Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).

3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.

Негізгі ұғымдар: қадағалау сатысы, қадағалау қаулысы, прокурор, заңды күшіне енген сот актісі, қадағалау шағымы және наразылығы.

1 Сот қадағалау тәртібі мен қайта қарауға жататын сот актілері.Заңды күшіне енгеннен кейін.

  1. Бірінші сатыдағы соттың шешімдері,

  2. Апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары,

  3. Бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары,

  4. Істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін,

ҚР-ның Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне,денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.

Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне,ұйғарымдарына, қаулыларына (және сот бұйрықтарына – алып тасталды.) тараптар және опеляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады.

Заңды күшіне енген сот актісі. Қның Бас Прокуроры – облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының (азаматтық істер жөніндегі алқасы мен – алып тасталады) қадағалау алқасына.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары – облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына (және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына – алып тасталды.) Обылыстардың прокурорлары мен соларға теңестірілген прокурорлар – облыстық және оларға теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы. Наразылық осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың өз бастамалары бойынша да осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінімі бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтінім наразылыққа қоса тіркеледі. Шағымды наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны қадағалау тәртібімен істі қараушы сотқа тиісінше арыз беру жолымен жүгінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Наразылықты жоғары тұрған прокурордың да кері қайтарып алуы мүмкін.Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алғаны туралы хабарлайды.Қадағалау шағым мен наразылығын кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеп соғады.

2 Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).

1 Қадағалау шағымында (қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімде)

1) шағым (өтінім ) жолданатын лауазымды адамның аты - жөні

2) шағым (өтінім) беруші тұлғаның атауы оның тұрғылықты жері немесе орналасқан орны және істегі іс жүргізу жағдайы болуға.

3) сот шешімінің, ұйғарымының,қаулысының мазмұны көрсетілуге сондай-ақ тұрғылықты жерін немесе орналасқан орнын көрсете отырып іске қатысушы тұлғалар аталуға ;

4) істі бірінші, апелляциялық сатыларды қарайтын соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны көрсетілуге тиіс;

5) шағым жасалып отырған, наразылық келтіру, ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілуге тиіс;

6) сот қаулысының заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екені және шағым (өтінім) беруші тұлғаның не өтінетіні көрсетілуге тиіс.

2 Егер сот шешіміне немесе ұйғарымына апелляциялық тәртіппен шағым жасалмаса, шағымда (өтінімде) оған шағым жасалмау себептері көрсетілуге тиіс.

3 Егер қадағалау шағымын (өтінімін) іске қатыспаған тұлға берсе, онда шағым жасалып отырған шешім, ұйғарым, қаулы бұл тұлғаның қандай құқықтарын бұзғаны көрсетілуге тиіс.

4 Егер қадағалау шағымы (өтінімі) бұдан бұрын қадағалау сатысына берілген болса онда бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы көрсетілуге тиіс.

5 Қадағалау шағымына (өтініміне) шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс.

6 шағымға (өтінімге) іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот куәландырған көшірмелері, сондай-ақ төменгі саты шағымды қадағалау тәртібімен қараса, оның шешімі қоса тіркелуге тиіс.

3. Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер. Қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінім. Наразылықтың мазмұны.

Қадағалау тәртібімен азаматтық істі «ҚР АІЖК-нің»387-бапта белгіленген себептер мен негіздер болған жағдайда ғана аталған Кодекстің 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және «АІЖК-нің» 393-бабында бірінші бөлігінде аталған судьялардың тиісті соттан тексеру үшін талап етуі мүмкін.

Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығының едәуір бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады.

Соттың заңды күшіне енген шешімдері, ұйғарымдарын, қаулыларын, егер ҚР-ның Конституциялық Кеңесі оларды шығаруда негізге алынған акт конституциялық емес деп таныған жағдайда олар қадағалау тәртібімен қайта қарауға мүмкін.

14дәріс. Атқарушылық іс жүргізу

Жоспар: