Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД СТОМ-2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
598.02 Кб
Скачать

1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы мен сіңірілуі. Анаэробты гликолиз. Глюконеогенез.

2. Мақсаты: Студенттер көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі жөнінде, бауырда гликогеннің синтезделуінің және жұмсалуының физиологиялық маңызын, сонымен қатар қандағы глюкозаның деңгейін реттеуші негізгі процесстердің бірі екендігі жөнінде, гликолиз кезінде жүретін реакциялардың мәнімен ретілігін түсіне білуі қажет.

3. Оқыту мақсаты: Адам организмінде тағам көмірсулары қорек ретінде маңызды орын алады. Сол себепті келешек дәрігерге тағам арқылы қандай моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер организмге түсіп тұрады және ас қорыту жолдарында олар қалай ыдырайды,сіңіріледі, қандай метаболизмге ұшырайтынын білу өте маңызды. Патологиялық жағдайда, яғни жүректің ишемиялық ауруларында, инфаркттарда, гипоксиялық жағдайда организмде анаэробты гликолиз күшейеді. Қатерлі аурулар кезінде организмде анаэробты гликолиз-негізгі энергия көзі болып табылады.

Бұл аурулардың этиологиясын және патогенезін анықтау үшін, көмірсу алмасуының метаболизмін білу үшін қажет.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тағамдағы көмірсулар, классификациясы, маңызы.

2. Көмірсулардың қорытылуы, көмірсуларды қорытуға қатысатын ферменттер.

3. Көмірсулардың сіңірілу механизмдері, сіңірілгеннен кейінгі тағдыры.

4. Гликогеногенез, гликогенолиз, глюконеогенез процесстерінің маңызы.

5. Гликогенолиз, гликогенолиздің жолдары маңызы, оларды жүргізетін ферменттер,

(фосфорилаза, ц АМФ, протеинкиназа).

6. Бауырдағы фосфоролиздің ерекшеліктері.

7. Глюкозаның анаэробты ыдырауы, реакциялар реті, маңызы.

8. ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилденуі, пируватдегидрогеназды комплекстің құрылысы.

9. Сүт қышқылының тағдыры. Кори циклі, маңызы.

10. Пастер эффектісі, маңызы.

11. Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Бауырдың көмірсу алмасуындағы ролі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: құзіреттіліктерді меңгеру бойынша тиімді кері байланыс, шағын топтарда оқыту sgl, мәселелерге/есептелген негізделген оқыту TaskBl

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М.,2005, 2007.

3.Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005, 2007.

4. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. Метаболические основы питания с курсом общей биохимии – Алматы, 1998, 2008

Қосымша:

1.Тапбергенов С.О, Тапбергенов Т.С. Медицинская и клиническая биохимия.-Павлодар,2004.

2.Марри Р., Греннер Д., Мейес П., Родуэлл В. Биохимия человека. 2003

3.Кольман Я., Рем К-Г. Наглядная биохимия.- М.: Мир, 2004.

4.Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

5.Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М. Адекенова. -Астана, 2003.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1.Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды.-2007.

2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сеитов З.С., Биологиялык химия, 2007

3.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

Қосымша:

1.Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана,2003.

Ағылшын тілінде:

1. Lehninger « Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L.Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R.K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry.1988.

3. Saini A.S., Kaur J., Textbook of biochemistry.- New Delhi,1995.