Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эталондық бөліктер дұрыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.32 Mб
Скачать

Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Орналасан жері

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы

Көлемі

131 934 га

Құрылған

1926 жылдың шілденің 14

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Ақсу-Жабағылы - Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі қорық. Қорық 1926 жылы құрылған. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А.Л.Бродский болатын, ол 1920 жылы бірінші рет Жабағылы және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары – Д.Н.Кашкаров, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, М.Г.Попов, Н.А.Димо зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық ретінде бағалы екендігін растады. 1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу-Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама №25) қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді.

Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна (1867-1938) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу-Жабағылы қалыптасуының ең қиын алғашқы онжылдығында басқарды. Осы кезде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізілді, қызметкерлер саны мен қорық территориясы көлемі алғашқы 30 мың га 1937 жылы 69 825 гектарға ұлғайды. Келесі 50 жыл аралығында оның көлемі мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер болды. Тек соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы жағын және Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу-Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қарғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында орналасқан.

Қорықтың негізгі өзендері-Жабағылы, Ақсу, Балдарбек, Бала-Балдарбек, олар батысқа қарай ағады. Оларға су қар, мұз және бұлақтардан келеді. Өзен аңғарларының көпшілігі таудан шығар жерінде арна түрінде болады. Әсіресе Ақсу өзені арнасы ерекше көрінеді, оның тереңдігі 400 метр, 20 км-ден артыққа созылады. Ақсу-Жабағылының бірегей табиғи нысаналары мен көптеген көркем ландшафтары есте қаларлықтай. Бұл – Көкүйірім мен Жасыл керемет сұлу тау көлдері, Ақсу-Жабағылы, Шүнгүлдік және Бұғылытөр жарқыраған құлама мұздары, Балдарбек өзені аңғарындағы жіңішке құзды қақпалар Дарбаза, Майдантал өзенінің сәулетті аңғарлары. Маржан сайындағы сұр жартастардың жұмбақ сілемдері дерлік түгел 250 миллион жыл бұрын

палеозой дәуірінде осы территорияны алып жатқан үлкен теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың (маржандар, губкалар, моллюскалар) тасқа айналған қалдықтарынан тұрады.

Бұл жерде біздің ата-бабаларымыз да өз іздерін қалдырды. Қара шөгінді тау мен жарқыраған ромб тәрізді қар мұздығынан тұратын, үлкен амфитеатрмен қоршалған, әсем де қатаң жерде Қасқабұлақ сайы шұңқырында атақты тас галереясы бар. Қара темірлімарганецті қабықпен қапталған жалпақ тастар бетінде үшкір қару ұшымен салынған ежелгі адамдар суреттері жақсы көрінеді.

Тау көлі

Көбіне жабайы аңдар-ешкі, арқар, марал суреттері кездеседі. Жиі салт адамның атта немесе түйеде отырғаны, садағы мен найзасы бар аңшы, күресу, билеу, әр түрлі салт жораларын жасау және тіпті дарға асу көріністері көрсетіледі. Осы суреттердің жасы жайлы әлі күнге дейін бір пікірге келмей жатыр. Зерттеушілердің көбі оларды сақ кезеңіне, яғни біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырға жатқызады. Басқалары Қасқабұлақтағы «сурет галереясы» тас дәуірінен бастап, біздің дәуіріміздің орта ғасырларына дейінгі көптеген ұрпақтардың қолымен жасалған деп есептейді.

Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын-шашынның (таудың орта белдеуінде 950мм) 30%-ы қыста, 40%-ы күзде және небары 10%-ы жазда түседі. Ауаның жылдық орташа температурасы +5,6°С, ең суық айда (қаңтарда) – орташа - 5,4°С, ең ыстық айда (шілдеде) +17,2°С. Құрғақшылық кезеңнің орташа ұзақтығы -70 күн, аязсыз-142 күн, қар жабыны бар кезең-160 күн.

Топырақ, өсімдік және жануарлар әлемінің бөлінуі, барлық таулардағы сияқты тік белдеулік заңына сәйкес. Қорық территориясы 5 тік белдеу ішінде орналасқан. Ең жоғарғы нивальды белдеуде (теңіз деңгейінен 3600-3800 м биіктікте) топырақ және өсімдік жабыны жоқтың қасы. Дегенмен қар мен мұздың үлкен қоры осы аймақтың өзен ағыстарын реттеуде маңызды орын алады. Биік таулы альпі белдеуі (2800-3000м) таулы альпінің әр түрлі топырақтарында көбіне аласа бойлы сирек шөптесінді өсімдіктер өсуімен ерекшеленеді. Мұнда шағын жерлерді төселіп өсетін аршалар алып жатады. Қосымша ылғалданатын жерлер және сайларда әдемі альпі көгалдары бар. Биік таулы субальпі белдеуі (2200-2800м) өсімдік жабынының тығыз болуымен сипатталады. Төселіп өсетін арша шоғырлары қалың тоғайлар түзеді және баурай бетінің шамамен 30%-ын жабады. Аршалар астындағы топырақ қара түсті, басқа түрлі топырақтарда шалғынды-далалы немесе таулы-далалы субальпі өсімдіктер өседі.

Орта тау белдеуінде (1500-2200м) құрғақ сайларда шалғындар өседі және биік діңді аршаның екі түрі (зеравшан және сауыр)осында орман түзуде маңызды орын алады. Сонымен қатар бұталы, кейде аршалы сиреу ормандары ірі шөптесінді далалар бар. Бұл белдеуде тау қоңыр топырағы басым. Аласа тау белдеуі (1500 м төмен) солтүстік-шығыс бөлігінен басқа, қорық территориясының басым көпшілігін алып жатыр, кей жерлерде бұталар араласқан далалар бар. Бұл белдеу топырағы сұр-қоңыр, беткі жағында қарашірік аз болуымен ерекшеленеді.

Қазақстан қорықтар арасында Ақсу-Жабағылы өсімдіктерінің бай және алуантүрлілігімен көзге түседі. Басқа қорықтарда 5-7 типті өсімдіктер болса, мұнда 12 типті өсімдікке жататын 60 өсімдік фармациясы бар. Тек батыс Тянь-Шань үшін ең ерекше өзіне тән жартылай далалар немесе далалар болып табылады. Қорық пен оның айналасында осы типтің үш түрі кездеседі. Аласа шөптесінді далада көпжылдық қысқа мерзімдік (эфемероидтар) жуашықты қоңырбас, толық қияқөлең басым және біржылдық өсімдіктер (эфемерлер) қорық шекарасындағы тау етегін жауып тұрады. Аласа тау белдеуі үшін ірі шөптесінді далада ош бидайығы мен жаман арпа басым болу тән. Көбіне «умбелляр» деп аталатын үшінші түрде шатыргүлділер тұқымдасының (жіңішке сасыр және малазық прангос) ірі шөптесінді өкілдері басым. Ол аласа таудан орта тауға дейін, тіпті субальпі белдеуінің төменгі жағында жекелеген жерлерде едәуір кең таралған.

Тек Батыс Тянь-Шаньға тән өсімдіктің басқа түрі-аршалы ормандар. Ол осы аймақтың қайталанбас кескінін құрайды, баурайларды бекітіп, оларды эрозиядан қорғайды, ылғалдылықты жинайды, өзен ағыстарын реттейді, қар көшкіндері мен су тасқындарынан қорғайды. Фитонцидтер мен эфир майлары ауаны тазартып сауықтырады. Бір гектар аршалы орман осындай заттардың 30 кг бөліп шығарады, сөйтіп, микробқа қарсы тұрақты аймақ түзеді. Батыс Тянь-Шаньның негізгі ағашы болғандықтан, адамдар оны ертеден пайдаланып келеді. Соңғы жүзжылдықта аршалы орман көлемі едәуір қысқарды, сондықтан ол ерекше қорғалу тәртібіндегі бірінші дәрежелі орман қатарына жатады, ал зеравшан аршасы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

Сонымен қатар Ақсу-Жабағылыда басқа да бірегей өсімдік бірлестіктері қорғалады. Бұл Сиверс алма ағашынан және кавказ таудағанынан тұратын тоғай, эхидна эспарцеті басым бірлестіктер, эндемиктер мен қалдық түрлердің-алкор мен піскем жуасы-ну шөптесіндері орта таудың көлемді шөгінділерінде өседі.

Қорық флораға бай. Қорғалатын түрлер саны келесідей: саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, балдырлар 60 -70 түрден, жоғары өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Қорғалатын түрлер саны келесідей: саңырауқұлақтар 250 түрден жоғары, мүктер, қыналар, балдырлар 60 — 70 түрден, жоғары өсімдіктер 1300 түрден жоғары. Флораның бірегейлігі мен өзгешелігі жоғары өсімдіктерден жақсы көрінеді. Бұл топта 200 сирек түр белгілі, сонымен қатар: Батыс Тянь-Шань мен Қаратау эндемигі-177; қалдық түр-30-дай; қызылкітаптық-39 түр. Тек Ақсу-Жабағылы қорығында сирек кездесетін тамаша ассүттіген, ангрен, ұғамиясы, Минквиц примуласы, талас кекіресі, Масальский қандыгүлі, Коопман өгейбұтасы, талас қайыңы және т.б. қорғалады. Көптеген пайдалы өсімдіктер ішінен ең маңыздылары мәден түрлер туыстары болып табылады, олардың түрі қорықта 80-нен асады. Грейг және Кауфман қызғалдақтары ерекше танымал болып отыр. Олар әлемге белгілі бірнеше жүздеген мәдени қызғалдақтардың шығу тектері болып табылады.