- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
Негізгі ұғымдар: іс жүргізу сатысы, апелляциялық саты, апелляциялық шағым және наразылық.
1.Кодексте көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, ҚР Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Наразылық келтірү құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі.ҚР Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы. Іскеқатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым Апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды: 1) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге - облыстық және оған теңестiрiлген соттың азаматтық iстер жөнiндегi алқасы; 2) облыстық және оларға теңестiрiлген бiрiншi сатыдағы соттар шығарған шешiмдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасы қарайды. 2. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады. 3. Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін. 4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта: 1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы; 2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы; 3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы; 4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету; 5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі; 6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету; 7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі; 8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Шағымға мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі. өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. 2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін. 3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
3. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым немесе наразылық келтiрiлген iстi алғаннан кейiн бiрiншi сатыдағы соттың осы Кодекстiң 338-бабының талаптарын орындауын тексередi, iстiң материалдарын, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдерiн және оларға қоса берiлген материалдарды зерделейдi; iстi белгiленген мерзiмде қарау мүмкiн болмаған жағдайда iске қатысушы адамдарға iстi қараудың жаңа мерзiмi туралы хабарлайды. Iс апелляциялық сатыда ол бiрiншi сатыдағы соттан келiп түскен күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. 4.Апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға; 2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге; 3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға; 4) Кодекстің 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге; 5) Кодекстің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы. 1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге: 1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы; 2) бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі; 3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі; 4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады. 2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.
5. Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесiнде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесiнен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, қаулының қарарлық бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда қаулының толық мәтiнi iстi қараған күннен бастап бес күндiк мерзiмде жазылып, оған барлық судьялар қол қояды. 1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1)қаулының шығарылған уақыты мен орыны; 2)соттың атауы, сот құрамы; 3)апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам; 4)шешiмнiң, апелляциялық шағымның немесе наразылықтың, iстi апелляциялық сатыда қарау кезiнде оған қатысушы адамдар табыс еткен дәлелдемелердiң, түсiнiктемелердiң қысқаша мазмұны; 5) сотты өз қорытындысын жасауға әкелген себептер және сот басшылыққа алған заңдарға сiлтеме; 6)сот қаулысы көрсетiлуге тиiс.
2. Апелляциялық шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда сот сол бойынша шағым немесе наразылық дәлелдерi дұрыс емес немесе шешiмнiң күшiн жоюға негiз болып табылмайды деп танудың себептерiн көрсетуге мiндеттi. 3. Шешiмнiң толық немесе бiр бөлiгiндегi күшiн жойған және iстi жаңадан қарауға берген жағдайда сот iстiң қандай мән-жайларын анықтау қажеттiгiн, қандай дәлелдемелердi зерттеу керектiгiн көрсетуге, бiрiншi сатыдағы сот жасауға тиiстi басқа да iс-әрекеттердi көрсетуге мiндеттi. 4. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшiн жойған және жаңа шешiм шығарған кезде апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында сол бойынша бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiнiң күшi жойылған негiздер, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары және оның шешiмi көрсетiлуге тиiс. 5. Кодекстiң 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiпте апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазбалар және анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселенi қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе оның мәнiн өзгертпей шығарылған қаулыны түсiндiруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың аталған мәселелер жөнiндегi қаулысы шығарылған күнiнен бастап күшiне енедi. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшiне енедi.
№ 13 дәріс. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу
Жоспар:
1. Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасауға,наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар. Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым берудің (наразылық келтірудің) мерзімдері.
