- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасындағы қорықтар
- •Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары
- •Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Грейг қызғалдағы
- •Кауфман қызғалдағы
- •Тянь-шань қоңыр аюы
- •Безгелдек
- •Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сасықкөлдің төбесінен түсірілген көрінісі
- •Ақ тырна
- •Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сақалтай Көкқұс
- •Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы
- •Батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығы
- •Алтай таутобылғысы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған.
- •Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қорғалжың көліне ғарыштан қарағандағы көрінісі
- •Шренк қызғалдағы
- •Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Күршім жотасының шығыс жағы
- •Алтай бәрпісі
- •Сібір хариусы
- •Сұр тырна
- •Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сарғылт кұндызшөп
- •Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
- •Барылдауық қоңыз
- •Қазақстан мемлекеттік ұлттық бақтары
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жасыбай өзені
- •Ақбет тауы
- •Іле алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Алматы көлі
- •Сиверс алмасы
- •Үнді жайрасы
- •Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жоңғар аспарасы
- •Тарантула
- •Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Зеренді көлі
- •Орман желайдары
- •Орман сусары
- •Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Шайтан көл
- •Қарқаралы сылдыршөбі
- •Қара дегелек
- •Дала сколиясы
- •Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Чебачье көлі
- •Сұр тырна
- •Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Рахман көлі
- •Мүкжидек
- •Шарын мемлекеттік ұлттық бағы
- •Замков аңғары
- •Іле сасыры
- •Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық бағы
- •Альберт құртқашашы Колпаковский иридодиктиумы
- •Мензбир суыры
- •Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы
- •Тапу өзендері
- •Жоңғар алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жаушымылдық
- •Сұңқылдақ аққу
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи резерваттары
- •«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ырғыз-торғай» мемлекеттік табиғи резерваты
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдары
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдар тізімі Зоологиялық қаумалдар
- •Ботаникалық қаумалдар
- •Кешенді қаумалдар
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштері
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштер тізімі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
-
Орналасқан жері
Қазақстан, Маңғыстау облысы
Көлемі
223 342 га
Құрылған
1984 жылдың шілденің 12
Уәкілетті орган
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 1984 жылы 12 шілдеде Қазақ СРО Министрлер Кеңесі қаулысымен заңды түрде ұйымдастырылды, ол Маңғыстау облысының оңтүстігінде Ералы ауданында орналасқан. Оның көлемі 223300 га. Бұл керемет жерге бару үшін, қорғалатын жерден 150 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңа-Өзен қаласындағы қорық басқармасынан рұқсат алу керек.
Мұның бәрі қабырғамен қоршалған, белгісіз сәулетші бор, ізбесті, сазды және құмды түзілістерден салғандай. Жел және су әсерлерінен таңғалдыратын қорғандар, жер үстінде болмайтын ескерткіштер: бағаналар, ғажап ертегі үңгірлері, бейне ауада ілініп тұрғандай үлкен шарлар пайда болған. Табиғат өз шығармаларын ең ғажайып қияли реңдер ақ, қызғылт, сары, көгілдір және басқа түстермен бояуда сараңдық көрсетпеген.
Арал – Каспий су айрығының табиғи келбеті қайталанбас ерекше, онда кең көлемді қиыршық тас-тасты шоқы Үстірт орналасқан. Қорық жерінде үстірт 1-3 шақырым жіңішке жолақ, ал солтүстігінде ені 5-10 шақырым болып орналасқан. Қорықтың негізгі орталығы-Кендірлісор соры, оның көлемі 50 мың га. Оған жалғасып жатқан төбелі-адырлы Қарынжарық құмымен бірге, сор бір атты Қарынжарық ойпатын түзеді. Сазды тасты-қиыршық тасты жазықтықтан үстірт ойпатқа бірден төмен түседі. Адырлы әрі шексіз болып көрінетін жер бедерінен кенеттен орасан зор тік жар пайда болады. Егер сіз күн батар алдында ойпатта болсаңыз, онда сіздің көз алдыңызда таңғажайып көрініс ашылады. Мүлде аппақ Кендірлісор сорының беткі қабатына қарасаң, көзіңді аша алмайсың және күн сәулесіне жарқырап жатыр, ал онда пайда болғаны белгісіз үлкен қара қорған сияқты Қарамай тауы орналасқан.
Үстірттің батыс бөлігі жіңішке ұзын (70 шақырымдай) таспа болып бүкіл қорық арқылы созылып жатыр, ал оның шекарасынан тыс батыс бағытына тағы 80 шақырымға созылады. Үстірт сатысының жалпы биіктігі 200-250 метр. Әдетте жарларының тік болғаны сонша, одан адамның түсуі мүмкін емес. Дәл осы жерде, үстірттің батыс жағында қорық орналасқан. Оның территориясында үстіртке тән бедер түрінің бәрі, яғни жон, ағынсыз шұңқырлар, төбелі-адырлы құмдар кездеседі.
Аймақтың ауа райы жағдайы өте қатаң. Атақты ғалым Эдуард Эверсманн бұл өлкені «Қатаң жер» деп сипаттады, ол дерлік екі ғасыр бұрын жұмбақ Үстіртке алғаш ғылыми сипаттама берді.
Шын мәнінде ауа райы қатаң континентальды, ішуге жарамды тұщы су дерлік жоқтың қасы, адамның бұл аймақта ұзақ уақыт болуы мүмкін емес. Мұнда жазы өте құрғақ және ыстық, жекелеген жылдарда температура +40°С-қа (тіпті +60°С ) жетеді. Қыс айларында температура жиі -41°С –қа төмендейді. Осы кезеңде қатты жел мен қарлы боран жиі болады. Дегенмен кей жылдары қыс қарсыз өтеді. Көктайғақ пен жұт едәуір жиі. Жауын – шашын аз, олардың жылдық орташа мөлшері 120 мм-ге зорға жетеді.
Тұрақты су көзі мен көлдер жоқ болғандықтан, олардың орнын бұлақтар мен құдықтар толтырады. Олардың бәрі жазғы уақытта жер асты суларын пайдаланады. Бұлақтар Қарамай, Қаражар, Сарыбұлақ, елшібек және Ұнереде бар. Кендірлісорға солтүстік жағынан Қаражар тұзды бұлағы құяды. Жабайы жануарлар суаты үшін осы су жеткілікті. Қорық шекарасында Көгісем құдығы орналасқан. Оның суы ішуге және тамақ жасауға жарамды, тұщы.
Үстірт жері қазіргі ботаника-географиялық аудандастыру бойынша Сахара-Гоби шөлі облысының Солтүстік тұран провинциясы құрамына кіреді. Қорық нағыз немесе орта шөл аймағының Үстірт және Маңғыстау өңірінің түйіскен жерінде орналасқан.
Үстірт жонының көп бөлігі кең байтақ Тұран ойпатының солтүстік аймақ тармағындағы жусанды-сораң шөлінен оңтүстік-аймақ тармағындағы эфемерлі-жусанды шөлге ауысуы байқалады.
Мұнда сораң өсімдіктері басым. Үстірттің орталық бөлігіндегі өсімдіктер тобының негізін баялыш, бұйырғын және боз жусан құрайды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта
жусанды және баялышты бірлестіктерді бұырғындықтар ауыстырады. Оңтүстік бағыттағы жусанды-итсигекті шөлдерге біртіндеп баялыш пен бұйырғын топтары, ал төменірек жерлерде қау мен қараған, ақтікен бұталары көптеп араласады. Далаланған аңғарлар, тақырлар мен тау жұрнағы өсімдіктері едәуір алуан түрлі. Олардың құрамында астық тұқымдастар әдеттегідей, оның ішінде қаулар, сонымен қатар дала бұталары бар. Тақырлар немесе өсімдігі жоқ жерлер, кейде сирек біржылдық өсімдіктері бар шұбар дақтар кездеседі. Қорық жерінде Үстіртке тән ландшафт пен өсімдік түрлерінің дерлік барлық алуантүрлілігі кездеседі. Мұнда жонның сазды-тасты жерлерінде бұйырғын ақ жусанмен (төменгі жерлерде), сонымен қатар түйесіңір мен бұталы шырмауық араласып өскен. Тақырлы сортаңдарда бұырғынға мортық пен Гмелин кермегі араласқан. Үстірт алдындағы ізбестің жалаңаштанған жерінде түйесіңір мен шырмауықтан басқа, қараған мен итсигек, ал жусанды-сораңды жабында біржылдық астық тұқымдастар-шығыс мортығы мен арпаған өседі.
Ылғалдылығы жоғары сазды жерлерде ылғал сүйгіш шалғын астық тұқымдастарынан ажырық, қазоты, қамыс өседі. Кей жерлерде жантақ пен кендір, қара сексеуіл ағашының нағыз тоғайлары көзге түседі, көбіне жиде, жыңғыл аласа бұталар түрінде, лианамен шырмалған түйешырмауық пен жібілген көп кездеседі.
Үстірт өсімдіктері алуан түрлі, оның етегінен басына қарай ауысып отырады, ал өсімдік құрамы жон жынысына байланысты. Үстірттің батыс бөлігіндегі жыраларда жыңғыл мен астық тұқымдастар, қамыс, алабота қатысқан мезофильді сәйкес өсімдіктер кездеседі.
Бұлақтар маңында жиі қамыс қопасы өседі, олар адам бойынан едәуір ұзын болады.
Адырының биіктігі 20-40 метр, Қарынжарық шұңқырының ірі адырлы құмдарында жүзгін мен қоянсүйек араласқан ақ сексеуіл тоғайлары кездеседі. Адыр баурайларында таспашөп, қау, еркек, жусан, жантақ т.б. өседі. Адырлар арасындағы сайларда қара сексеуіл жиі кездеседі.
Қорық ауданы флорасында 43 тұқымдас 163 туыстың өзекті өсімдіктерінің 250 түрі бар. Үстірт флорасының негізгі ядросы алабұта тұқымдасы өкілдері, бұл Тұран үшін тән. Тұқымдастың едәуір ірі туыстары-сораң, итсигек, балықкөз, бұлар шөл жиынтығының бір бөлігі және жалпы флораның қалыптасуына кәдімгідей әсер етеді. Басқа ірі тұқымдастар – Айқышгүлділер, Күрделігүлділер, Астық тұқымдастар, Айлаулықтар және Бұршақ тұқымдастар болып табылады. Нағыз үстірт флорасынан оның адырлы флорасының айырмашылығы бар. Мұнда алуантүрлілігі жағынан ең алдында айқышгүлділер, күрделігүлділер және алабұталар тұқымдастары (30 түрден), одан кейін бұршақ тұқымдастар (20 түр), астық тұқымдастар, айлаулықтар (18 түрден) тұр. Сонымен, Үстірттің төтенше қиын жағдайлары бар флораның жүйелік құрылымына өз ізін қалдырған.
Итсигек Балықкөз
Қатаң ауа райы жағдайына қарамай, қорық жануарлар әлемі бай және алуан түрлі. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша, мұнда сүтқоректілердің 50 –ден астам түрі тіршілік етеді, оның ішінде сирек кездесетін қызылкітаптық түрлер-итаю, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал кездеседі. Олардың ішінде жекелеген түрлері құрып кету қаупінде, ал қабылан, қазақстан және түркімен құлан түршелері жарты ғасырдан бері Қазақстанның жабайы табиғатында кездеспейді.
А.А.Слудскийдің ойынша, жайра ХІХ ғасырдың соңында құрып кеткен. Қазақстан Қызыл кітабына қара кірпі, ала жертесер, шұбар күзен және қорықта анда-санда кездесетін қарақұйрық, сонымен қатар саны үнемі азайып бара жатқан үстірт жабайы қойы енгізілген. Сонымен 1963-1965 жылдары Үстірттің батыс бөлігінде Көгісем құдығынан Шөжік құдығына дейін, көлемі 250-300 шаршы шақырым жерде 1300-1500 жабайы қой кездесетін. 20 жылдан кейін, 1984 жылдың желтоқсанында О.В.Белялов Көгісем құдығы маңынан машина жолымен 10 шақырым жерден 70 жабайы қойды кездестірді. 5 жылан кейін, 1993 жылың күзінде К.Н.Плахов көп күндік автокөлік жолымен үстіртті бойлай: Кендірлі сайы, Көгісем құдығы, Шөжік құдығы маңдарынан 121 қойды санады, оның ішінде: 57 аталық, 45 аналық, 8 төлі болды. Сирек кездесетін сүтқоректілер беті жабысқақ соран басқа, дерлік барлық биотоптарда кездеседі. Ала жертесер құмды топырақтарда, шұбар күзен кеміргіштердің шоғырланған жерлерінде, қара кірпі жиі тастап кеткен үйлер, қашарлар, мүрелерді қоныстайды.
Көптеген түрлер үстірттен шұңқырға түсетін жерлере, яғни бұлақтар, құықтар, тіпті болмаса уақытша су көздері бар жерлер Қарамай тауы мен тік жарлара тіршілік етеді.
Қорықта қызылкітаптық түрлерден басқа, құмтышқандар (үлкен, сәске, қызылқұйрық, жыңғыл), соқыртышқан, қосаяқтар (кіші, Северцов, секіргіш, үлкен, тақылдағыш), саршұнақтар (кіші, зорман), ақбөкен, құм қояны және басқалар әдеттегі түрлер болып саналады. Аталып өткен сүтқоректілердің басым көпшілігі шөл таралу аймағынан, тек екі түрі (жабайы қой мен күзен) далалы аймақтан. Қорыққа белсенді жыртқыштар да-қасқыр, түлкі, қарсақ, шүйебөрі кіреді.
Егер қорыққа жылдың әр мезгілінде барсаңыз, онда 200-дей құс түрін кездестіресіз, бірақ не бары 52 құс түрі ғана ұялайды. Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кезесетін және құрып кету қаупі бар түрлер ерекше назар аудартады.
Негізінен бұлар жыртшықтар: дала қыраны, қарақұс, жұртшы, ителгі, үкі. Олар үстірт сатыларынан, шатқал тік жарларынан және Қарамай тауынан ұялайтын ыңғайлы орындар тапқан.
Қарақұс
Осы дәреженің үш түрі-дуадақ, қарабауыр бұлдырық пен қылқұйрық бұлдырық ашық жерлерді ұнатады. Дуадақ немесе жекдуадақ-кәдімгі шөл мекенеушісі, сазды-тасты жазықтыққа ауысатын әлсіз адырлы жерлерді таңдап, Қаражарық құмының шеткі жағына тіршілік етеді. Үстіртте дуадақ саны өте аз, оның санын көбейту үшін міндетті түре қорық жерін кеңейту керек. Қарабауыр бұлдырық пен қылқұйрық бұлдырық әдетте үстірттегі суатқа жалғыздан ұшып келіп, көбіне қаскерлердің олжасына айналады.
Ителгі
Қорықтағы ең саны көп-бозторғайлар. Әсіресе сұр және кіші түрі саны жағынан қалған барлық құстан асып түседі. Қасқа, шөл және биші шақшақайлар да әдеттегі құстар болып табылады. Күндіз жиі балықшы құсты, ал кешке насекомдарды ұстап жүрген тентекқұсты көруге болады. Үстіртте жиі кекілік пен көк кептерді, сирек құзғын мен құмайды кездестіруге болады. Қарынжарық құм сілемін негізінен бұта түрлері: сұр тағанақ, сарғалақ торғай, міңгірлек құс және т.б. мекендейді.
Көктемгі және күзгі қоныс аудару кезінде құс фаунасы ең көп алуантүрлікте болады, ұялайтын түрлерне 170 –тей құс түрі келіп қосылады. Қорықта не бары 7 түр ғана қыстайды.
Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 27 түрі, оның ішінде кесірткенің 17 түрі мекендейді. Үстіртте, шатқалды баурайлардағы жыраларда және Қарынжарық құмында жармасқылар әдетте түр. Жалтырауық және тарақсаусақты жармасқылар құмда, шиқылдақ, сидасаусақ, сұр жармасқылар үстіртте, тасты баурайлар жырасында және Қарамай тауында тіршілік етеді. Кесірттер (шапшаң, орташа, түрлі түсті) үстірттің қатты топырақты жерлерін ұнатады. Дала ешкіемері құмда және қиыршық тасты-тасты жазықтықтарда мекендейді. Ешкіемер тұқымдасының басқа өкілдері арасынан батбаттың 4 түрі бар. Қазақстандағы батбаттар ішіндегі ең ірісі-құлақты батбат, сонымен қатар дене мөлшері орташа құм батбаты құм арасында, ал тақыр және торлы батбаттар үстірттің шағыл тасты-сазды жерлерінде тіршілік етеді.
Жыландардан үстірт пен қорықтың құмды сайларынан түрлі түсті қарашұбар, оқжылан, қалқантұмсық жыланды кездестіруге болады. Құм айдаһаршасы денесінің ерекше бояуымен таңғалдырады. Өте жақыннан көре тұрып, басы қайда, құйрығы қайда екенін анықтау қиын, себебі денесі жуандығы және бояуы жағынан бірдей. Бұлақтар мен құдықтар қасында су жыланы кездеседі.
Төрт жолақты қарашұбар жылан Арал-Каспий су айрығы және Солтүстік Арал маңы эндемигі, Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, әдетте негізгі қорегі болып табылатын құмтышқандар тобы маңында тіршілік етеді. Бұл жылан күндіз де, ымыртта да белсенді. Оған тән ерекшелік-ұрпағына қамқорлық жасау, яғни оларды жауынан қорғайды.
Тасбақа қорықтың дерлік барлық жерінде, едәуір ылғалды жерлерде қосмекенділердің жалғыз түрі (жасыл құрбақа), бұлақта балықтың бір түрі кездеседі.
Омыртқасыздар фаунасы, оның ішінде насекомдар тіпті зерттелмеген. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерді атап өту маңызды: қысқақанатты боливария дәуіті, дала шегірткесі, қоңырқанатты шегіртке, дала сколиясы, алып жыртқыш шыбын, бөгеті атрафаксиола, керемет стефаниола, азия стефаниоласы, алау түсті микрозегрис.
Басқа насекомдар арасынан ең көп алуантүрлілігімен қаттықанаттылар немесе қоңыздар отряды ерекшеленеді, әсіресе бізтұмсықтар, жапырақ жегіштер, барылдауық қоңыздар, қысқақанатты қоңыздар немесе стафилиндер. Басқа отряд өкілдері де көп, олар тікқанаттылар, жарғаққанаттылар, қосқанаттылар, көбелектер және т.б. құмырсқалар барлық жерде кездеседі.
Қорықта «ақ құмырсқалар» деп аталатын термиттер әдеттегідей, олар Қазақстанда Үстірт пен Маңғыстаудан басқа жерде кездеспейді. Термиттер –қоғамдық насекомдар. Олар өздеріне баспана-термитниктер салады, оның көп бөлігі жер астына жасырынып салынған. Жер үсті бөлігі биіктігі жарты метр күмбез сияқты. Ақ құмырсқа жанұясы жекелеген топтардан тұрады: жыныстық даралар (патша аналық және жынысты жетілген аталықтар), әскерлер және жұмысшылар. Тек жұмысшылар ғана табиғаттағы құрғақ өсімдік қалдықтарымен өздіктерінше қоректенеді. Термиттер адам үйлерінде құрылыстың ағаш бөлігін бүлдіреді. Егер үйде адам тұрмай, екі-үш жыл бос болса, онда үйдің барлық ағаш бөліктері (еден, терезе, есік, т.б.) түгелдей жоқ болады. Қойшыларың жаздық және қыстық үйлерін термиттер жиі өз топтары үшін дайын баспана ретінде пайдаланады, мұнда күмбез салмайды. Сондықтан мүмкін, термиттер Қызыл кітапқа енбеген.
