Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БХ CФ-13ж силлабус-каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать

4. Дискуссия- тест cұрақтары бойынша жүргізіледі.

  1. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. – 113-136 б.

2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. – 157-161 ; 199-212; 235-258 б

3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-404

4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.287-326

5. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-431

4.. Медицина и здравоохранение в России-адрес http://dlib.eastview.com 5. Elsevier –адрес www.sciencedirect.com.

6. THOMSON REUTERS-адрес www.webofknowledge.com. 7. КОКРАНОВСКАЯ БИБЛИОТЕКА и др.

Қосымша:

1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004

4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-

корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005

5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М.

Адекенов- Астана ,2003

7. Бақылау

Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:

Білім компетенциясын бағалау: жағдайлық есептерді шешу, тест-сұрақына дискуссия бойынша іске асады.

Дағдылар компетенцияларын бағалау әдістері: ЛП, холестерин, жалпы липидтер, анализдерінің диагностикалық маңызын анықтай білу, сонымен қатар тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстардың принциптерін көрсету.

ОСӨЖ №5

1. Тақырыбы: Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі. Асқазан сөлінің биохимиясы: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін анықтаудың сапалық реакциялары. Ішекте белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.

2. Мақсаты:

1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;

2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.

3. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуді және жағдайлық есеп шығаруды қалыптастыру .

3. Оқыту міндеттері:

1. Жағдайлық есептерді шығару.

2. Студентті кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуге және Интернетпен жұмыс жасауға ынталандыру .

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.

  2. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.

  3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.

  4. Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің патологиядағы өзгерістері.

  5. АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.

  6. Амин қышқылдарының сіңірілуі.

  7. Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.

5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Аралас комбинирленген тәсіл.

1) Сабақ бойынша кеңес беру.

2) Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру, жағдайлық есеп шығару, жаттығуларды орындау).

Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар

1. ОСӨЖ ұйымдастыру. ОСӨЖ-дің міндеттері мен мақсатымен танысу.

Үйге тапсырма беру: Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.

Келесі сабақтың өзбетімен дайындалу сұрақтары:

1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.

2. Белоктар алмасуындағы бауырдың рөлі.

3. Амин қышқылдарын анаболикалық үрдістерге пайдалану.

4. Жасушада амин қышқылдарының ыдырау жолдары (катаболикалық үрдістер).

5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, биогенді аминдердің түзілуі, маңызы.

6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.

7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.

8. Аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары.

9. Мочевина синтезі.

10. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан шығарылуы

2. Күрделі сұрақтардан оқытушы кеңес береді.

3. ОСӨЖ нәтижелері - оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша нәтижелер жасайды, студенттерді бағалайды.