Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

Ситуациялық есептер шығару:

1. Балалардың қанының құрамында гемоглобин саны төмен, түрлері боп-боз, ішекте гельминттер кездеседі. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?

2. Қанның құрамында ПЖҚ-ның саны көбейген, содан соң зәрдің құрамында пирожүзім қышқылы кездеседі. Қай авитаминоз кезінде байқалады?

3. Науқаста психикалық өзгерістер, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, елес, тәбетінің төмендеуі, жүрек соғысының жиілеуі, жүрек маңында, нервтер бойында, балтыр бұлшық етінің ауырсынуы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Қандай витаминдермен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

4. Науқаста фоль қышқылымен емдеуге келмейтін дерматит белгілері бар (тері қабынуы). Бұл жағдайда қандай витамин тағайындауға болады және ол витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін, тәуліктік мөлшерін, таралуын түсіндіріңіз.

5. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған, және фоль қышқылымен емдеуге келмейтін қаназдық байқалса, қандай витаминмен емдер едіңіз? Сол витамин туралы толық мәлімет беріңіз.

6. Науқас өте тітіркенгіш, басы айналады, іші өтеді, бет, мойын, қол терілері симметриялы түрде зақымданған. Қандай витамин тағайындар едіңіз?

7. Науқас көп мөлшерде сульфаниламидті препараттарды және антибиотиктерді қабылдаған соң, дененің барлық бөлігінің терісінің түлеуі және қызаруымен білінетін дерматит, шаш түсуі, тырнақтарының зақымдануы байқалды. Егер В5 және В6 витаминімен емдеу нәтижесіз болса, қандай витамин тағайындар едіңіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

8. Науқастың қаны аз, гемоглобин, эритроцит, лейкоциттер мөлшері азайған. В12 витаминімен емдегенде нәтиже байқалмады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Неге?

9. Науқастың көру қабілеті нашарлаған. Көздің қасаң қабағы құрғақ. Қандай витаминнің авитаминозы? Осы витаминнің биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

10. Баланың басы үлкен, еңбегі бітпеген, іші үлкен, тісі кеш шыққан. Науқас баланың диагнозы. Қандай витаминмен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

11. Науқастың іші жиі өтеді және ішінен қан өтеді. Операция кезінде қан көп ағады. Бұл қандай витаминнің авитаминозы? Химиялық табиғаты, биологиялық әсері, табиғатта таралуы.

12. Науқастың бұлшық еті әлсізденген, жүкті болса түсік байқалады. Қандай витаминмен емдейсіз ? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

13. Науқас жалпы әлсіз, тез шаршайды, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылаған, қан құйылу және қан ағу күшейген. Қандай витаминмен емдейсіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.

14. Науқас дене салмағын жоғалтқан, жалпы әлсіз, таңдайы қанталап, қанайды, қан тамырлары өткізгіш және сынғыш келеді. Тері астына майда қан құйылады. Қандай витаминмен емдейсіз? Химиялық табиғаты, Биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.