- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
Негізгі ұғымдар: атқарушылық іс жүргізу, уақыт, орын, мерзім, борышкер, өндіріп алушы, атқару құжаты.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңның 5-бабында тізіп келтірілген атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.
Заңда көзделген жағдайларда атқару құжаттарын орыдау сот приставтарының жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Өзге органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқарушылық іс-әрекетті бұл жайында заңда тікелей нұсқау болғанда ғана жүзеге асырады.
Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесін:
атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ;
уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары;
аумақтық органдардың аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардағы бөлімдері (ау мақтық бөлімдер)құрайды. Аумақтық бөлімдердің банктерде ағымдағы шоттары, сондай-ақ мөрлері мен мөртабандары болуы мүмкін.
Уәкілетті органның өкілеттіктері мен қызмет тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен ережемен айқындалады.
Уәкілетті органның аумақтық органдарының және аумақтық бөлімдерінің өкілеттіктері мен қызмет тәртібі уәкілетті орган бекіткен ережелермен айқындалады.
Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптар атқарушылық әрекеттер жасаукдың өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға хақылы.
Демалыс және мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерге кейінге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердің кінәсінен басқа күндерде және осы Заңда белгіленген уақытта жасау мүмкін болмаған жағдайларда ғана жол беріледі.
Атқарушылық әрекеттерді борышкердің тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орны бойынша не оның мүлкі тұрған жер бойынша сот орындаушысы жүргізеді. Егер заңды ұлға борышкер болса, орындау оның органы немесе мүлкі орналасқан жерде жүргізіледі.
Борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттейтін атқару құжаттарын орындауды осындай әрекеттер жасалатын жердегі сот орындаушысы жүргізеді.
Егер атқару құжатын орындау процесінде борышкер басқа жерге кетіп калса және борышкердің бұрынғы тұрған жерінде дереу акт жасайды және атқару құжатын борышкердің жаңа тұрғылықты жері, оның жаңа жұмыс орны, жаңа орналасқан жері бойынша не борышкер мүлкінің жаңа тұрған жері бойынша сот орындаушысына үш күннен кешіктірмей жіберіп, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.
Атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі ай мерзімде аяқталуға тиіс, бұған мерзімді өндіріп алу туралы атқару құжаттары, сондай-ақ заң актілерінде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайлар қосылмайды.
Құрылыстарды бұзуға, технологиялық операцияларды жүргізуге байланысты атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мамандарды тарта отырып мүлікті бағалауды, сараптама жүргізуді, сауда-саттық өткізуді, борышкердің мүлкін іздестіруді талап ететін мүліктік өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша орындау төрт ай мерзімде аяқталуға тиіс.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңда көзделген негіздер бойынша атқару құжаттарын орындау тоқтатыла тұрған, мерзімі ұзартылған, мәулет берілген не кейінге қалдырылған уақыт атқарушылық іс жүргізу мерзіміне кірмейді.
Атқарушылық іс жүргізу:
егер сот белгілеген құқық қатынасы құқықтық мұрагерлікке жол берсе борышкер қайтыс болған, ол қайтыс болды деп хабарланған немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған;
борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе оның таратылуы туралы заңда белгіленген тәртіппен шешшім қабылданған немесе дәрменсіздігі туралы іс қозғалған;
борышкердің немесе өндіріп алушы ірекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған;
әкімшілік жаза қолданған органдардың (лауазымды адамдардың ) әрекеттеріне сотқа шағым берілген;
сот немесе атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімнің орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды адам қаулы шығарған;
сотқа атқару бойынша өндіріп алынатын мүлікті хаталудан шығару туралы талап қойылған;
борышкер немесе өндріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелеріне дау шығарған жағдайларда тоқтатыла тұруға тиіс.
Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:
өндіріп алушының арызы бойынша;
егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болсы;
егер өндіріп алушы шешімінің орындалуы кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін алудан бас тартса;
егер борышкер өндріп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс істемейтін болса не сол жерде оның мүлкі жоқ болса;
егер сот борышкерге қатысты іздеу жарияласа, өндіріп алушыға қайтарылады.
Атқару құжатын өндіріп алушыға қайтару заңда белгіленген атқарудың ескіруі мерзімінің шегінде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергі болмайды.
Атқарушылық іс жүргізу жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша құжаты қайтарылған; соттың немесе құжат берген басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылғанжағдайларда аяқталды деп есептеледі.
Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп алу кезінде, өндіріп алынатын соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзгеде табыс түрлерінен өндіріліп алынады. Борышкердің жалақысынан және де өзге кірістерінен өндіріп алған кезде сот орындаушысы қаулы шығарады, онда берліген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді. Сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп алушыға уақытында жіберіуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға міндетті. Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлама жіберіп, атқару құжатын қоса жолдауға міндетті. Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жаңа мекен-жайын хабарлауға міндетті.
Сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомада ең алдымен атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар өтеледі, содан кейін орындау жөніндегі шығыстар өтеледі, қалған сома өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыруға беріледі. Барлық талаптарды қанағаттандырылғаннан кейін қалған сома борышкерге қайтарылады.
Борышкерден өндіріп алынған және өндіріп алушыларға берілуге тиіс сомаларды сот орындаушысы ағымдағы шотқа қосады, содан кейін белгіленген тәртіппен береді немесе аударады. Мемлекет кірісіне аударуға жататын сомаларды сот орындаушысы тікелей тиісті банк мекемесіне енгізеді.
Атқарушылық әрекеттерді ұйымдастыру мен оларды өткізуге жұмсалған бюджет қаражаттары мен атқарушылық іс жүргізуге қатысушы тараптардың қаражаттары атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығындар болып табылады. Атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығындарға:
борышкердің мүлкін анықтауға, қарауға, бағалауға;
борышкер мүлкін хаттау мен оны пайдалануға тыйым салуды ұйымдастыру мен өткізуге, мұндай мүлікті тасымалдау мен сақтауды ұйымдастыруға;
тыйым салынған мүікті сатуға;
тілмаштарға, мамандарға және белгіленген тіртіппен атқарушылық әрекеттер жасауға тартылған басқа да адамдарға ақы төлеуге;
өндіріп аынған сомаарды пошта арқылы өндіріп алушыға аударуға;
өндіріп алған соманы ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығынына;
борышкерді іздестіруге;
өндіріп алушының аванстық жарнасына;
атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысын қоғамдық көлктің барлық түрлеріндегі – қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы қол шығынына;
атқару құжатын орындау процесіндегі басқа да қажетті әрекеттерге жұмсылған қаражаттар жатады.
№ 15 дәріс. Халықаралық іс жүргізу
Жоспар:
1. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігі және құқық қабілеттілігі.
