- •Мазмұны
- •Қазақстан Республикасындағы қорықтар
- •Қазақстанның мемлекеттік табиғи қорықтары
- •Ақсу-жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Грейг қызғалдағы
- •Кауфман қызғалдағы
- •Тянь-шань қоңыр аюы
- •Безгелдек
- •Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сасықкөлдің төбесінен түсірілген көрінісі
- •Ақ тырна
- •Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сақалтай Көкқұс
- •Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы
- •Батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығы
- •Алтай таутобылғысы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-еліміздегі қорықтар ішіндегі ең жасы. Ол 2004 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 240 арнайы Қаулысымен құрылған.
- •Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы
- •Қорғалжың көліне ғарыштан қарағандағы көрінісі
- •Шренк қызғалдағы
- •Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы
- •Күршім жотасының шығыс жағы
- •Алтай бәрпісі
- •Сібір хариусы
- •Сұр тырна
- •Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
- •Сарғылт кұндызшөп
- •Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы
- •Барылдауық қоңыз
- •Қазақстан мемлекеттік ұлттық бақтары
- •Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жасыбай өзені
- •Ақбет тауы
- •Іле алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Алматы көлі
- •Сиверс алмасы
- •Үнді жайрасы
- •Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жоңғар аспарасы
- •Тарантула
- •Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Зеренді көлі
- •Орман желайдары
- •Орман сусары
- •Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Шайтан көл
- •Қарқаралы сылдыршөбі
- •Қара дегелек
- •Дала сколиясы
- •Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Үлкен Чебачье көлі
- •Сұр тырна
- •Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы
- •Рахман көлі
- •Мүкжидек
- •Шарын мемлекеттік ұлттық бағы
- •Замков аңғары
- •Іле сасыры
- •Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық бағы
- •Альберт құртқашашы Колпаковский иридодиктиумы
- •Мензбир суыры
- •Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы
- •Тапу өзендері
- •Жоңғар алатауы мемлекеттік ұлттық бағы
- •Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы
- •Жаушымылдық
- •Сұңқылдақ аққу
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи резерваттары
- •«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты
- •«Ырғыз-торғай» мемлекеттік табиғи резерваты
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдары
- •Қазақстан мемлекеттік табиғи қаумалдар тізімі Зоологиялық қаумалдар
- •Ботаникалық қаумалдар
- •Кешенді қаумалдар
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштері
- •Қазақстан мемлекеттік табиғат ескерткіштер тізімі
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Дайрабаев Р., Алпамысова А.
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
Оқу құралы
Түркістан 2011
УДК 387 (075,8):631,4
ББК 40,3Я7
А.Ясауи атындағы ХҚТУ Жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің
№3, 04 қараша 2011 жылы хаттамасында бекітілді
А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқу-әдістемелік кеңесінің №4, 26 желтоқсан 2011 жылы хаттамада баспаға ұсынылды
Пікір жазғандар:
Қ.Н.Жайлыбай-биология ғылымдарының докторы, профессор
А.И.Сейтхожаев- биология ғылымдарының докторы, профессор
М.Т.Ерденов-ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Құрастырғандар: Биология кафедрасының доценті,
а.ш.ғ.к.Дайрабаев Р.Ә.
магистр-оқытушы Алпамысова А.Б.
Т 49 «Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері» оқу құралы
ISBN 9963-524-42-0
УДК 378
(075,8):631,4
ББК 40,3 Я7
Т 37020400
00(05)-010
ISBN 9963-525-42-0
Мазмұны
АЛҒЫ СӨЗ..............................................................................................................................................3
КІРІСПЕ ..................................................................................................................................................4
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАРЫ...................................................6
Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы............................................................................7
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы..............................................................................................12
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.............................................................................................17
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы.....................................................................................23
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы.....................................................................................28
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы.............................................................................................33
Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы.......................................................................................39
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы..........................................................................................44
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы........................................................................................48
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы............................................................................................54
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ БАҚТАРЫ .....................................................60
2.1 Баянауыл мемлекеттік ұлттық бағы..............................................................................................60
2.2 Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық бағы..........................................................................................64
2.3 Алтынемел мемлекеттік ұлттық бағы...........................................................................................68
2.4 Көкшетау мемлекеттік ұлттық бағы..............................................................................................72
2.5 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық бағы............................................................................................76
2.6 Бурабай мемлекеттік ұлттық бағы.................................................................................................80
2.7 Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық бағы.......................................................................................84
2.8 Шарын мемлекеттік ұлттық бағы..................................................................................................88
2.9 Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық бағы........................................................................................92
2.10 Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық бағы..................................................................................97
2.11 Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық бағы................................................................................98
2.12 Бұйратау мемлекеттік ұлттық бағы...........................................................................................100
3. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАРЫ....................................................102
3.1 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты................................................................................102
3.2 «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты ........................................................................103
3.3 «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты.......................................................................103
3.4 «Ырғыз торғай» мемлекеттік табиғи резерваты ........................................................................104
4. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚАУМАЛДАРЫ………………………………….105
5. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒАТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ................................................107
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................108
Алғы сөз
Экологиямен табиғаттың тұрақты даму проблеманың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әр аймақтың табиғи климаттық ерекшеліктерін еске ала отырып, флорамен фаунаның көп түрлігін және түрлік құрамының сапасын жақсарту, ерекше қорғалатын территорияларының санын көбейту қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздеріне қажетті өзгерістер енгізу арқылы табиғаттың байлықтарын молайту болып табылады.
Сондықтан ұсынылып отырған оқу құралдың биология саласының тиімділігін арттыруда теориялық және практикалық маңызы зор. Мазмұны қысқа, түсінікті тілмен жазылған. Оқу-бағдарлама бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелері теориялық мәліметтермен қамтылған. Биология агроэкология, геоэкология профильдегі студенттерді технологиялық процестері туралы білімге баулап, ой өрісін кеңейтуге басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге жәрдем бере алады.
Қазақстан табиғатының этолондық бөліктері мен танысудың басты мақсаты студенттерді биология мамандықтары бойынша флорамен фаунаның әр алуандылығы туралы білімге баулап басқа ғылым салаларымен байланысын ашып көрсетуге арналған. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралды оқып-үйрену нәтижесінде студенттер қоршаған ортаның негізгі экожүйелерінің сипаттамаларын анықтау мен бірге оларға байланысты қасиеттеріне керекті мағлұматтарды алуға болады.
Қазақстан биоресурстардың әр алуандығына арналған мәліметтер келешек – биология бағыты бойынша мұғалімдер үшін жаратылыстану ғылымдармен танысудың негізгі бір бөлігі. Бұл пән көптеген ғылымдар мен тығыз байланысты. Педагогикалық профильдегі биологтар үшін қазақстан биоресурстарын оқып білу мектеп жанындағы өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті білімдермен қаруландырады. Тәжірибелік мәні бар ғылыми процестерді жүргізу әдістерін үйретеді.
Мазмұны түсінікті және қысқаша жазылған. Бұл кітапша келешек мамандарға ботаникалық және зоологиялық ресурстарының тиімді жағдайларын тереңінен түсінуге көмек бере алады.
КІРІСПЕ
Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемінің ерекшелігіне және оның алуан түрлілігіне мән беріп, оларды сақтап, қорғауға ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеулер жасалып жатыр. Сондай-ақ, ел аумағындағы экологиялық жағдайдың өзгеруі, табиғат пен тіршілік иелерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы да жан-жануарлардың кейбір түрлерінің жоғалып кету қаупін тудырады. Биологиялық алуан түрлілікті сақтау әлем мамандарының алдында тұрған үлкен мәселе. Бұл жай Қазақстан зоологтары мен биологтарын да мазалаумен келеді. Биологиялық алуантүрлілікті тепе-теңдікте сақтап, пайдалану ерекше қолға алыну қажет. Бұл жоспарларды жүзеге асыру мақсатында 2009 ж. 12-13 мамырда биология факультетінің базасында ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Стратегиялық реализациясы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және Биология факультетінің 75-жылдығына арналған «Биологиялық әртүрлілік және табиғат пен қоғамның тұрақты дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар әлеміне ұқыпты қарауға байланысты мәселелер жан-жақтан талқыланды. Биологиялық ресурстардың табиғаттағы мөлшерін сақтау үшін өсімдіктердің және жануарлардың табиғаттағы алуантүрлілігін сақтай білу керек. Ол үшін әртүрлі қорықтарды ашу бүгінгі күннің талабы. Табиғатты қорғау саласындағы барлық мамандар табиғи жүйелерді - экожүйелер, қауымдар биотоптар және түрлердің сәттілікте амандығын қорғауға тырысып ұмтылады. Соңғы уақытқа дейін экожүйені толық қорғап сақтауға көңіл аударылды. XX ғасырдың басынан бастап осы мақсатқа жету үшін ерекше облыстар, региондар бөліне бастады. Қазіргі кезде халық санының артуына байланысты мұндай резерваттармен (табиғат байлығы, жануарлар мен өсімдіктер үкіметтің айрықша қорғауында болатын қорық, территория) жұмыс жасау қиын және күрделі бола бастады.
Қорықтар –бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. (1-сурет)
