Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эталондық бөліктер дұрыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.32 Mб
Скачать

Қорғалжың көліне ғарыштан қарағандағы көрінісі

Қорық флорасында жоғары өсімдіктердің 350 түрі кездеседі, ал шөптесін өсімдіктер өте аз. Мұнда бұталардың 15 түрі ғана бар, олар негізінен өзен жайылмасындағы тоғайларда кездеседі. Олар – бұталы талдар, итмұрындар, үшқаттар. Далада тобылғы мен қараған кездеседі, ал көл жағалауларында, көбіне ескі үй мен ертедегі мүрде орындарында белгі соққандай Шобер ақтікені өседі. Бұл тікенекті шартәрізді бұтаның ұсақ қатты жапырақтары мен жұмыр қара кішкене жемістері болады. Жемістерінің дәмі тәтті, тұзды, оны құстар ғана емес, аңдар да ықыласпен жейді. Мысалы, босық.

Дала негізінен шөппен жабылған, олар аздаған ылғал қорымен өседі. Бұлар – қау, бетеге, бұйырған, сасыр, жусан. Бұлардың бәрі құрғақ ауа райы тіршілігіне жақсы бейімделген, жіңішке немесе сырты түкпен жабылған жапырақтары ылғалды өте аз мөлшерде буландырады, ал топырақ тереңдігінде ұзақ кідіретін, жақсы жетілген тамырлары суға дейін жетеді. Қазақстан далаларын желден иілген боз қаусыз елестету мүмкін емес, ал жусан иісі (ертедегі аңыз бойынша) осы жер халқына өте жақын, өйткені қазақ халқы жауынгерлерін берекелі нұр жауған өлкелерден қайтып келуге мәжбүр еткен осы жусан иісі. Барлық құрғақ және суық уақыттағы тіршілігінің есесін қайтаруға асыққандай, дала көктемде керемет гүлденеді. Шренк қызғалдағы гүлдейді, оның бояуын сипаттау оңайға түспейді.

Ол таза ақ түстен, қызыл мен сары түстің барлық кезеңдері арқылы өтіп, қою қошқыл түске дейін өзгереді. Мұнда көгілдір және көк құртқашаш, сары сарғалдақтар мен күлгін ұйқы шөп гүлдейді. Дегенмен бұл бояу құлпыруы ұзаққа созылмайды, жер құрға, ауадан құрғақ ыстық леп ұрып, эфемероидтар келесі көктемге дейін тыныштық күйге енеді.

Көлдер мен сорды жағалай, негізінен, тұзды топыраққа бейімделген түрлі сораң шөптер, кермектер, ақсоралар өседі. Олардың ішінде ерекше болып бұзаубас сораң тұр. Бұл шырынды бұтақтары мен сабақтары бар біржылдық өсімдік кейде тікелей тұзды ерітіндіде өсіп тұрады. Әдеттегі жасыл және сорғыш түсі жаз соңында ашық қызыл түске ауысады, ал көл тұтас қызыл түспен жиектелген болады. Кей жерлерде жас бұзаубас сораңды әр түрлі салат ретінде тамаққа пайдаланады.

Құрғақ та ыстық жазға тәуелсіз өсімдіктер бар. Олар – су және су маңы өсімдіктері. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары – қамыс пен қоға. Биіктігі 6 метрге дейінгі «шөп» қопалары үлкен кеңістікті жауып тұрады, иірім арналар мен қоршаған ортадан қорғалатын судың біркелкі терең бөліктерін түзеді. Олар суда тұрып, жылдың жылы мезгілінің бәрінде жасыл күйінде болады. Осы қопа арасынан көптеген құстар мен аңдар өздеріне баспана табады. Қамыс оларды тек қорғап қана қоймайды, оларға қорек те болады.

Шренк қызғалдағы

Олардың жас сабақтары мен шырынды тамырсабақтарын доңыздар, басқа да қамыс жұмағы мекендеушілері сүйсініп жейді. Суда әр түрлі макрофиттер: шылаңдар, балдыршөптер, дүңгіршек және басқалар дамиды. Су бетінде, әсіресе өзен арналарында, әдемі ақтұңғиықтар мен сарытұңғиықтар гүлдейді.

Қорық территориясында қорғауда қажет ететін, сирек кездесетін және эндемиктік өсімдіктердің 45 түрі белгілі. Бұлар қазақ даласының эндемигі қазақстан таспасы, қалдық сарытұңғиық, ақбоз тұңғиық, Шобер ақтікені. Қазақстан Қызыл кітабына Шренк қызғалдағы, жатаған қызғалдақ, ашық және сарғылт құндызшөптер енгізілген.

Қорық жануарлар әлеміне өте бай. Көлдерде зоопланктон (су тереңдігінде тіршілік ететін ұсақ омыртқасыздар) және зообентос (су түбін мекендеушілер) дамиды. Олардың арасында әр түрлі ұсақ шаяндар (артемия, дафния), ызылдауық маса, инеліктер, түрлі қансорғыш насекомдар және т.б. дернәсілдері бар. Олар өздерінен ірі жануарлардың: насекомдар, балықтар, құстардың қорегі. Олардың гүлденуінің негізі болып табылады.

Қорық территориясында қанша насеком тіршілік ететіні әлі белгісіз. Бірақ олар осы жердің ең саны көп және алуан түрлі жануарлары екені даусыз. Тек қоңыздың өзінің 300-ден аса түрі бар. Ал дала мен көл үстінде ызылдауық масалар бұлт болып көтерілгенде, олардың санына ештеңе тең келмейтіні анық. Маусымның екінші жартысында бүкіл даланы сарғыш қанатты, жай сыбдырлаған дыбысты инеліктер қаптайды. Бұл инеліктердің жаппай өсіп шығуы. Осындай кезеңде таңертең ақтікеннің жекелеген бұталары отырған инеліктен, түкті киім кигендей кейіпте болады. Далалы жерлерде обыр шегірткелер мен шекшектер басым, олардың арасында едәуір қызықтары дала шегірткесі, әр түрлі саяқ шегірткелер, айдарлылар және басқа да тікқанаттылар бар. Топырақ бетінде барылдауық, қара денелі, жүйрік қоңыздар жүгіріп жүреді, ал су бетін суаршын қандалалар мен ұсақ жүзгіш қоңыздар меңгерген. Дала үстінде ашық боялған әдемі көбелектер: адмирал, тауыс көзі және басқа да әр түрлі көгілдір көбелектер ұшып жүр. Қорықта Қазақстан Қызыл кітабына енген насекомның төрт түрі (дала сколиясы, әмірші инелік, қысқақанатты боливария дәуіті, дала шегірткесі) белгілі және тағы да төрт түрдің тіршілік етуі мүмкін, бірақ зерттеушілер әлі кездестірмеді.

Қорық су қоймаларында (Ащы тұзды Теңізді қоспағанда) балық көп. Мұнда балықтың он түрі кездеседі, шортан, алтын және бозша мөңке, аққайран, қарабалық, алабұға, торта балық негізгі кәсіптік балықтар болып табылады. Мұнда жерсіндірілген тұқы балық саны өте көп (оның табиғи түрін сазан деп атайды). Балықшылар көксеркені де бағалайды. Қорыққа жақын аймақтағы көлдерде қысқы су асты балық аулау өте көп таралған.

Мұнда қосмекенділердің 4 түрі белгілі. Сүйіртұмсық бақа мен жасыл құрбақа көп. Ал кәдімгі тарбақа (чесночница) сирек кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардың алты түрі бар, олардың арасынан көбіне дала сұржыланы, секіргіш кесіртке, түрлі түсті және шапшаң кесірттер кездеседі. Дегенмен бұл класс өкілдерінің саны аз.

Мұнда ең көзге түсерлік құстар болып табылады, себебі қорық орнитологиялық болып құрылған болатын. Қазіргі кезде құстың 300 түрі белгілі, ал олардың саны мекен ауыстыру кезінде тіпті тәжірибелі маман орнитолог қиялынан асып түседі. Бұған ұялау орны Сібір мен солтүстік тундрадан қыстауға Азия мен Солтүстік Африкаға қоныс аудару жолындағы үлкен суы аз кеңістік орталығындағы осы ірі көлдердің орналасқан жері мүмкіндік туғызады. Қорық бірнеше жол қиылысы сияқты және демалу мен қоректенуге қолайлы болып тұр. Мұнда екі негізгі – су маңы және дала құс тобы байқалады.

Суда жүзетін және су маңы құстары құрамында біздің елеміздегі көпке белгілі қаздар мен үйректер, шағалалар мен қарқылдақтардың көп бөлігі, аз шалшықшалар бар. Құстар көктемде ұялайтын орнына ерте ұшып келеді, ұя салуға және ұрпақ қалдыруға асығады, бірақ олардың кейбір жаз басында оңтүстікке қарай қоныс аударып, көптеген мың болып үйір құрып, түлеуге және семіруге жиналады.

Бұл жерлер сұрқаз, аққулар (сұңқылдақ және сыбырлақ), сонымен қатар сарыалақаз бен отүйректердің жазғы жиналу орны ретінде маңызды. Айдарлы және көк сүңгуірлердің үлкен үйірлерінің саны ондаған мың дараға дейін жетеді. Ал ірі шалшықшылар (үлкен шырғалақ сияқтылар) мыңдаған үйір болып кішілеу таяз көлдерде жиналады. Уақыт өткен сайын көлдегі құс жиналуы да өзгеріп тұрады. Алғашқы суық түсіп, жылу сүйетін үйректердің басым көпшілігі оңтүстікке ұшып кеткенде, көлді «қарашақаздың» үлкен үйірі қаптайды, әдетте аңшылар ақмаңдай қаз, шиқылдақ қаз, қызылжемсау қарашақаздарды осылай атайды. Олардың үйірлері сұрқаз үйірімен араласып, күндіз астығы жиналған ауылшаруашылық егістіктері маңында қоректенеді, ал түнде суға қайта келеді. Кейде өте көп үйір жиналғандықтан, су беті тіпті көрінбей қалады.

Көлдер құстар үшін тек ұшып өту кезінде ғана емес, олардың көбею маусымы кезінде де маңызды рөл атқарады. Ащы тұзды Теңіздің төменгі аралдарында қызғылт қоқиқаздың ең қиыр солтүстік үйірі орналасқан. Бұл ірі құстың (биіктігі бір жарым мертге жетеді) үлкен тұмсығының ортасы сынғандай, дерлік ақ қауырсынды, ал бірақ ұшқан кезде қанаттарындағы қызыл қауырсындары көрініп, алаулап от жанғандай болады. Қоқиқаз – қорық белгісі. Бұйра бірқазандар да сыртқы келбеті жағынан өзгеше, құстардың ежелгі ататегі птеродактилаларға көп ұқсас. Осы сирек құстар Қорғалжыңның қамысты иірімді бөліктерінде ұялайды, балапандарын осы немесе көрші көлден тұмсығының астындағы үлкен терілі қабына салып әкелген балықпен асырайды. Соңғы жылдары саны көбейген суқұзғыны бірқазандармен қатар ұялайды, олар да балықпен қоректенеді. Қамыс жұмағынан ұялау үшін көптеген өзен (маңырауық үйрек, қоспақ үйрек, сұр үйрек) және сүңгуір (көк сүңгуір, қызылбас үйрек) үйректер қоныстанбайды. Осында сирек кездесетін өзгеше үйректің бірі-ақбас үйрек тіршілік етеді. Аталығының күйлеу сәні басындағы аппақ қауырсыны және көгілдір дөңес тұмсығымен ерекшеленеді. Барлық ақбас үйректердің тағы бір ерекше белгісі-тек жоғары бағытталған үшкір құйрығы.

Дала құстар жиынтығы түр саны онша көп болмаса да, құрамы жағынан ерекше. Қазақ даласының эндемиктері деп аталатын құстарды дәл осы жерден кездестіруге болады. Ең алдымен, қара және аққанат бозторғайлар. Көктемде бар далада осылардың әндері шығып, аталықтардың құсойнақтары-қанаттарын баяу қағып, қанаттарының ұшын біресе денесінің астынан, біресе денесінің үстінен түйістіруі үлкен көбелектің ұшуын еске түсіреді. Дала құладыны дала үстіндегі кеңістікте ұшып жүреді, көбіне мал жайылып таптаған, шөбі аласа жерлерден әдемі дала шалшықшысы-тарғақты кездестіруге болады. Сонымен қатар қорық даласында басқа да сирек құстар: ақбас тырна, безгелдек, кейде дуадақ ұялайды. Қорықта Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген не бары 20 құс түрі, ал Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген 37 түр белгілі.

Қорықта аңдардың 42 түрі бар, олардың жартысынан көбі-кеміргіштер. Ең қызықты кеміргіш дала суыры болып есептеледі.

Қоқиқаз

Бұл ірі кеміргіш даланы тұтас алып жатады. Күрделі иірімді індерде топ немесе бірнеше топ болып тіршілік етеді. Інінің шыға берісіндегі төбешіктің үстінде артқы аяқтарымен тұрып, құдды әмірші сияқты алысқа назар салып қараған суырды жиі көруге болады. Оның терісі бағалы және майының емдік қасиеті бар. Мұнда жерсіндірілген ондатр су қоймаларында өзін жақсы сезінеді. Ылғалды жерлерде доңыз әдеттегідей аң. Ал құрғақ далалы жерлер ақбөкеннің ежелден сүйікті жерлері болып саналатын, бұл дала киігі жазда шырынды шөптермен қоректенетін, ал теңіз маңындағы алыс далаларды төлдейтін баспана ретінде пайдаланатын. Бірақ ХХ ғасырдың соңында ақбөкен саны қатты қысқарды, ал қазіргі кезде жекелеген шағын топтары ғана кездеседі. Жыртқыштардың түлкі саны көп, борсық, қасқыр, сасық күзендер әдеттегідей. Дала сайларында аққоян мен орқоянды жиі кездестіруге болады. Қорық территориясына анда-санда елік те кіреді.