Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.

2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.

3. Сот бұйрығының мазмұны.

Негізгі ұғымдар: сот актісі, сот бұйрығы, өндіріп алушы, борышқор, даусыз талап.

1. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.

Сот бұйрығы:

1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;

3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6) егер кепіл беруші борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімделген болса, шығарылады.

2. Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) өндіріп алушының аты, оның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның реквизиттері;

3) борышкердің аты, оның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның реквизиттері;

4) өндіріп алушының талптары және оған негізделген мән-жайлар;

5) мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Сот бұйрығының мазмұнында:

1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның аты-жөні;

3) өндіріп алушының аты-жөні және тұрғылықты жері;

4) борышкердің аты-жөні және тұрғылықты жері;

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;

7) тұрақсыздық айыбының мөлшері;

8) мемлекеттік баждың сомасы;

9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

Ерекше іс жүргізу

Жоспар:

1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.

2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.

Негізгі ұғымдар: ерекше іс жүргізу, заңдық факт, арыз беруші, азаматты хабар - ошарсыз кетті деп тану, заңды тұлғаны банкроттық деп тану.

Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖК-ң 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды. Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды .

Егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға мына талаптарды орындауы қажет ;

1.Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі;

2.Арызда;

- арыз беретін соттың атауы;

-талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері банктік реквизиттері, сондай-ақ , егер арызды оның өкілі берсе , өкілдің атауы мен мекен жайы;

-жауапгердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауаупкер ұйым болса , егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;

-талап қоюшылардың құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

-талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән- жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;

-арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс;

3.Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы керек.

4.Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ, заңға немесе өзге де нормативтік актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағжайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюымен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тірклуге тиіс.

5.Арызға талап қоюшы неиесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

Мүдделі адамдардың қарсылықтары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.

Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі.

2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер- сот азаматтардың немесе ұйымдардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Сот мынадай фактілерді анықтайды:

  1. адамдардың туыстық қатынастарын;

  2. адамның біреудің асырауында болуы;

  3. тууды, бала асырап алуды, некелесуді, ажырысуды және қайтыс болуды тіркеу;

  4. құқық белгілейтін құжаттардың (әскери құжаттарды, паспорттарды) құжатта көрсетілген аты, әкесінің аты немесе тегі осы адамның паспортында немесе жеке куәлігінде, туу туралы куәлігінде көрсетілген атқа, әкесінің атына немесе тегіне сәйкес келмейтін адамдікі екендігі;

  5. мүлікті меншік, шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оған билік ету;

  6. жазатайым жағдай;

  7. азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болу оқиғасын тіркеуден бас тартқан жағдайда адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән- жайларда қайтыс болуы;

  8. мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орны;

  9. егер заңдарда оларды анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, басқа да заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарайды.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға қажетті шарттар.

Сот арыз берушінің осы фактілерді куәлландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған жағдайда, не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес болған кезінде ғана заңдық маңызы бар фактілерді анықтайды.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі сотқа берілетін, бұған жылжыиайтын мүлік орналасқан сотқа берілетін жылжымайтын мүлікті менші, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарымен иелену, пайдалану және оларға билік ету фактісі қосылмайды. Арызда арыз берушінің қандай фактіні және қандай мақсатпен анықтау қажет екендігі көрсетілуге тиіс, сондай-ақ арыз берушінің тиісті құжаттарды алуы мүмкін еместігін не жоғалға құжаттарды қалпына келтіру мүмкін еместігін растайтын дәлелдемелер келтірілуге тиіс.

Соттың шешімі фактіні растайтын құжат болып табылады, ал мемлекеттік органдардар тіркеуге тиісті фактіге қатысты алғанда оны тіркеу немесе ресімдеу үшін негіз болып табылады, бұл орайда сол органдар беретін құжаттарды ауыстырмайды.

12 дәріс. Апелляциялық сатыда сотта істі қайта қарау

Жоспар:

1.Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні және маңызы. Апелляция беруге құқық. Апелляциялық шағым берудің объектісі. Апелляциялық шағым беру құқығының субъектілері. Апелляциялық шағымды(наразылықты) қарайтын соттар.