Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.

3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.

Негізгі ұғымдар: халықаралық іс жүргізу, шетелдік тұлға, шетелдік сот, төрелік сот, соттық иммунитет.

1. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігі және құқық қабілеттілігі.

Халық аралық іс жүргізу ҚР-ның азаматтық іс жүргізу кодексінің 45-тарауымен реттеледі.

Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар мен ха-лық аралық ұйымдар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР-ның соттарына жүгінуге құқылы. Шетелдік тұлғалар ҚР-ның азаматтарымен және ұйым-дарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды.

ҚР азаматтары мен ұйымдарының іс жүргізу құқықтарына арнайы шектеулер қойылатын мемлекеттердің шетелдік тұлғаларына қатысы ҚР соған сәйкес шектеулер белгілеуі мүмкін (ҚР АІЖК 413-бап).

Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі олардың жеке заңы бойынша белгіленеді. Азаматтың жеке заңыөзі азаматы болып табылатын мемлекеттік құқығы болып табылады. Егер азаматта шет мемлекеттің азаматтығымен қатар ҚР-ның азаматтығы да болса, оның жеке заңы ҚР-ның заңы болып есептеледі. Мұндай адамда шет мемлекет азаматтығының болуын ҚР-ның соттары танымайды.

Өзінің жеке заңы бойынша іс жүргізу әрекетіне қабілетті болып табылмайтын адам, егер ҚР-ның заңдарына сәйкес іс жүргізу қабілетіне ие болса, ол ҚР-ның аумағында іс жүргізу әрекетіне қабілеті бар деп танылуы мүмкін.

Шетелдік ұйымның іс жүргізу құқығына қабілеттілігі ұйым соған сәйкес құрылған шет мемлекеттің заңы бойынша белгіленеді. Бұл заң бойынша іс жүргізу құқығына қабілеті жоқ шетелдік ұйымдар ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның аумағында құқық қабілеті бар деп танылуы мүмкін.

2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша ҚР соттарының құзіреті.

«ҚР АІЖК-нің» 416-бабына сәйкес ҚР-ның соттары, сондай-ақ шетелдік тұлғалар қатысатын істерді келесі жағдайларда қарауға құзіретті:

1) ҚР-ның аумағында шетелдік тұлғаның басқару органы, филиалы немесе өкілдігі болғанда;

2) жауапкердің ҚР аумағында мүлкі болғанда;

3) алиментті өндіріп алу туралы және әке екенін анықтау туралы іс бойынша талап қоюшының ҚР-да тұрғылықты жері болғанда;

4) мертігу, денсаулыққа өзге де зақым келтіру немесе асыраушысының қайтыс болуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиян ҚР аумағында келтірілгенде немесе талап қоюшының ҚР-да тұрғылықты жері болғанда;

5) неке бұзу туралы іс бойынша талап қоюшының ҚР-да тұрғылықты жері болғанда немесе ерлі-зайыптылардың ең болмағанда біреуі ҚР-ның азаматы болғанда;

6) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы іс бойынша зиянды өтеу туралы талап қоюға негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар ҚР-ның аумағында орын алғанда;

7) ар-ожданды, абыройды және іскерлік беделді қорғау туралы іс бойынша талап қоюшының ҚР-да тұрғылықты жері болған жағдайларда қарайды.

Сонымен қатар ҚР-ның соттары, егер ҚР-ның заңдарымен өз құзіретіне жатқызылса, басқа істерді де қарайды.

3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.

ҚР-ның заңдарымен ҚР соттарының құзіретіне жатқызылған істердің соттылығы «ҚР АІЖК-нің»3-тарауында белгіленген соттылық ережелері бойынша анықталады, яғни бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды және заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау жоғарыда аталған Кодекске және басқа заңдарға сәйкес өзгеше сот тәртібімен жүзеге асырылмаса, оларды қорғау туралы істерді соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды.

Шетелдік соттың құзіреті «ҚР АІЖК-нің» 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тараптардың жазбаша келесімімен көзделуі мүмкін. Мұндай келісім болған жағдайда сот жауапкердің өтінімімен, егер мұндай өтінім істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін мәлімделсе, арызды қарамай тастайды.

ҚР-ның заңдарында көзделген құзіреттілік ережелерін сақтай отырып, ҚР-ның соты ісжүргізуге қабылданған іс ол кейіннен тараптардың азаматтығы, тұрғылықты жері өзгеруіне және құзіретке әсер ететін басқа да мән-жайларға байланысты басқа мемлекет соттың соттауына жатқызылса да, мәні бойынша шешіледі.

Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы сол мәселе туралы және сол негіздер бойынша сол тараптар арасындағы дау жөнінде ҚР-ның сот шешімдерін өзара тану және сот шешімдерін орындауды көздейтін халықаралық шарты бар мемлекеттің соты бұрын шешім шығарып қойған болса, ҚР-ның соты арызды қарамай тастайды, ал іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.

Егер шет мемлекеттің сотында сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы және сол негіздер бойынша шешемді ҚР-да танылуға тиісті дау жөнінде бұрын қозғалған іс болса, ҚР-ның соты арызды қарамай тастайды, ал іс бойынша іс жүргізуді қысқыртады. Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет. Сот тапсырмалары. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау. Шетелдік соттардың орындауды талап етпейтін шешімдерін тану.

Шет мемлекетке талап қоюға, оны үшінші тұлға ретінде іске қатысуға тартуға, оның мүлкіне тыйым салу мен бұл мүлікті талапты қамтамасыз ету тәртібімен ұстап қалуға және бұл мүлікке өндіріп алуды қолдануға, егер ҚР-ның заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиісті мемлекеттің құзіретті органдарының келісімімен ғана жол беріледі.

Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитеті ҚР-ның заңдары мен халықаоалық шартында, сондай-ақ бұл ұйымдардың ҚР-ның құзіретті мемлекеттік органдарымен келісімдерінде белгіленеді.

Сот тапсырмалары ҚР-ның соттары өздеріне ҚР-ның заңында немесе халықаралық шартында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау. Мысалы, хабарламалар мен басқа да құжаттар тапсыру, тараптардан, куәлардан түсініктемелер алу, жергілікті жерде сараптама және тексеріс жүргізу және т.б.

Шетелдік соттардың жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы тапсырмаларын атқару, егер ҚР-ның халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

ҚР-ның соттары жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін орындау туралы шетелдік соттарға тапсырмалар мен өтініш жасауы мүмкін.

ҚР соттарының шетелдік соттарымен қарым-қатынас жасау тәртібі ҚР-ның заңында және халықаралық шарттарында белгіленеді

ҚР-ның заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері ҚР-да танылады және орындалады.

Егер ҚР-ның халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі заңда белгіленеді.

Шетелдік соттардың өз сипаты бойынша орындауды талап етпейтін мынандай шешімдері бар, олар:

1) соты шешім шығарған мемлекет азаматтарының ғана жеке мәртебесін қорғайтын;

2) егер неке бұзу кезінде ерлі-зайыптылардыңең болмағанда біреуі ҚР-нан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық және шетелдік азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы;

3) егер некенің бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылардың екеуі де ҚР-нан тыс жерлерде тұрған болса, қазақстандық азаматтар арасындағы некені бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы шешімдері ҚР-да танылады.

СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік кеңесі

Жалпы мақсаты – зерттелетін тақырыптарды анық талқылау, қиындық туған мәселелер бойынша пікір таласу және дискуссияға түсу, мәтін бойынша жұмыс істеуге үйренуі керек.

Әдістемелік ұсыныс:

«Азаматтың іс жүргізу құқығы» курсы бойынша өзіндік жұмыс шеңберінде оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып таңдалған тақырыпты терең оқу.

  1. Таңдалған тақырыптарды барлық пәндер жүйесінде маңыздылығын анықтау; қаралатын сұрақтардың өзектілігін, олардың теориялық және тәжірибелік мәнін қоғам өміріндегі рөлін анықтау.

  2. Аталған курстың тиісті тақырыптарын оқи отырып, қолданыстағы заңдармен танысу және зерттеу. Қолданыстағы заңдардың өзерістеріне, ресми қабылданған және жарық көрген нормативтік-құқықтық актілерге көңіл бөлу.

  3. Қолданыстағы заң бойынша автоматтандырылған базадан деректер алу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілердің жинағын пайдалану.

  4. Тілі қиын заңдар, терминдер және ұғымдар бойынша оны ұғыну үшін заңдық, қаржылық, экономикалық сөздіктерді пайдалануы, сондай-ақ оқытушыдан кеңес алу қажет.

  5. Аталған курсты оқуға заң газеттері мен журналдарындағы ғылыми жариялымдар көмек береді.

  6. Жұмыс жоспарын жеке жасап, аталған курсты жүргізетін оқытушыларға бекіттіру, жұмысты жазу кезінде пайдалану және оқу үшін әдебиеттер тізімін жұмысқа тіркеу.

  7. Барлық тізбектелген құжаттарды қажеттілігіне қарай пайдалану, онда барлық статистикалық деректерді, жұмыста қолданылған басқа хабарламаны көрсету арқылы диаграмма, графиктер, кескіндер, кесте салу.

  8. Жұмыс мәтінін ғылыми жұмыстарды хаттастыру бойынша менеджмент сапа жүйесінің талабына сәйкес жасау.

  9. Семинар сабақтарында реферат бойынша сөз сөйлеп, оның негізгі қағидаларын қорғау.

  10. Әр тақырып, оның негізгі сұрақтарын ашқанда және негізгі зерттелетін ережелерін қорғаған жағдайда бағаланады.

Мынадай жұмыстарға жоғары бағалар қойылады:

  • терең дәлелді ашылған тақырыпқа;

  • құжатты өте жақсы меңгергендігіне, оны жан-жақты талқылап игергеніне, қорытындылар жасауына куәландырушы;

  • айтылуы бірізді, қисынды және жүйелі мазмұндауға;

дұрыс әдебиеттік тілмен жазылуына;

  • пунктуациялық, грамматикалық және орфографиялық қателердің жоқтығының мазмұнға стилистикалық сәйкестігіне;

  1. Студентер реферат тақырыптары курс басында беріледі және тапсыру мерзімі анықталады.

  2. Реферат құрылысы: кіріспе, тараулар бойынша мазмұн, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің және құқықтық актілердің тізімі.