- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
Негізгі ұғымдар: дәлеледеме, дәлелдеу, жазбаша дәлелдеме, заттай дәлелдеме, тараптардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы.
1. Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Дәлелдеудің субъектілері болып тараптар және іске қатысушы басқа да тұлғалар болады,яғни тараптар дегенде, талапкер мен жауапкерді түсінеміз.
Негізінен, дәлелдеуден босатудың негіздері Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 71-бабының нормаларымен реттеледі. Яғни,
1.Сот жалпыға белгілі деп таныған мән-жайлар дәлелдеуді қажет етпейді.
2.Соттың бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамадар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді.
3.Соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қараған сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша,сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.
4.Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған фактілер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді. Мұндай ұйғарым жалпы тәртіппен теріске шығарылуы мүмкін.
5.Егер тиісті құқықтық ресімдер шеңберінде керісінше дәлелденбесе, мына мән-жайлар:
- Осы заманғы ғылымда,техникада,өнерде,кәсіпшілікте жалпы қабылданбаған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
- Адамның заңды біліуі;
- Адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
- Олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білімнің болмауы дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайлар болып есептеледі.
2. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып танылады.
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен,куәлардың айғақтарымен,заттай дәлелдемелермен,сарапшылардың қорытындылармен,іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады (АіжК-нің 64-бабы).
Дәлелдемелерді тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.
Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың тараптары мен қарсылықтарының негізінде,материалдық және іс жүргізу құқығының қолдануға тиіс нормаларын ескере отырып, сот анықтайды.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы(АіжК-нің 66-баптың 1-3 тар.).
Өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету куәлардан жауап алу, сараптама жүргізу,оқиға болған жерді қарап шығу және басқа да әдістер арқылы жүргізіледі.
Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді Азаматтық іс жүргізу Кодексінде белгіленген ережелер бойынша судья жүргізеді.
Істің сотта туындауға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз етуді заңдармен көзделген тәртіппен сотта нотариустар немесе консулдық мекемелердің лауазымды адамадры жүргізеді.Өтініш беруші және іске қатысушы басқа тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарауға кедергі болып табылмайды.
Хаттамалар және дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жиналған нәрсеніңі іске қатысушы тұлғаларға хабарлана отырып,істі қараушы сотқа береді.
3. Дәлелдемелердің түрлеріне келетін болсақ, оларға: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, жазбаша дәлелдемелер,заттай дәлелдемелер,сарапшылардың қорытындылары және өзге де құжаттар болып табылады.
Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы,егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп табылмайды.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер,құжаттар,іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады.
Егер заттар өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілермен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса, олар заттай дәлелдемелер деп танылады. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айырықша тізілім бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шара қабылдайды.
Сарапшының қорытындысы- бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар.
4. Іске қатысушы адамдар – дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруы мүмкін. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;
ғылымилығы жарамды болса;
іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс-жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.
Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мумкін жағдайда тағайындалады. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімнің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.
Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу:
сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне:
лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзіге асыратын адамдарға;
заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады.
Талап қою арқылы іс жүргізу
Жоспар:
