Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

Лабораториялық жұмыстар

Белоктарға түрлі-түсті реакциялар

Түрлі-түрсті реакциялар белок молекуласының аминқышқылдарына арналған сапалық реакциялар. Түрлі-түсті реакцияны 1%-ті жұмыртқа белок ертіндісімен және желатин ертіндісімен пробиркаларда жүргізеді.

1. Нингидрин реакциясы.

Белок молекуласындағы -аминқышқылдарының қалдығына сапалық реакция.

Анықтау әдісі.

Пробиркаға 1% жұмыртқа белогынан 5 тамшы немесе 1% желатин ертіндісін алып, үстіне 0,1 % нингидрин ертіндісінен 3 тамшы қосып, қайнағанға дейін қыздырамыз. 2-3 минут өткеннен кейін ертінді көк түске боялады.

Химизмі. Белок молекуласын нингидрин ертіндісімен қыздырған кезде, -аминқышқылы мен нингидрин арасында реакция жүреді. Реакция нәтижесінде аммиак, көмірқышқыл газы, альдегид және тотықсызданған нингидрин түзіледі. Ең соңғы аммиак және екінші нингидрин молекуласы арасында мурексидті көк түсті қосылыс пайда болады.

2. Құрамында күкірті бар аминқышқылдарына реакция.

Белок молекуласының гидролизі кезінде күкірті бар аминқышқылдары бөлінеді (цистеин, цистин, метионин) құрамы тиотобынан тұрады. Күкірт сілтілі ортада сульфид түзу қабілетіне ие.

а) Фол реакция.

Анықтау әдісі:

5 тамшы 1% жұмыртқа ертіндісіне 30% натрий гидроксиді ертіндісін және 1 тамшы 5% қорғасын ацетатының ертіндісінен қосып қыздырамыз. Пробиркадағы ертіндіні қыздырған кезде қараяды, яғни қара түсті қорғасын сульфидінің тұнбасы түзіледі.

б) Нитропруссид натрий ерітіндісімен реакция.

Анықтау әдісі.

5 тамшы 1% жұмыртқа ерітіндісіне 5 тамшы 30% натрий гидроксидін қосып, қайнағанға дейін қыздырамыз. Суытылғаннан кейін, 2 тамшы 5% нитропруссид натрий ертіндісін қосамыз. Пробиркадағы сұйықтың қызыл-күлгін түске боялуы комплексті қосылыс түзілуіне негізделген.

3. Аргининге гипобромит реакциясы.

Бұл реакция гуанидин тобына сапалық реакция.

Анықтау әдісі.

5 тамшы 1% жұмыртқа белогын, 5 тамшы 10% натрий гидроксидін және 2 тамшы 0,2 % спирті -нафтол ертіндісін қосып араластырамыз. Араласқаннан кейін 3 тамшы 2%-ті гипобромит натрий ертіндісін қосып және араластырады. Сұйықтықта аргинин бар болса, сұйықтық қызыл түске боялады, біраз уақыттан соң бояу ағара бастайды.

Химизм. Гипобромит натрий ертіндісінің әсерінен -нафтол мен аргинин арасында қызыл түсті конденсация пайда болады.

4. Тирозинге Миллон реакциясы.

Белок молекуласындағы циклды аминқышқылы тирозинге сапалық реакция.

Анықтау әдісі.

5 тамшы 1% жұмыртқа белогына 1 тамшы Миллон реактивын қосып, жайлап абайлап қайнағанға дейін қыздырамыз. Қызғылт немесе қызыл түсті тұнба түзіледі. Миллон реактиві (азот қышқылымен қорғасының тұздары).

Химизм. Белокты Миллон реактивімен қыздырған кезде, тирозиннің нитротуындылары түзіледі, тирозиннің туындылары қорғасынмен әрекеттесіп қызыл түсті қорғасын нитротирозинін түзеді.

5. Ксантопротеин реакциясы.

Бұл реакция белок молекуласындағы циклды амин қышқылдарын (Тирозин, триптофан) анықтайды.

Анықтау әдісі:

5 тамшы 1% жұмыртқа белогына 3 тамшы концентрлі азот қышқылын қосып, жайлап абайлап қыздырамыз. Қышқылды қосқаннан кейін түзілген тұнба жайлап ериді де сұйықтық сары түске боялады.

Сұйықтықты суытып болғаннан соң 5 тамшы концентрлі аммиак ерітіндісін және 30% натрий гидроксидін қосамыз. Сары түс сарғылт түске ауысады.

Химизм. Сары түсті нитротуындысы бар сұйықтық, тирозин мен триптофанның бензол сақинасы азот қышқылымен қосылып, қыздырған кезде түзіледі. Сұйықтыққа негізді араластырып қосқан кезде сары түс сарғылт түске яғни хиноидты тұзға айналады. Мысалы: тирозин нитрленген кезде нитротирозинге айналып аммиакпен қосылып аммонидті тұз түзеді, хиноидты тобы бар. (фенилаланиннің бензол сақинасы тирозин мен триптофонға қарағанда қиындау нитрленеді).