- •Түркістан – 2015ж
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.)
- •Лабораториялық жұмыстар
- •1. Нингидрин реакциясы.
- •2. Құрамында күкірті бар аминқышқылдарына реакция.
- •3. Аргининге гипобромит реакциясы.
- •4. Тирозинге Миллон реакциясы.
- •5. Ксантопротеин реакциясы.
- •6. Триптофонға реакция.
- •8. Биурет реакциясы.
- •Тест бақылау
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Ферменттердің активтілігіне температураның әсерін бақылау.
- •В) Фермент активтілігіне активаторлармен парализаторлардың әсері.
- •Тест сұрақтары
- •1.Тақырыбы: Тағам биохимиясы. Витаминдер.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өз бетімен атқаратын жұмыстар:
- •Ситуациялық есептер шығару:
- •Лабораториялық жұмыстар Суда еритін витаминдер. Тиаминге сапалық реакция
- •1. Диазореактивімен реакция
- •2. Тиаминнің тотықсыздануы
- •В6 витаминіне феррихлоридті сынама
- •С витаминіне сапалық реакция
- •2. Иодпен реакция
- •1. Тақырыбы: Энергетикалық алмасуы. Зат алмасуға кіріспе.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өз білім деңгейін анықтау арналған жаттығулар:
- •Ситуациялық есептер
- •Тест сұрақтары:
- •1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы мен сіңірілуі. Анаэробты гликолиз. Глюконеогенез.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер
- •Лабораториялық жұмыстар Сүйек қаңқасы бұлшық етіндегі гликолизді зерттеу.
- •Уффельман реакциясы:
- •1.Тақырыбы: Аралық алмасу. Аэробты гликоз. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Қанның құрамында глюкозаны анықтау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер.
- •Лабораториялық жұмыстар. Орто-толуидинді әдіс бойынша глюкозаны анықтау
- •N 1 кесте
- •Ситуациялық есептер шығару.
- •1.Тақырыбы: Липидтердің қорытылуы және сіңірілуі. Жоғары май қышқылдары және кетонды денелердің алмасуы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер
- •1.Тақырыбы: Триацилглицериндер, фосфолипидтер мен холестериинің клетка ішілік алмасуы. Липидтердің алмасуының бұзылуы мен реттелуі.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Қан сары суындағы таг мөлшерін анықтау.
- •1.Тақырыбы: Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі. Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары. Кейбір амин қышқылдарының алмасу ерекшеліктері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер
- •Лабораториялық жұмыстар
- •Конго-қызыл қағазымен реакция.
- •Асқазан сөлінің қышқылдығын парадиметиламиноазобензолмен анықтау.
- •Асқазан сөлінің қышқылдығын бір сынамада анықтау.
- •Билет -10
- •1.Тақырыбы: Аммиактың алмасуы мен залалсыдандыру жолдары. Биологиялық сұйықтықтардағы азоттың және липидтік алмасудың көрсеткіштерін анықтау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер
- •Лабораториялық жұмыс
- •1. Тақырыбы: Қанның биохимиясы. Органикалық және неорганикалық құрам бөліктері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Ситуациялық есептер
- •Лабораториялық жұмыс Қанның сары суындағы жалпы белоктың мөлшерін биурет әдісі бойынша анықтау.
- •А) Қан сары суындағы белок фракцияларын а.Е.Гурвич бойынша электрофорез қағазы арқылы анықтау әдісі
- •Қан сары суындағы азот қалдығын анықтау
- •2) Колориметрлік әдіс.
- •Қан сары суындағы кальцийдің мөлшерін комплексонометриялық тәсілмен анықтау
- •Қан сары суындағы фосфорды анықтау әдісі
- •Қан сары суындағы темірдің мөлшерін биола тест реактивтер көмегімен анықтау.
- •Тест сұрақтары
- •1. Тақырыбы: Зәрдің биохимиясы. Қалыпты және патологиялық зәрдің құрам бөліктері. Зәрдің қалыпты және патологиялық құрамын анықтау.
- •2. Сабақтың мақсаты:
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар.
- •Ситуациялық есептер
- •Лабораториялық жұмыс Зәрдің құрамындағы белокты анықтау
- •Анықтау жолы.
- •Лабораториялық жұмыс Зәрдегі қанды анықтау
- •Лабораториялық жұмыс Зәрдегі өт пигменттерін және өт қышқылдарын анықтау
- •Зәрдегі индикан.
- •Зимницкий пробасы
- •1. Тақырыбы: Гормондардың биохимиясы. Заттар алмасуының гормондармен реттелуі.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар
- •Лабораториялық жұмыс Қалқанша безіндегі йод мөлшерін анықтау.
- •Бақылау жұмыстары:
- •БилетN 3
- •Тест сұрақтары
- •1. Тақырыбы: Тіс ұлпасының биохимиясы. Тіс ұлпасының химиялық құрамының ерекшеліктері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.)
- •1. Тақырыбы: Дәнекер және сүйек ұлпаларының биохимиясы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар, есептерді шығару, жұптасып жұмыс істеу.
- •Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар:
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар.
1. Гематурияны гемоглобинуриядан қалай ажыратуға болады?
2. Кетон денелерінің түзілу реакцияларын жазыңыз, қай жерде түзіледі. Зәрде қай реакция арқылы оны анықтауға болады? Зәрде қандай жағдайда пайда болады?
3. Қанның құрамында глюкозаның қандай концентрациясы кезінде, зәрде глюкоза пайда болады. Бұл жағдай қалай аталады?
4. Бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығарылатын көмірсу, липид, белок алмасуының соңғы өнімдерінің формуласын жазыңыз.
5. Уремия дегеніміз не? Қай кезде байқалады?
6. Диурезге байланысты қалыпты зәрдің түсінің және тығыздығының өзгеруі.
7. Зәрдің патологиялық құрамын атаңыз.
8. Қай органның зақымдануы кезінде зәрде мочевинаның мүлдем көбейгені байқалады.
9. Анурия дегеніміз не? Түрлері, қай кезде байқалады
10. Сау адамда зәрдің тәуліктік мөлшері?
Ситуациялық есептер
1. Зәрде креатиннің анықталуы, қай кезде байқалады және бұндай жағдай қалай аталады?
2. Өт пигменттеріне сапалық реакция оң көрсеткіш көрсетті. Қандай патологиялық жағдай деп ойлауға болады? Зәрде қандай билирубин түзіледі? Оның химиялық табиғатын жазыңыз.
3. Зәрде 0,22г/л белок табылды. Қандай патология деп ойлауға болады? Бұл жағдай қалай аталады? Түзілу себептері.
4. Науқас адамның зәрінің мөлшері 300 мл, тығыздығы 1,006 1 тәулікте. Қандай диагноз. Қандай жағдайды көрсетеді.
5. Науқас адамда зәрінің мөлшері өзгерген, әр тәуліктегі зәрдің тығыздығы өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Бүйректің қай функциясы бұзылғандығы байқалады?
6. Жаңадан бөлінген зәр бұлыңғыр түске айналды. Не себепті? Түсіндіріңіз
7. Пробиркадағы зәрді қатты шайқаған кезде сары түсті көпірік пайда болды. Бұл жағдай нені айтады?
Лабораториялық жұмыс Зәрдің құрамындағы белокты анықтау
Белок: Зәрдегі белоктың сандық мөлшерін және сапасын анықтау тәсілдері негізінен олардың коагуляциялануына негізделген. Белоктың коагуляциясы зәрдің өзінде немесе зәр мен қышқылдық шекарасында жүруі мүмкін.
1. Сульфосалицил қышқыл пробасын анықтау жолы.
Екі пробиркаға 3 мл-ден сүзілген зәр құйып, тәжірибе жүргізетін, пробиркаға 6-8 тамшы реактив тамызып қара қағазды жанына ұстап екі пробирканы қарасақ, тәжірибе жүргізген пробирканың қоюланғаны байқалады. Бұл зәрде белок бар деген сөз. Проба оң деп саналады.
Реактив: 20%-ттік сульфосалицил қышқылы.
2. Унифицирленген Брандберг-Робертсстольников тәсілі.
Химизмі: Жұмыс Геллердің сақиналы пробасына негізделген, азот қышқылы мен зәрдің шекарасында (егер зәрде белок болса) белок коагуляцияланып, ақ сақина пайда болады.
Анықтау жолы.
Пробиркаға 1-2 мл азот қышқылын (немесе Ларинова реактивін) абайлап құяды да, 1-2 мл сүзілген зәрді пробирка қабырғасы арқылы жайлап, қышқылмен араласып кетпейтіндей етіп құяды.Осы екі сұйықтықтың шекарасында жіңішке ақ сақина пайда болады. Бұл құбылыс 2-3 минут арасында байқалса зәрдегі белоктың концентрациясы шамамен 0,033 г/л. Егер сақина екі минуттан ерте пайда болса, зәрді сумен сұйылтып тәжірибені қайталау қажет. Пайда болған сақинаның жуан, жіңішкелігіне қарай, зәрді сұйылтуға болады. Егер жіңішке жіп тәрізді тұнба 2 минуттан ерте пайда болса зәрдегі 2 есе, ал сақина жалпақ болса 4 есе, ал тығыз болса 8 есе сұйылту қажет. Белоктың концентрациясын анықтау үшін 0,033 сұйылту дәрежесіне көбейтіп граммен есептейді (1 л).
Лабораториялық жұмыс
Зәрдегі глюкозаны анықтау
1. Ниландер реакциясы ( жұмысты қараңыз).
2.Фелинг реакциясы ( жұмысты қараңыз).
Лабораториялық жұмыс
Зәрдегі ацетонды анықтау
Натрий нитропруссидімен реакция
Жұмыс барысы: 1. Пробиркаға 10 тамшы зәр аламыз, содан соң жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссиді ерітіндісімен 3 тамшы және 10% натрий гидроксидінен 5 тамшы алынады. Ацетон немесе ацетосірке қышқылының қатысуымен қызыл боялған ерітінді пайда болады, концентрлі сірке қышқылының қосқанда шие түсті қызыл түске ауысады.
Химизмі: Ацетон сілтілі ортада, натрий нитропруссидімен әрекеттесіп сары қызыл түс береді, ол ерітіндіге сірке қышқылын қосқанда шие түсті қызыл түс пайда болады.
2. Пробиркаға 10 тамшы зәр, 5 тамшы концентрлі сірке қышқылын, 3 тамшы жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссидінің сулы ерітіндісінен аламыз, жақсылап араластырып, пробирканың қабырғасымен жайлап 10 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Ацетон немесе ацетон сірке қышқылының қатысуымен пробиркадағы ерітінділер арасында күлгін түсті сақина пайда болады.
3. Пробиркаға 10-15 тамшы зәр аламыз және күкірт қышқылды аммони ұнтағын ерітінді қаныққанша қосамыз. Алынған сұйықтыққа жаңа дайындалған 10% натрий нитропруссидінен 2 тамшы қосып араластырамыз да пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 10 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Ацетонның қатысуымен күлгін түсті сақина пайда болады. Араластырғанда бүкіл ерітінді күлгін түске боялады.
