- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасындағы қорықтар
- •Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары
- •Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Грейг қызғалдағы
- •Кауфман қызғалдағы
- •Тянь-шань қоңыр аюы
- •Безгелдек
- •Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сасықкөлдің төбесінен түсірілген көрінісі
- •Ақ тырна
- •Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сақалтай Көкқұс
- •Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы
- •Батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығы
- •Алтай таутобылғысы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған.
- •Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қорғалжың көліне ғарыштан қарағандағы көрінісі
- •Шренк қызғалдағы
- •Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Күршім жотасының шығыс жағы
- •Алтай бәрпісі
- •Сібір хариусы
- •Сұр тырна
- •Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сарғылт кұндызшөп
- •Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
- •Барылдауық қоңыз
- •Қазақстан мемлекеттік ұлттық бақтары
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жасыбай өзені
- •Ақбет тауы
- •Іле алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Алматы көлі
- •Сиверс алмасы
- •Үнді жайрасы
- •Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жоңғар аспарасы
- •Тарантула
- •Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Зеренді көлі
- •Орман желайдары
- •Орман сусары
- •Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Шайтан көл
- •Қарқаралы сылдыршөбі
- •Қара дегелек
- •Дала сколиясы
- •Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Чебачье көлі
- •Сұр тырна
- •Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Рахман көлі
- •Мүкжидек
- •Шарын мемлекеттік ұлттық бағы
- •Замков аңғары
- •Іле сасыры
- •Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық бағы
- •Альберт құртқашашы Колпаковский иридодиктиумы
- •Мензбир суыры
- •Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы
- •Тапу өзендері
- •Жоңғар алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жаушымылдық
- •Сұңқылдақ аққу
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи резерваттары
- •«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ырғыз-торғай» мемлекеттік табиғи резерваты
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдары
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдар тізімі Зоологиялық қаумалдар
- •Ботаникалық қаумалдар
- •Кешенді қаумалдар
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштері
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштер тізімі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақ тырна
Бұлақ – кіші аққұтан, қарабай, қоқиқаз, дөңтұмсық тұрпан, ақ тырна, шитұмсық шалшықшы және тарбақ шырғалақ.
Алакөл қорығының алғашқы құрылған жылдары өсімдік пен жануарлар әлемін зерттеуде үлкен жұмыс жүргізілді. Омыртқалы жануарлар фаунасы едәуір толық зерттелді, омыртқасыз жануарлардың негізгі топтарын зерттеу жұмыстары басталды. Фенологиялық және гидробиологиялық бақылаулар жүргізіліп жатыр.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
-
Орналасқан жері
Қазақстан, Алматы облысы
Көлемі
71 700 га
Құрылған
1931 жылдың мамырдың 15
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Алматы қорығының тарихы тереңде жатыр. Ол 1931 жылдың 15 мамырында көлемі 15000 га Кіші Алматы қорығы деп құрылды. 1935 жылы көлемі 40000 га, ал сонан соң 856680 га-ға кеңейіп, Алматы қорығы деп аталды, Кіші Алматы су алабы ғана емес, Жалаңаш және Сөгеті аңғарлары шектес тауларымен қорық құрамына кірді. Дегенмен 1939 жылы қорық территориясының жекеленген бөлімдері әр түрлі ұйымдарға берілді, ал 1951 жылы қорық жабылды.
Тек 1961 жылы 31 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі № 524 қаулысымен, бірақ енді Шелек, Табанқарағай және Таушелек ормандары орнына қорықты қайта құрды. Үш жылдан кейін, 1964 жылы, Есік пен Талғар өзендері су алабына, яғни жаңа территорияға көшірді. Қазіргі кезде қорық көлемі 71700 га. Орталық мекені Алматы қаласынан 25 шақырым жердегі Талғар қаласында орналасқан.
Қорықтың негізгі мақсаты-Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғи бірлестіктерді, яғни жануарлар мен өсімдіктер әлемі нысаналарын сақтау, сонымен қатар осы бірлестіктердің табиғи даму заңдылықтарын зерттеу.
Іле Алатау жотасы – қорықтың орналасқан жері, ол Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстігінде жатыр. Ол өзінің орталық бөлігінде Талғар тау түйінін түзеді, мұнда жоғарғы биіктікке жетеді (Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4979 м). Қорғалатын территориядағы Іле Алатауы негізгі сілемдерінен бірнеше үлкен тармақтарға бөлінеді, олар өзен су айрықтары болып табылады. Ең суы көп өзендер – Оңтүстік – Шығыс, Сол, Орта және Оң Талғарлар, сонымен қатар Есік пен Оңтүстік Есік. Ені (5 – тен 10 метрге дейін) және тереңдігі салыстырмалы таяз (1 метрге дейін) болғанда, олардың қатты ағысы өте жоғары биіктен келуіне байланысты. Су қуатының күштілігі сонша, тұтас жартастарды мүжиді, бөлшектейді және құмға дейін ұсақтайды.
Өршіленген су төмен қарай гүрілдей зымырап, жолындағы үлкен домалақ тастарды өзімен бірге ілестіре әкетеді, ал кейде бетонды инженерлік құрылыстарды да алып кетеді.
Бастауын мұздықтарын алатын ірі өзен жоғарғы ағыстары мұз қозғалысынан пайда болған тау жынысы сынықтарының астындағы көлдер мен үйінділерастындағы көлдерді жандандырады. Ең ірі Мұзкөл көлі Есік өзенінің жоғарғы жағында орналасқан (теңіз деңгейінен 3600 м биік), оның көлемі 46300 шаршы метр, ал тереңдігі 25,5 м. Осы өзен су алабында құлама – тектоникалық пайда болған Есік және Ақкөл деген екі көл бар. Керемет әдемі Есік көлі алғаш пайда болған күйінде 1963 жылға дейін болды. Шілденің шырқыраған ыстық күнінде қиратушы су тасқыны санаулы минуттар ішінде табиғи бөгетті бұзып, әдемі тау ғажайыбын жер «бетінен» жоқ қылды. Көлдің сақталған шығыс шығанағы қазіргі кезде жайлап суға толып, біртіндеп үлкейіп жатыр. Барлық ірі өзендер мен көлдер негізгі су қорын қорықтағы көп мұздықтардың еруінен алады. Жотаның тек солтүстік жағының өзінде олардың саны – 113. Шоқал мұздығы ең ірісі, ол Орта Талғар өзені алабында орналасқан, оның ұзындығы дерлік 5 шақырымдай болады. Ол 20 – 24 жыл бойы мерзімімен еріп тұр.
Бозкөл
Мұздық ұшы шытынап, бірнешеге бөлініп, төмен қарай тез қозғалады. Шелек өзені басталар жерінде, жотаның оңтүстік жағында жаңа мұздықтардың үлкен түйіні орналасқан, бұған 86 мұздық кіреді. Бұлардың ішіндегі ең ірісі-Корженевский мұздығы, ұзындығы 12 шақырым және Богатырь мұздығы, ұзындығы 8 шақырым.
Қорық территориясында басқа да көптеген бірегей табиғат туындылары бар. Тік саңылау (Прямая щель) сайының жоғарғы жағында Солтүстік Тянь-Шаньдағы ең ірі көшкін мұз орналасқан, ұзындығы шамамен 3,5 шақырым. Ол жылына бірнеше ондаған сантиметр жылдамдықпен қозғаады және аймақтағы белсенді көшкін мұздар ішіндегі ең төмен орналасқандығымен (теңіз деңгейінен 2400 м) ерекшеленеді. Қорықта жылы қайнар бұлақтар да бар, мысалы, Талғар өзені (теңіз деңгейінен 1850 м) су алабының жер асты опырылу аймағында бар. Қайнар бұлақ сулары радонды және натрийлы.
Қорық территориясы табиғи жағдайларының үлкен алуантүрлілігі ең алдымен биіктік белдеулердің анық бөлінгеніне байланысты.
Аласа тау ландшафтары теңіз деңгейінен 1200 – ден 1800 м биіктік аралығында орналасқан. Аласа тау белдеуінің жоғарғы жағында тік беткейде өсетін жергілікті түрлер жиі кездеседі, бірақ жалпы бедердің жұмсақ түрлері басым. Солтүстік баурайларында қайың, көктерек, алма және алмұрттан тұратын жапырақты орман биік шөптесінді шалғындар мен қалың бұталармен кезектеседі. Топырағы таулы-орманды және таулы-далалы, кей жерлерде тасты болып келеді. Оңтүстік баурайларда таулы сілтіленген қарашірікте астық тұқымдасты – түрлі шөпті далалар басым, сонымен қатар тобылғы, итмұрын, үшқат және төселіп өсетін қызыл аршалы қалың бұталы тоғайлар да бар.
Орта тау (2800 метрге дейін) орманды – шалғынды – далалы белдеуді алып жатыр. Солтүстік баурайлары мен терең тілімденген жерлерде Шренк шыршасының қалың аралды ормандары әдеттегі, олар жылдың бар мезгілінде қорық тауының керемет әдемі әшекейі болып табылады. Баурайлардың жоғарғы жағында жартастар мен ірі тасты шөгінділер жиі кездеседі. Өзен аңғарымен қайың, әр түрлі талдар мен талас терегі, ал жоғарғы жағында шыршалар жіңішке жолақ болып созылып жатыр. Оңтүстік баурайларында астық тұқымдасты түрлі шөпті далалар орналасқан. Бедері салыстырмалы онша терең емес, бірақ жиі тілімденген. Орманды шалғынды белдеу топырағы да алуан түрлі. Шыршалы орман астында қара түсті қарашірік топырақтар, ал ормансыз жерлерде таулы-шалғынды және таулы-далалы дамыған.
Субальпі белдеуі (2700-3100 м) жақсы шымданған баурайлармен сипатталады. Аңғардың төбелі-үйінділері түбінде саркүйік-түрлі шөпті шалғындар өскен. Солтүстік баурайлары түрлі шөпті астық тұқымдасты қалың шалғын шөппен жабылған. Тегіс сайларда ылғал биік таулы шалғындар – саздар кездеседі. Оңтүстік баурайлардағы орманның жоғарғы шекарасы төселіп өсетін аршаның қалың тоғайымен жиектелген, ал алаңқайлар шалғынды – далалы өсімдіктермен жабылған. Мұнда көп жерді шөгінділер мен шатқалдар алып жатыр. Субальпі белдеуінің топырағы негізінен таулы – шалғынды, ал ылғал шалғындарда – шалғынды – батпақты.
Альпі белдеуі тау жынысы үйінділері мен мұздықтарға дейін (3400 м) созылып жатады. Белдеудің төменгі жартысында саркүйікті шалғындар, ал жоғарғы жағында түрлі шөпті – саркүйікті көгалдар басым. Ойпаң жерлерде астық тұқымдасты түрлі шөпті шалғындар өседі, олар ашық түсті гүлдейтін түрлермен құлпырып көзге түседі. Осы шалғындар топырағы шымтезектенген, кейде әлсіз батпақтанған болады. Оңтүстік беткейдегі ұсақ топырақты баурайда биік таулы далалар орналасқан. Мұндай жерлердің топырақтарының беті ұсақ шағыл тастармен қалың жабылған.
Таудың жоғарғы бөлігін мұздықты-нивальды аймақ алып жатыр, мұнда екі биіктік белдеу анық бөлінеді. Нивальды белдеуде (3400-3900м) сирек шөптесінді өсімдіктері бар шатқалды-шөгінді ландшафт басым. Мұздықты белдеуде (3900 метрден жоғары) шатқал, мұз, қар орналасқан.
Қорық территориясының ауа райы қоңыржай және тағы да тік белдеулік заңына бағынышты. 3000 метр биіктікте ауаның орташа жылдық температурасы 8,9°С-тан тау етегінде 1,5°С – қа дейін төмендейді. Тау етегіндегі салқын кезең ұзақтығы 4 ай, ал 3000 м биіктікте 7 айдан ұзаққа созылады. Қыс кезінде күндізгі радиациялық жылымықтардың жиі болып тұруы тән. Тау етегінде қыстан көктемге өту уақыты-наурыздың бірінші онкүндігі. Биіктіктерде бұл кезең мамырға дейін созылады.
Маңызды ауа райы факторы жауатын жауын-шашын саны болып табылады. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері-1500-ден 2300 метр биіктіктегі таудың орта бөлігі. Сонымен,тау етегіндегі жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 555 мм, 1600-2200 метр биіктікте 840-880 мм, 2500-3000 метрде не бары 735-750 мм болады. Қар жабыны 3-тен 7 айға дейін және одан да көпке созылады. Оның тұрақтану мезгілі әр түрлі: тау етегінде желтоқсаннан, биіктікте қазанның ортасынан басталады. Аласа тауларда наурыздың бірінші онкүндігінен бастап, ал биік тауларда тек мамыр соңында ғана қар ериді.
Қорық өсімдіктер әлемі бай және алуан түрлі. Оның флорасында жоғарғы өсімдіктердің 1000 – ға тарта түрі бар. 50 түр сирек кездеседі, оның 26 түрі Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Төменгі тау белдеуінде бұлар – өрік, Мушкетов түйесіңірі, Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы өте сирек, кавказ таудағаны, алтай гимноспермумы. Оңтүстік далаланған баурайда Колпаковский мен Островский қызғалдақтары, өте сирек Альберт құртқашашы мен Колпаковский иридодиктумы кездеседі. Орта белдеуде әдетте Виттрок рауғашы, өте сирек Семенов айдаршөбі, сарғыш ақбасқурай, алматы кекіресі, тянь-шань және алтын жалынгүлі, Семенов еменжапырағы.
Бірақ ең сирек кездесетін және ерекше «қызылкітаптық» түрлер қорықтың қол жетпес жерлерінде: тянь-шань таутобылғысы Шелек өзенінің жоғарғы жағында, сыртқы келбеті өте керемет қатпарлы шұбаршөп Бозкөл көлі маңында және Корженевский мен Конституция мұздықтары шетінде, өрмек торлы-мамық және солай бола тұра тікенекті тауқалуен Есік пен Шелектің ежелгі тау жыныстары сынықтарында кездеседі. Есік өзенінің жоғарғы жағынан мұздақ ботташы және алматы ақжапырағы сияқты сирек эндемиктер бірінші рет жиналып, сипатталынып жазылды. Тек осы өзен аңғарынан жемісі ірі және керемет хош иісті Янчевский қарақаты, Оң Талғардың шалғынды баурайынан құмбел сарышатыры, Орта Талғар өзені аңғарынан және Шелектің жоғарғы ағысынан аппақ қардай гүлі бар ерекше алатау бөденешөбі табылды.
Қорықтың көптеген өсімдіктерінің пайдалы қасиеттері бар. Мал азықтық шөптер тобы көп, оның ішінде астық тұқымдастар (жатаған бидайық, түркістан арпасы, қылтанақсыз арпабас, шалғын түлкіқұйрығы, бетегелер, қоңырбастар, кәдімгі тарғақшөп), қияқөлеңдер, бұршақтар тұқымдасы (жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, атбұршақ түрлері) және т.б. Тамақ үшін маңызды жабайы жеміс-жидектер: алма, өрік, бөріқарақат, Мейер қарақаты, тянь-шань шетені, долана, таңқурай, қожақат, бүлдірген, шырғанақ.
Барлық жерде дәрілік өсімдіктер кездеседі: дала қырықбуыны, құлмақ, итмұрын, орал миясы, ішдәрі қаражеміс, шілтер жапырақ шайқурай, өгейшөп, түркістан сасықшөбі, кәдімгі жұпаргүл, орта тасшүйгін, биік андыз, кәдімгі мыңжапырақ, басым көпшілігі ғылыми медицинамен анықталған. Ломоносов иісгүлі, жіңішке жапырақ күрең оты, жоңғар бәрпісі, сүйелшөп, іле тегеурінгүлі т.б. өсімдіктер халық сынағынан өткен.
Қорық ландшафтын ерте көктемде сәндік өсімдіктер әшекейлейді. Бірінші болып алатау крокусы және қазжуалары, кешірек-қызғалдақтар, Альберт құртқашашы, үлкен және алтай шырыштары, таушымылдық, шөпжияр ашылды.
Жаз басында ашық сарғыш түсті күнгелді, сары сарғалдақтар, ақ желайдар, түрлі түсті шегіргүлдер, көгілдір ботакөздер, қара қошқыл шөмішгүлдер гүлдейді.
Жаз басында ашық сарғыш түсті күнгелді, сары сарғалдақтар, ақ желайдар, түрлі түсті шегіргүлдер, көгілдір ботакөздер, қара қошқыл шөмішгүлдер гүлдейді.
Алатау крокусы Альберт құртқашашы
Олардың орнына едәуір кешірек гүлдейтін жұлдызгүлдер, майдажелектер, көкгүлдер, саршатырлар келеді. Бұл бояулар құлпырысы жаз соңына дейін жалғасады, ал альпі белдеуінде, еритін мұздықтарға жақын жерлерде қысқа дейін созылады.
Қорық жануарлар әлеміне бай. Омыртқасыз жануарлардың түр саны белгісіз, бірақ алуан түрлі әрі көп екені сөзсіз: қазіргі уақытқа дейін 8 кластың 2000-дай түрі анықталды. Қорыққа кірген кезде ең алғаш көзге түсетіндер ашық түсті күндізгі көбелектер, олар ең ірі желкенділерден ұсақ көгілдір көбелектерге дейін, мұнда олардың 135 түрінен кем кездеспейді. Бірен – саран кейбір басқа насеком топтары анықталған. Қоңыздар отрядынан барылдауық қоңыздың 252 түрі, жапырақ жегіштердің 102 түрі, жарғаққанаттылардан: жабайы бал араларының 110 түрі және құмырсқаның 33 түрі, қазғыш аралардың 97 түрі анықталған. Қорық территориясында насекомның 6 мыңнан астам түрі кездеседі.
Осы көптүрліліктің Қазақстан Қызыл кітабына тек 12 түрі ғана енгізілген. Бұлар – әмірші инелік, әдемі қыз инелік, көрнекті шөқпарқарынды инелік, дала шегірткесі, Якобсонның филлоргериусы, Семенов барылдауық қоңызы, қоснүктелі қанқызы, нүктелі қанқызы, үлкен тамыр жегіш қоңыз, Бедромиус көбелегі, Патриций көбелегі, Ершов сары көбелегі, Татьяна көгілдір көбелегі.
Басқа омыртқасыздардан қызылкітаптық түрлерге 4 бауыраяқты құрлық моллюскалары жатады.
Омыртқалылар фаунасына 225 түр жатады, олардың ішінде: 3 балық түрі, 2 – қосмекенді, 6 – бауырымен жорғалаушы, 172 – құс, 42 – сүтқоректі жануарлар.
Қорық шекарасында Шелек өзенінде үш балық: Штраух талма балығы, қабыршақсыз және қабыршақты көкбас балықтар мекендейді. Барлық жерінде жасыл құрбақа, ал қорғалатын аймақта (Талғар және Есік су алабы) көлбақа кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кәдімгі кесірткелер-алай жалаңкөзі мен улы жылан – қалқантұмсық жылан, олар альпі белдеуіне дейін кездеседі. Өрнекті қарашұбар жылан аласа және орта тау аймақтарында тіршілік етеді. Осында, бірақ оңтүстік баурайында, анда-санда дала сұржыланын, ал тоқтау су қоймаларынан сарыбас және су жыландарын көруге болады.
Қорық территориясында құстардың таралуы ұялаудың экологиялық жағдайларына тығыз байланысты. Тасқынды өзендер мен бұлақтар маңында көкқұс, қоңыр және кәдімгі сушылқара, ал ұсақ жұмыр тасты жазық жерлерде шалшықшылар (орақтұмсық пен мамырқұс), үлкен домалақ тастар мен суға тырбиып өскен ағаш бұтағы астында және тік жар қуыстарында қарамойын және көксала торғайлар, ал сарыбас қаратамақ торғайлар балғындар мен түйеқұйрық қараған өскен батпақты жерлерде ұялайды. Бөдене, шәкілдек тартар және шырылдақ торғай ұялары орманды белдеудегі биік шөптесінді шалғындардан табылды. Қарабас шақшақ далаланған оңтүстік баурайларды ұнатады. Тастары шығып тұратын және арша бұталары бар жоғарғы белдеулершалғындарын тау жадырағы, қаратұмсық содырғы және аршашыл құнақ мекендейді. Кәдімгі шақшақай өз ұяларын суыр тобына жақын альпі шалғындарына және едәуір жиі суырдың тастап кеткен індеріне салады.
Бұталары тоғайлар құстарына сұр сандуғаш, кәдімгі құралай, қызылбел отқұйрық торғай, әсем шымшық және басқалар жатады. Жапырақты орманда дыркептер, маубас жапалақ, шұбар тоқылдақ, қара маңдай тағанақ ұялайды. Үлкен түркептер, көкек, құлақты жапалақ, қара сайрауық, үлкен көкшымшық, сауысқан жапырақты және қылқан жапырақты ормандарды мекендейді. Шыршалы ормандарды қаршыға, қырғи, сонымен қатар жамансары, тұрымтай, орман байғызы, қаршыға рең жапалақ, қалақай торғайы, бурылбас отқұйрық, шөже, қара шымшық, шиқылдақ, самырсын құс, шырша қайшыауызы ұнатады. Шыршалы белдеу жартастарында сақалтай, сұңқар, қара ұзынқанат, қарлығаштар, көкала сайрауық пен қарғалар ұялайды. Альпі белдеуі жартастарында ақбас құмай, құмай, құз және көк кептерлер, қызылтұмсық шәуқарға мен альпі ұзағы мекендейді. Нивальды белдеудің жартастар мен ірі тасты шөгінділерінде жарқұс, сұржон содырғы және қызылбауыр отқұйрық ұялайды. Қорықтың он құсы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген. Олардың алтауы (бүркіт, сақалтай, құмай, бидайық, орақтұмсық, көкқұс) осында ұялайды, үшеуі (қара дегелек, бақалтақ қыран, үкі) жазда анда-санда кездеседі, ал лашын қыста ұшып келеді.
