Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2. Мақсаты:

1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.

2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.

3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.

4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

5. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.

3. Оқыту міндеттері:

1. Глицерин мен БМҚ-ның анаболикалық үрдістерге жұмасалуын схема түрінде жазу.

2. Глицериннің және БМҚ-ның тотығуын схема түрінде жазу.

3. Липидтердің пероксидтік тотығуын схема түрінде жазу

4. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.

Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

1. БМҚ мен глицеринді биосинтездік үрдістерге қолдану жолдарын схема түрінде жазу.

2. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.

3. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуын схема түрінде жазу.

4.Антиоксидантты қорғаныс жүйесі: ферменттік және ферменттік емес.

4.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Бір топ студенттері Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансын схема түрінде жазады.

Екінші топ студенттері БМҚ-ның тотығуы, энергиялық балансын схема түрінде жазады.

Үшінші топ студенттері Глицериннің және БМҚ-ның тотығуын схема түрінде жазады.

Төртінші топ студенттері Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуын схема түрінде жазады.

Соңында әр процесс бойынша қорытынды жасалады.

Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,

жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.

Үйге тапсырма; Липидтер алмасуы.Ағзадағы АСҚ өзгерістері.

Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:

АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).

2. БМҚ биосинтезінің сатылары.

3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.

4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.

5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.

6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.

7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.

8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.

9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.Қ., Абитаева С.А. Заттар алмасуы, оның реттелуі. – Алматы, 2006 ж. – 160-198 б.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.373-377

3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.297-312

4. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.351-408, 423-431

Қосымша:

1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004

4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-

корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005

5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М.

Адекенов- Астана ,2003

6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009

Жағдайлық есептер:

  1. БМҚ тотыққанда 148 АТФ молекуласы түзілді. Тотығуға қандай БМҚ ұшырады? Дәлелдеңіз.

  2. Липидтердің жалпы мөлшері 25 г/л-ге тең. Бұл не туралы куәландырады?

  3. Бауырда метионин болмауынан ФЛ синтезі бұзылған. Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?

3 Cабақ

Студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы.

Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Холестерин алмасуы. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.