Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

Лабораториялық жұмыстар Суда еритін витаминдер. Тиаминге сапалық реакция

1. Диазореактивімен реакция

Жұмыстың әдісі: Пробиркаға диазореактивті дайындаймыз. Ол үшін 1% сульфанил қышқылынан 5 тамшы және 5%-NaNO2 5 тамшы алып құямыз. Түзілген диазореактивтің үстіне тиамин (порошогын) ұнтағын кішкене қосып және 5% NaСO3 қосып араластырамыз. Жақсылап араластырған соң сұйықтық алдымен сары түске боялады, содан соң қызғылт түске ауысады.

(Тиамин диазореактивімен қоңыр-сары түсті пигмент пайда болады).

2. Тиаминнің тотықсыздануы

Жұмыстың әдісі: Екі пробирка аламыз: бірінші пробиркаға 5%-ті тиаминнен 5 тамшы, екінші пробиркаға 5 тамшы дистилденген су алып құямыз. Екі пробиркаға 6 тамшы 10% NаСО3 және 5 тамшы 5%-ті К4Fe (железосинеродистый калий) (СN6) ерітінділерін құямыз. Екі пробиркадағы сұйықтықты араластырып, қыздырған кезде бірінші пробиркада қоңыр-сары түс пайда болады, екінші пробиркада лимон-сары түс пайда болады. Яғни тиаминнің К4Fe (СN6) қатысуымен тотықсызданғанын байқаймыз.

В6 витаминіне феррихлоридті сынама

Жұмыстың барысы: Пробиркаға 5% В6 витамин ерітіндісінен 5 тамшы аламыз. Бұл ерітіндінің үстіне хлорлы темірдің 5% ертіндісінен 1 тамшы қосып, жақсылап араластырамыз, нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады.

Химизмі: хлорлы темірмен В6 витамині әрекеттескен кезде қызыл түсті темірфенолятінің комплексті қосындысы түзіледі.

  1. С витаминіне сапалық реакция

Жұмыс барысы: Пробиркаға 1% итмұрын сөлінен 5 тамшы немесе құрамында С витамині бар басқа сұйықтық аламыз. Бұл ерітіндінің үстіне 5% калийферрицианид ерітіндісінен 1 тамшы және 1% хлорлы темір ерітіндісінен 1 тамшы қосамыз. Жақсылап араластырғаннан соң ерітінді жасыл-көк түске боялады және көк түсті Берлин лазурі тұнбаға түседі.

Химизмі: Аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылына тотыққан кезде, калий феррицианиді калийферроцианидіне тотықсызданады. Соңғысы хлорлы темірмен әрекеттескен кезде көк түсті Берлин лазурі тұнбаға түседі.

2. Иодпен реакция

Жұмыс барысы: Пробиркаға алдын ала 10 есе сұйытылған Люголь реактивінен 10 тамшы аламыз және 0,05% аскорбин қышқылының ерітіндісінен 5 тамшы немесе 1% итмұрын сөлін қосамыз. Пробиркадағы ерітінді түссізденеді.

Химизмі: Реакция нәтижесінде аскорбин қышқылы дегидроаскорбин қышқылына тотығады. Ал молекулалық йод өзіне сутегіні қосып алу арқылы түссіз сутекті йод қышқылына айналады.

Тест- сұрақтары

1. Витамин В2 құрамына кіреді.

а/ холестерин және БМҚ

б/ үш аминқышқылы

в/ диметилизоаллоксазин және рибитол спирты

г/ глютатион және фосфор қышқылы

д/ ТГФҚ

2. Витамин В5 химиялық табиғаты жағынан туындысы:

а/ никотин қышқылының

б/ пантотен қышқылы

в/ урицил

г/ тирозин

д/ холестерин

3. Витамин В12 екі бөліктен тұрады:

а/ белоктан Н3РО4

б/ холь қышқылы және глихокол

в/ глобин және гемнен

г/ белокты бөліктен және көмірсулы бөліктен

д/ нуклеотидті және порфирин тәрізді бөліктен тұрады.

4. Химиялық табиғаты жағынан витамин С туындысы:

а/ гексоздың

б/ тиаминнің

в/ холестериннің

г/ гистаминнің

д/ нуклеотидтің

5. Аскорбин қышқылының тәуліктік опимальды дозасын көрсет:

а/ 0,005 мг г/ 100 мг

б/ 15 мг д/ 2 мг

в/ 1 мг

6. НАД+ және НАДФ+ қандай витаминнің туындылары?

а/ рутин

б/ биотин

в/ рибофлавин

г/ тиамин

д/ никотинамид

7. Флавинмононуклеотид қандай витаминнің туындылары?

а/ рутин г/ пиридоксаль

б/ рибофлавин д/ токоферол

в/ тиамин

8. Биотин қандай реакцияларға қатысады:

а/ тотығу-тотықсыздану

б/ декарбоксилдену

в/ карбоксилдену

г/ қайта аминдену

д/ фосфорлану

9. Пиридоксальфосфат келесі реакцияларға қатысады:

а/ декарбоксилдену

б/ қайта аминдену

в/ тотығу-тотықсыздану

г/ карбоксилдену

д/ тотығу

10. Пеллагра кезіндегі диаррея мен дерматит негізінен келесі ферменттердің жұмысының бұзылуына байланысты:

а/ декарбоксилазалардың

б/ трансаминазалардың

в/ карбоксилазалардың

г/ оксидоредуктазалардың

д/ дезаминдену реакцияларды жүргізетін

11.“В”тобына жататын витаминдер зат алмасуы реттеуге қатысады, келесі қызмет атқару арқылы:

а/ энергиялық

б/ тыныс алу

в/ құрылымдық

г/ коферменттік

д/ тасымалдау

12. Тағам арқылы организмге жеткілікті мөлшерде “В” тобына жататын витаминнің түсуі мүмкін:

а/ жоғары сорты ұнан жасалған тағаммен

б/ ірі тартылған ұнан жасалған тағаммен

в/ қиярмен

г/ картошкамен

д/ жұмыртқамен

13. Витамин В1 биологиялық әсері, оның коферменттік қызметіне негізделген:

а/ кетоқышқылдардың декарбоксилазасы

б/ аминоқышқылдардың декарбоксилазасы

в/ пиридинферментті

г/ аминотрансфераза

д/ карбоангидраза

14. Витамин В2 биологиялық әсері, оның коферменттік қызметінде:

а/ оксидоредуктаза

б/ гидролаза

в/ лиаза

г/ трансфераза

д/ синтетаза

15. Витамин В2 кофермент ретінде қатысатын реакция:

а/ тотығу-тотықсыздану

б/ метилдену

в/ аминқышқылдардың декарбоксилденуі

г/ қайта аминдену

д/ трансаминдену

16. Организмде коферменттің синтезінің бұзылуын В2-авитаминозымен түсіндіруге болады:

а/ НАД

б/ ФМН

в/ ТГФҚ

г/ НS-КоА

д/ фосфопиридоксаль

17. Науқастың ұйқысы нашар, ішектің функциясы бұзылған, беттің және қолдың терілері симметриялы түрде жарақаттанған, ашуланшақ. Бұл құбылысты қандай витаминнің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады:

а/ рибофлавин

б/ аскорбин қышқылы

в/ никотинамид

г/ ретинол

д/ биотин

18. Никотинамидтің биологиялық әсері, оның коферменттік функциясы байқалады қайсы коферменттің құрамында:

а/ ФАД

б/ ТГФҚ

в/ фосфопиридоксаль

г/ тиаминдифосфат

д/ НАДФ

19. Витамин В5-тің авитаминозында қандай коферменттің синтезі бұзылады:

а/ ФАД

б/ НS-КоА

г/ тиаминдифосфат

д/ НАДФ

в/ пиридоксальфосфат

20. Никотинамидтің гиповитаминозында организмде қандай процестер тежеледі:

а/ аминқышқылдардың декарбоксилденуі

б/ белок гидролизі

в/ метиллдену

г/ тотығу-тотықсыздану

д/ фосфорлану