Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нан цехі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
475.19 Кб
Скачать

Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру

Бизнес-жоспар

Мазмұны

Кестелер тізімі 4

Резюме 5

Кіріспе 7

1. Жобаның тұжырымдамасы 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы 9

3. Өндірістер бағдарламасы 11

4. Маркетингтік жоспар 12

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 13

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 13

4.4 Маркетинг стратегиясы 13

5. Техникалық жоспарлау 14

5.1 Технологиялық процесс 14

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 15

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 16

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 17

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 19

7. Жобаны іске асыру 20

7.1 Іске асыру жоспары 20

7.2 Жобаны іске асыру шығындары 20

8. Пайдалану шығыстары 21

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 22

11. Жобаның тиімділігі 24

11.1 Cash-flow проекциясы 24

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 24

11.3 Баланс проекциясы 24

11.4 Қаржы индикаторлары 24

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 26

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 26

12.2 Қоршаған ортаға әсер 26

Кестелер тізімі Резюме

Жобаның мақсаты – Астана қаласы тұрғындарын нан өнімдерімен қамтамасыз ету.

Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар болады. Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылуы мүмкін.

Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2 012

Негізгі капиталға инвестициялар

2 360

Айналым капиталы

716

Барлығы

3 076

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Негізгі капиталға инвестициялар

716

03.2016

23%

Айналым капиталы

2 360

03.2016

77%

Барлығы

3 076

 

100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

тенңе

Пайыздық ставка, жылдық

7%

Өтеу мерзімі, жыл

6,0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен

Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге

509

Активтердің рентабельділігі

23%

10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 267 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

267

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

4,8

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

5,8

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Астана қаласының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- Астана тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Кіріспе

Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.

Ұннан жасалған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.

Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады. Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді. Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.

Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.