Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Плешкова С.М. және т.б. «Белоктар. Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 1 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111 бет.

  2. У. Сайпіл, Абитаева С.А. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»., Алматы 2000ж., б. 4-48, 73-92.

  3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

  4. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж..

Қосымша:

        1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

        2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

        3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

  1. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

  2. Строев Е.А. “Биологическая химия”, Москва,1986г.

  3. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г.

  4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004.

5 ӨСӨЖ

1.Тақырыбы: Гидролазалар,трансферазалар, лиазалар: құрылыстары және жеке өкілдерінің каталитикалық әсерлері.

2. Мақсаты:

1) Екікомпонентті ферменттер- трансферазалар мен лиазалардың- құрылысы,қасиеттері және рөлі туралы білімді терең түсінгендігін тексеру.

2) Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істеу және жағдайлық есептерді шешу арқылы дағдыландыру

3.Оқыту міндеттері:

1. Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару

2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.

4.Өткізу түрі:

1)қиын сұрақтардан консультация беру

2)кесте толтыру

3) Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару

Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, , силлабус.

1. ОСӨЖді ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді ОСӨЖдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖге тапсырма береді:

Үй тапсырмасы: Ферменттер.

Оксидоредуктазалар, құрылысы, каталитикалық әсері.

Энергия алмасуы. Энергия алмасуының негізгі сатылары.Тотығудың негізгі түрлері (оксидазды, пероксидазды, пероксидті,оксигеназды).Ағзаның антиоксидантты жүйесі.

« Практикум кітабынан….» № 27-30,32,38,40-жұмыстарды конспектілеу.

Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Ферменттер дегеніміз не?

2.Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастықтары.

3.Ферменттердің жалпы қасиеттері. 4. Ферменттердің химиялық табиғаты. 5. Ферменттердің құрылыс. Жай ( бір компонентті ) және күрделі (екі компонентті) ферменттер.

6. Ферменттің активті орталығының құрылысы, ролі. 7. Ферменттің аллостериялық орталығы дегеніміз не? Ролі.

8. Ферменттердің әсер ету механизмі. 9. Ферменттердің арнайлығы: а) субстраттық, б) әсер ету арнайлығы.

10. Субстраттық арнайылықтың түрлері.

11. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы 12.Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы 13. Мультиферменттік комплекстің түрлері,маңызы. 14. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар. 15.Фермент активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

16. Фермент активтілігіне орта рН-ң әсері.

17. Фермент активтілігіне субстрат концентрациясының әсері.

18. Фермент активтілігіне эффекторлардың әсері. Арнайылығы бар және арнайылығы жоқ эффекторлар.

19.Фермент активтілігінің тежелу түрлері:

а) бәсекелес;

б) бәсекелес емес.

20.Ферменттердің аллостериялық активтенуі мен ингибирленуі. 21.Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі. 22.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар. 23.Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзетін эстеразалар (липазалар, фосфолипазалар А1, А2), фосфоэстеразалар (фосфолипаза С және Д, глюкозо-6-фосфатаза), кездесетін орны, катализдік әсері.

24.Гликозидазалар негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, кездесетін орны, катализдік әсері.

25. Пептидгидролазалар эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопептидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), кездесетін орны, катализдік әсері.

26.Трансферазалар,жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.

27.Аминотрансферазалар, құрылысы, коферментінің химиялық табиғаты, катализдік әсері.

28.Қан сарысуында аминотрансферазаларды (АЛТ, АСТ ) анықтаудың маңыздылығы. 29. Метилтрансферазалар, Вс және В12 витаминдерінің құрылысы туралы түсінік, олардың ролі. Катализдейтін реакциялары (мысал келтіру)

30 Ацетилтрансферазалар. НSKoA-ның құрылысы ( В3 вит.) және ролі. Катализдейтін реакциялары.

31. Фосфотрансферазалар, құрылысы, катализдік әсері.

32.Лиазалар, жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.

33.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары, Мультиферменттік комплекстің құрамы, коферменттердің (В1, В5, В3 витаминдерінің ), ферменттің каталитикалық әсері.

34.Амин қышқылдарының декарбоксилазалары,витаминдердің құрылысы және коферменттік функциясы. Каталитикалық әсері, биогенді аминдер туралы түсінік. 35. Карбоангидраза. СО2 тасымалдаудағы ролі,құрылысы, катализдейтін реакциялары. 36.Оксидоредуктазалар, жалпы сипаттама, жіктелуі. 37. Дегидрогеназалар, өкілдері, құрылысы, каталитикалық әсері. 38. Пиридинферменттердің коферменттерін атаңыз. 39. НАД және НАДФ, кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары. 40. Флавинферменттерің коферменттерін атаңыз. 41. ФМН, ФАД кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары. 42. Витаминдер, коферменттерінің құрамына кіретін дегидрогеназалар. 43. Убихинон,химиялық табиғаты, кездесетін орны, құрылысы мен биологиялық тотығудағы ролі. 44. Цитохромдар, жіктелуі, жалпы сипаттамасы. 45. Цитохром В, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 46. Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 47. Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 48. Энергия алмасуы туралы түсінік. 49. Энергия алмасуының сатылары. 50. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы (бастапқы) жолдары арқылы актівті сірке қышқылына дейін ыдырауы. 51. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары. 52. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, БТ тізбегіндегі сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер. 53. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз не? Ол неге тәуелді? 54. БТ кезінде энергияның бөлінуі. БТ тізбегіндегі ферменттердің белгілі бір ретпен орналасуы немен байланысты? 55.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.

56.БТ мен ТФ қабысу нүктелері.

57. Электрондардың тасымалдану тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.

58. ТФ мен БТ ажырауы

59 Ферменттік ансамбльдер (немесе ферменттік комплекстер).

60. Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.

61. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.

62. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.

63. Пероксидті тотығу (бос радикалды тотығу), осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.

64. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар