Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.) Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар

1. Альбумин мен глобулиндердің ұқсастығы мен айырмашылығы.

2. Протеинемия дегеніміз не? түрлері, қай кезде байқалады.

3. Қан сары суындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Глюкозаның мөлшерінің көбеюі немесе азаюы қалай аталады.

4. Глобулиндердің қандай фракцияларын білесіз? Оларды қалай бөлуге болады? Белок фракцияларын анықтаудың маңызы?

5. Қан құрамындағы қалдық азот санының 50% құрайтын қай зат болып табылады, бұл заттың химиялық табиғатын жазыңыз.

6. Кетондық денелер (химиялық табиғаты, түзілуі) қан плазмасындағы қай заттардың тобына кіреді.

7. Зәр қышқылының түзілуі.

8. Судың биологиялық ролі қандай?

9. Организмде су алмасуының реттелуін жазыңыз.

10. Адам организмінің қанының рН-тұрақтылығын түсіндіріңіз. Ацидоз және алколоз дегеніміз не?

11. Ең маңызды буферлік жүйелерді атаңыз, олардың биологиялық маңызы?

12. Қай катион плазмада және қай катион эритроциттерде кездеседі? Схема түрінде көрсетіңіз және калий-натрий насосының механизмін түсіндіріңіз.

13. Na+ биологиялық ролі. Оның қалыпты мөлшері, көбейіп немесе азайған кезде қандай өзгерістер байқалуы мүмкін?

14. Са2+ биологиялық ролі, оның қалыпты мөлшері. Көбейіп немесе азайған кезде организмде қандай өзгерістер байқалады.

15. Тірі организмде фосфордың, Mg2+, Cu2+; Fe3+; CІ-; F-дың және йодтың маңызы. Бұл элементтердің азайып немесе көбейіп кеткен кезде қандай өзгерістер байқалады?

16. СО2 газы қандай қосылыс түрінде қан арқылы тасымалданады?

Ситуациялық есептер

1. Қан сары суында қалдық азоттық саны: 85 ммоль/л; 150 ммоль/л, 100ммоль/л. Бұл жағдайлар қалай аталады? Сіздің қояр диагнозыңыз?

2. Зерттелген қан сары суына қаныққан күкіртті аммоний тұзы қосылады, нәтижесінде тұнба түзілді. Неге?

3. Операция алдында науқас адамның қалдық азот мөлшері (50ммоль/л) жоғарылаған. Науқасқа операция жасауға болады ма? Неге?

4. Қан сары суында глюкозаның мөлшері 10 ммоль/л. Бұл қай жағдайда байқалады?

5. Қан сары суында белоктарды фракциялау кезінде, жалпы белок саны өзгермеген, басқа белоктардың проценттік мөлшері: альбуминдер-40, -глобулиндер-10, -глобулиндер-10, -глобулиндер-38. Бұл жағдайда патологиялық ауытқу бар ма?

6. Қан сары суында хлордың саны 65мМоль/л. Қай патология деп түсінуге болады?

7. Қан сары суында Mg2+ және К+ иондарының көбейгені байқалады. Бұл қандай жағдайда болады?

8. Қан сары суында фосфордың саны 0,15 ммоль/л, зәр арқылы бөлінген фосфор 0,48 ммоль/л тәулігінде. Қай витаминнің реттеуші (регуляторлық) қызметі бұзылған?

9. Зерттеліп отырған сұйықтық - 2 сіңірілу спектрін көрсетеді: екі жіңішке қара жолақ, сары - жасыл түс спектрінде. Стокс реактивін қосқан кезде жолақ өзгерген жоқ. Бұл сіңіру спектрі гемоглобиннің қай туындысына тән.

10. Науқастың қан сары суын зерттеген кезде: кальцийдің құрамы 1,2мМоль/л тең болды. Мұндай жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады.

Лабораториялық жұмыс Қанның сары суындағы жалпы белоктың мөлшерін биурет әдісі бойынша анықтау.

Белоктардың сандық мөлшерін қанда, зәрде анықтау көптеген ауруларға диагноздар қоюға көмектеседі. Ол үшін биохимиялық лабораторияда жалпы белоктардың мөлшерін арнаулы реактив жиынын қолдану арқылы анықтайды. Соның бірі қан сары суындағы белоктардың жалпы мөлшерін биурет әдісімен анықтау.

Принципі: Биурет реакциясын пептидтік -СО-NН- байланысы бар қосылыстар береді. Қан сарысуындағы белоктардың сілтілі ортада СиSO4 пен әрекеттесіп көк түсті комплекс түзуіне негізделген.

Биурет реактиві келесі жолмен дайындалады:

80мл КJ ерітіндісі мен 20мл реактивті қосып араластырамыз. КJ ертіндісі: 0,5г КJ тұзын 100мл 0,2н NаОН ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады.

Реактив ерітіндісі; 4,5г сегнет тұзын, 1,5г СиSO4 және 0,5г КJ тұздарын 100мл 0,2н NаОН ерітіндісінде еріту арқылы дайындалады.

Анықтау әдісі: Қанның сары суындағы жалпы белоктың мөлшерін анықтау төмендегі таблица бойынша жүргізіледі:

РЕАКТИВТЕР

1

ТӘЖІРИБЕ

2

БАҚЫЛАУ

Қанның сары суы

Биурет реактиві

0,9 % NaCІ

0,1 мл

5,0 мл

5,0 мл

0,1 мл

Жақсылап көбік шығармай араластырғаннан кейін бөлме температурасында 30 минут инкубациялаймыз. Содан кейін тәжірибе пробиркасының оптикалық тығыздығын жасыл фильтр арқылы (толқын ұзындығы 540-560нм) ФЭК-те бақылауға қарсы өлшейміз. Қан сары суындағы белоктың жалпы мөлшерін калибровты график тұрғызу арқылы білеміз. Ол үшін концентрациялары белгілі бірнеше белок ерітінділерін дайындаймыз. Содан кейін олардың әрқайсысының оптикалық тығыздығын өлшейміз де, график тұрғызамыз. Абсцисса өсіне белгілі белок концентрацияларының мөлшерін, ординат өсіне оптикалық тығыздықтарын саламыз.

Қан құрамының құрам бөліктеріне сапалық,

сандық әдістер.

Рефрактометрлік әдіс бойынша қан құрамындағы жалпы

белокты анықтау.

Жұмыс принципі:

Рефрактометрлік әдіспен қан сары суындағы жалпы белокты зерттейміз. Бұл әдіс арқылы белоктың жалпы санын, яғни концентрациясын анықтаймыз. Рефрактометрдің призмасына қан сары суын тамызып, оны қалыпты жағдайда жауып, белоктың тығыздығын өлшейміз. Яғни призмаға сәуле түсу арқылы, белоктың жалпы санын анықтаймыз.

Жұмыстың әдісі:

Жұмыстың алдында приборды “О”-теңдігінде ұстап рефрактометрді дайындаймыз. Содан соң призмаға 1-2 тамшы дистилденген суды тамызып, қақпасын жайлап жауып, сәуле түсіру арқылы судың тығыздығын өлшейміз. Қалыпты жағдайда судың тығыздығы 1,333. Бұл шкаланы өлшеу арқылы прибор жұмыс істеуге дайын екенін дәлелдейміз. Ары қарай 1-2 тамшы қан сары суын призмаға тамызып, белоктың жалпы санын өлшейміз. Өлшеу жұмысын 3 рет қайталаймыз, содан соң есептеп белоктың жалпы санын анықтаймыз. Содан соң рефрактометрдің призмасын дистилденген сумен тазалап, жауып орнына қоямыз. Жұмыс барысында рефрактометрді жұмыс бағытына лайықтап қоямыз, яғни сәуле түсіп, белок саны анықталынады.