

50

Металл сөрелер

2

40

Өндірістік инвентарь

1

80