Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

2) Колориметрлік әдіс.

Тәжірибе пробиркасындағы сұйықтықты фотоэлектроколориметрде тығыздығын өлшей отырып, калибрлі қисық арқылы (274 жұмысқа қараңыз): жалпы азот қалдығын анықтаймыз. 100 мл қан сары суындағы қалдық азот мына формуламен есептеледі:

А х 3 х 100

= мг

0,2

А-1мл центрифугаттағы азот саны мг.

ҚАННЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ.

1. Белок : 65 - 85 г/л

2. Қалдық азот : 14,3 - 2, 8, 6 мм/л.

3. Мочевина : 2,5 - 8,3 мм/л

4. Креатинин: 0,044 - 0,088 мм/л (ж)

0.044 - 0.102 мм/л (м)

5. Глюкоза : 3,3 - 5,6 мм/л

6. Билирубин : 8,5 - 20,5 мкМ/л

7. Жалпы липидтер : 3,5 - 8,0 г/л

Қан сары суындағы кальцийдің мөлшерін комплексонометриялық тәсілмен анықтау

Жұмыстың мақсаты:

Этилендиаминтетрацетат натрий тұзы титрімен қан сары суындағы кальций байланысып комплекс түзеді. Индикатор ретінде мурексид қатысады. Жұмсалған титр мөлшеріне қарай кальцийдың санын есептеп, анықтайды.

Жұмыс әдісі:

Екі пробиркаға 8 мл дистилденген су аламыз. І-ші пробиркаға (тәжірибе) І мл қан сары суын, 2-ші пробиркаға (бақылау) І мл дистилденген суды, екеуіне де І мл 10% үшхлорлы сірке қышқылын қосамыз. Екі пробиркадағы сұйықтықты жақсылап араластырамыз, содан соң 10-15 мин. тыныштықта ұстап сүземіз. Содан соң колбаға 2,5 мл белоксыз қан сары суының сұйықтығын құямыз. Екінші колбаға 2,5 мл тәжірибедегі пробиркадағы сұйықтықты құямыз. Екі колбаға І мл 10% NаОН ерітіндісін және 1-2 тамшы мурексид ерітіндісін қосамыз. Екі колбадағы сұйықтықты 0,005 Н. комплексон ІІІ сұйықтығымен көк-күлгін түс пайда болғанша титрлейміз.

Е С Е П Т Е У

1мл 0,005н комплексон ІІІ 0,1мг кальциймен байланысады. ІІІ комплексонның сұйықтықтың титірлеуге кеткен мөлшерін (тәжірибедегі, бақылаудағы пробиркаларға) 0,1 көбейтіп есептейміз. 100мл қан сары суындағы (мг) кальций 400 рет көп түзіледі.

Мысалы: Тәжірибелік сынаманы титірлеуге 0,5мл жұмсалды делік, ал бақылау сынамасына 0,3мл жұмсалды. Сонда 0,5-0,3=0,2мл комплексон ІІІ 0,25мл сары судың кальциймен байланысады. Комплексонның 1 мл-і 0,1 мг кальциймен байланысса комплексонның 0,2мл-і Х мг кальциймен байланысады.

Осыдан Х= 0,2 х 0,1 = 0,02мг.

Сонда қан сары суының 0,25 мл-де 0,02мг кальций бар, ал 100мл-де 0,02 х 400 = 8мг кальций бар.

Қан сары суындағы фосфорды анықтау әдісі

Жұмыс принципі: Қан сары суындағы белоктар үшхлорлы сірке қышқылымен тұнбаға түседі. Молибден қышқылымен қан сары суындағы фосфор байланысып комплекс түзеді. Содан соң гидрохинонмен және күкіртті натриймен және аскорбин қышқылымен молибденді көк түсті сұйықтық түзеді. Ең соңғы сұйықтық көк түске боялады, бұл түс фосфорға байланысты (тәуелді).

Жұмыс әдісі: а) белоктың тұнбаға түсуі.

Колбаға 2 мл қан сары суын, 6 мл дистилденген суды құйып араластырамыз. Содан соң 20% үшхлорлы сірке қышқылынан 2 мл қосып және араластырамыз.

Сұйықтықты 10-15минут тыныштықта ұстаймыз, содан соң сүземіз.

б) Түрлі-түсті реакция: Пробиркаларға төмендегі ерітінділерді аламыз.

Сұйықтықтар

1

Бақылау

2

Тәжірибе

Белоксыз фильтрат сүзінді.

Фосфордың стандартты ерітіндісі (1мг%)

Молибден реактиві (2,5%) (молибден қышқылды аммонийдің 5н күкірт қышқылындағы ерітіндісі.

1% гидрохинон сұйықтығымен 20% күкіртті натрий ерітінділері.

3

1

1

3

1

1

Екі пробиркадағы сұйықтықтарды 10 минуттан соң фотоэлектроколориметрде тығыздығын өлшейміз.

Кст х Ех

Е септеу: Кх =

Ест

Кст - 1 мг%

Ех және Ест -зерттеп отырған сұйықтықтар экстинкциясы.

Кх - фосфордың концентрациясы мг%

Бейорганикалық Р-дың мөлшерін анықтап болған соң мг %-тті милли Моль/литрге ауыстыру үшін төмендегі формулаға салады.

Р бейорг. мг % х 0,3229=Р бейорг мМоль/л