Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

В) Фермент активтілігіне активаторлармен парализаторлардың әсері.

Жұмыстың әдісі: Үш пробиркаға келесі сұйықтықтарды алып құямыз да гидролиз нәтижесін салыстырамыз.

N пробиркалар

1

2

3

NаСІ

Си SО4

Н2О

NаСІ, Си SО4 Н2О

1 мл

1 мл

1 мл

Сілекей (1:10)

10 тамшы

10 тамшы

10 тамшы

5 минут инкубирлейміз

Крахмал ерітіндісі

10 тамшы

10 тамшы

10 тамшы

10 минут инкубирлейміз

Люголь реактиві

1 тамшы

1 тамшы

1 тамшы

Түсі:

Гидролизі (+ немесе -)

Нәтижесі

Тест сұрақтары

1. Мына заттың әсерінен пепсиноген пепсинге айналады:

а/ энтерокиназа

б/ тұз қышқылы

в/ өт қышқылдардың тұздары

г/ эмульсиялану

д/ трипсин

2. Профермент дегеніміз:

а/ ферменттің активсіз түрі

б/ ІҮ структурасы бар фермент

в/ аллостерикалық орталығы жоқ фермент

г/ бірнеше активті орталығы бар фермент

д/ ферменттің молекулалық түрі

3. Оптимумды Т кезінде фермент:

а/ қайтымды инактивацияға ұшырайды

б/ ең төменгі активтілік көрсетеді

в/ тұнбаға түседі

г/ максималды активтілік көрсетеді

д/ қайтымсыз инактивацияға ұшырайды

4. Қайтымсыз инактивацияға ұшырайды

а/ 00С-та б/ -5 0С-та

в/ -40 0С-та г/ +40 0С-та

д/ +100 0С-та

5. Сілекей амилазасының рН оптимумы:

а/ 1,5 б/ 4,7

в/ 6,8 г/ 3,5

д/ 10,5

6. Пепсиннің спецификалық активаторы:

а/ магний ионы

б/ өт қышқылдарының тұздары

в/ энтеропептидазалар

г/ тұз қышқылы

д/ трипсин

7. Трипсиннің спецификалық активаторы:

а/ СО

б/ күшті қышқыл тұздары

в/ энтеропептидаза

г/ НСІ

д/ химотрипсин

8. Барлық ферменттердің арнайы емес ингибиторы ол:

а/ СО

б/ күшті қышқыл тұздары

в/ марганец иондары

г/ гексапептид

д/ ауыр металлдардың тұздары

9. Бәсекелес ингибирлену дегеніміз, егер субстрат пен ингибитор:

а/ құрылысы жағынан ұқсас болып келсе және ингибитор ферменттің активті орталығымен

байланысса

б/ ферменттің аллостерикалық орталығына ұқсас келсе

в/ ферменттің активті орталығына ұқсас келсе

г/ ферменттің құрылысына ұқсас келсе

д/ құрылысы жағынан ферменттің аллостерикалық орталығына ұқсамаса

10. Бәсекелес емес ингибирлену кезінде келесі комплекс түзіледі:

а/ фермент-субстрат б/ фермент- ингибитор

в/ субстрат- ингибитор г/ фермент-субстрат- ингибитор

д/ фермент- реакция өнімі

1.Тақырыбы: Тағам биохимиясы. Витаминдер.

2. Мақсаты: Студенттер витаминдер, олардың жіктелуі, суда және майда еритін витаминдердің химиялық табиғаты, организмдегі ролі туралы өз білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Витаминдер – тағамның негізгі алмастырылмайтын құрам бөлігі бола отырып, жануар организмінде жүріп жатқан биохимиялық және физиологиялық процесстердің қалыпты жүріп отыруын қамтамасыз етеді. Зат алмасудың реттелуінің бұзылуы және әр түрлі патологиялардың дамуы организмге витаминдердің аз мөлшерде түсуі (тағам құрамында аз болуы) немесе мүлдем түспеуі (ас қорыту жолдарында сіңірілудің нашарлауы) себебінен дамиды. Себебі, витаминдер биохимиялық процесстерді катализдейтін ферменттердің коферменттік қызметін атқарады. Сондықтан болашақ дәрігерлер үшін витаминдер туралы білу өте маңызды.