Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

6. Триптофонға реакция.

Триптофан аминқышқылы қышқыл ортада альдегидпен қосылып, конденсацияланған өнім түзеді.

а) Шульце-Распайля реакциясы

Анықтау әдісі:

5 тамшы 1% жұмыртқа белогына 1 тамшы 10% сахароза ерітіндісін қосып, пробирканы бұрып, жайлап 6 тамшы концентрлі күкірт қышқылын (пробирканың бұрышынан жайлап тамшымен) қосамыз. Екі сұйықтың арасында шие түстес қызыл түс пайда болады.

Химизм. Концентрлі күкірт қышқылының әсерінен сахароза гидролизге ұшырайды, содан соң моносахаридтер оксиметил-фурфуралға айналады. Триптофан оксиметилфурфурал мен қосылып, комплекс түзеді. Комплекс шие түстес қызыл түсті сұйықтық.

б) Адамкевич реакциясы.

Анықтау әдісі:

5 тамшы жұмыртқа белогына 10 тамшы мұзды сірке қышқылын қосып аздап қыздырамыз. Қыздырып болғаннан соң пробирканың шетінен жайлап, сол тең мөлшерде концентрлі күкірт қышқылын тамызамыз. Сұйықтық араласып кетпеу керек. Біраз уақыт өткеннен соң, екі сұйықтықтың арасында қызыл-күлгін түсті сақина пайда болады.

Химизм. Мұзды сірке қышқылының қатысуымен, триптофанның екі молекуласы глиоксил қышқылымен әрекеттесіп, қызыл-күлгін түсті бояу түзеді.

в) Паули диазореакциясы.

Бұл реакция гистидин, триптофан, тирозинге сапалық реакция.

Анықтау әдісі:

Пробиркаға 20% тұз қышқылындағы 1% сульфанил қышқылынан 3 тамшы және 3 тамшы 5% азотты қышқыл натрий ерітіндісін қосып, араластырамыз. Алынған диазореактив ерітіндісіне 5 тамшы 1% жұмыртқа белогын тамызып, араластырамыз. Араласып болған сұйықтыққа 5 тамшы 10% көмірқышқыл натрий ерітіндісін қосамыз, циклды аминқышқылдары гистидин, триптофан, тирозин белок ерітіндісінде кездесе, ертінді қоңыр-қызыл түсті азосұйықтығы пайда болады.

Химизм. Циклды аминқышқылдары гистидин, триптофан, тирозин диазобензолсульфо-қышқылымен қоңыр-қызыл түсті азотуынды түзеді.

8. Биурет реакциясы.

Бұл реакция. Белок молекуласында пептидтік байланыстың бар екендігін дәлелдейдтін реакция. Кейбір белок емес заттарға сапалық реакция.

Анықтау әдісі:

5 тамшы 1% жұмыртқа белогына 3 тамшы 10% натрий гидроксидін және 1 тамшы 1% мыс сульфатын қосамыз. Жақсылап араластырамыз, боялу интенсивтілігі тікелей белоктағы пептидті байланыстардың санына тәуелді.

Химизм. Белок молекуласында пептидті байланыс сілтілі ортада мыс сульфатымен комплекс түзеді. Комплекстің түсі белок молекуласындағы пептидтік байланыстың, яғни белоктың концентрациясына байланысты.

Мысалы: пептидтік байланыс көптеу болса, комплекс көк түс, аздау болса пептидті байланыс күлгін-қызғылт немесе қызғылт түсті комплекс түзеді.

Студенттер белоктың құндылығы жөнінде қорытынды шығарады. Белоктарға және аминқышқылдарына түрлі-түсті реакциялар, жасалынған жұмыстардың нәтижесін бірге талдап кестені толтырылады.

Реакцияның аты

Зерттелген материал

Бұл реакция нені ашады

Алынған нәтиже түсі немесе тұнба

Тест бақылау

1. Алифатты амин қышқылдарын атаңыз:

а) аспарагин қышқылы, метионин, гистидин, пролин, цистеин

б) глютамин қышқылы, фенилаланин, тирозин, треонин, цистеин

в) глицин, валин, аланин, лейцин, изолейцин

г) лизин, аргинин, гидроксипролин, тирозин, серин

2. Оксиамин қышқылдарын атаңыз;

а) триптофан, фенилаланин

б) серин, треонин

в) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

г) метиони, цистеин

3. Организмде метил тобының көзі болып табылады:

а) цистеин

б) лейцин

в) валин

г) метионин

4. Қышқыл белоктардың құрамында кездесетін амин қышқылдар:

а) оксиаминқышқылдар

б) циклді аминқышқылдар

в) моноаминомонокарбон қышқылдар

г) моноаминодикарбон қышқылдар

5. Күкірті бар амин қышқылдарды атаңыз:

а) серин, триптофан, лейцин

б) трионин, глютамин қышқылы, аланин

в) метионин, цистеин, цистин

г) изолейцин, лизин, аргинин

6. Белок молекуласының құрамында оттегінің мөлшері:

а) 16 % в) 18 %

б) 21 % г) 46 %

7. Белок молекуласының құрамында сутегінің мөлшері

а) 7 %

б) 10 %

в) 15 %

г) 5 %

8. Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз:

а) лизин, аргини

б) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

в) метионин, цистеин

г) фенилаланин, триптофан

9. Моноаминодикарбон қышқылдары:

а) лизин, аргинин

б) метионин, цистеин

в) аспарагин қышқылы, глютамин қышқылы

г) триптофан, фенилаланин

10. Негізгі белоктардың құрамында кездеседі:

а) циклді аминқышқылдар

б) моноаминомонокарбон қышқылдар

в) диаминомонокарбон қышқылдар

г) оксиамин қышқылдар

1 ВАРИАНТ

1. Валин, аспарагин қышқылы, фенилаланин және глютамин қышқылынан тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады, қышқыл, нейтралды, негізгі?

2 ВАРИАНТ

1. Лизин, гистидин, аргинин, пролиннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады, қышқыл, нейтралды, негізгі?

3 ВАРИАНТ

1. Аргинин, тирозин, оксипролин және лизиннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиеттке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі ?

4 ВАРИАНТ

1. Метионин, триптофан, аланин, лейциннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі?

5 ВАРИАНТ

1. Цистеин, изолейцин, глицин, метиониннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі.

6 ВАРИАНТ

1. Глютамин қышқылы, серин, аспарагин қышқылы треониннен тұратын тетрапептид құрастырыңыз. Оны атаңыз.

2. Фрагмент ретінде осы тетрапептид бар белок қандай қасиетке ие болады - қышқыл, нейтралды, негізгі?

1. Тақырыбы: Ферменттер. Ферменттердің қасиеті. Ферменттер белсенділігінің реттелуі.

2. Мақсаты: Студенттер ферменттердің активтілігінің реттелуі, қанның құрамында ферменттердің сандық мөлшерін анықтау жөніндегі білімдерін қалыптастырулары тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Ферменттер универсальды биокатализаторлар болғандықтан тірі организмнің метаболизмін толық қамтиды. Ферменттердің қатысуымен зат алмасу процесстері жүзеге асырылады. Ферменттерді оқып үйрену болашақ стоматолог дәрігерлер үшін өте қажет, себебі әрбір патологиялық процесстердің пайда болуы ферменттердің активтілігінің әртүрлі өзгерістерге ұшырау салдарына тікелей байланысты.