Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
умк каз основы метал.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.46 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетІ

Металлургия және полиграфия институты

Түсті металдар металлургиясы кафедрасы

Студент пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Металлургия негіздері пәні бойынша

050709- Металлургия мамандықтарына арналған

Алматы 2005

Металлургия негіздері пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 050709– Металлургия мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.

Құрастырушылар : Алыбаев Жақсылық Алипбаевич , Бошкаева Лайля Турсуновна , Алматы : ҚазҰТУ, 2005. – 98 б.

Құрастырушылар: Алыбаев Жақсылық Алипбаевич – ТММ кафедрасы меңгерушісі, техн.ғылым.докт.,

Бошкаева Лайля Турсуновна - ТММ кафедрасы оқытушысы.

«Металлургия негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен 050709–Металлургия мамандықтарының студенттеріне арналған.

«Металлургия негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені қара, түсті және сирек металдар өндірістерінің теориясы және тәжірибелері аймағында студенттерді келешек қызмет профилімен таныстыруды өзіне мақсат етеді. Лекциялық сабақтардың материалдарында қысқаша түрде байыту негіздері, пирометаллургия, гидрометаллургия және электрометаллургия әдістерімен кендерден металдарды бөліп алу принциптері қаралған. Сонымен қатар нақтылы өндіріс процестері туралы, қара, түсті және сирек металдардың кендік шикізаттарын комплексті өңдеудің экологиялық және экономикалық талаптарын қамтамасыз ететін тиімді технологияларын жасауға бағытталған перспективалы ғылыми-техникалық өңдеулер туралы мәліметтер берілген. Металлургияда қолданылатын металлургиялық ошақтардың, құрылғылардың, аппараттардың, машиналардың жазбалары және олардың жұмыс істеу принциптері берілген. Ғарыштық металлургия, биометаллургия, екінші ретті қосымша металдар және аморфты, микрокристаллдық металдар мен қорытпалар өндірістері сияқты жаңаша металлургиялық технологиялар баяндалған.

Оқу-әдістемелік кешен бакавриат студенттеріне байыту, концентраттарды балқытуға дайындау (күйдіру, агломерация, кесектеу, брикеттеу және т. б.), жартылай өнімдер алудың тотығу-тотықсыздандыру процестері (штейна, шлак, қара метал) және өнеркәсіптің әр түрлі саласында ары қарай қолдануға дайын таза өнімдерді алу үшін жартылай өнімдерді өңдеу сияқты көптеген металлургиялық өңдеу процестерінде қолданылатын жалпы металлургиялық терминдермен танысуға мүмкіндік береді.

Берілген курс металлургияның кіріспе бөлімі болып табылады және студентке ары қарай қара, түсті және сирек металдар өндірістеріндегі әртүрлі әдістердің теориялық негізін, технологиясын және аппараттық жабдықталуын меңгеруге көмектеседі.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы

Қазақ Ұлттық Техникалық

университет, 2005