Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.

2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.

3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.

Негізгі ұғымдар: іс жүргізу мерзімі, күнтізбелік мерзім, апталық мерзім.

1. Іс жүргізу әрекеттері заңда белгіленген мерзімде жасалады. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда оны сот тағайындайды.

Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін. Кезеңмен есептелетін іс жүргізу мерзімінің ағымы оның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңғы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне тап келген жағдайда мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

2. Іс жүргізу әрекеттерін жасау құқығы заңда белгіленген немесе сот тағайындаған мерзімнің аяқталуымен жойылады. Іс жүргізу мерзімдері аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінім берілмесе, саот қараусыз қалдырады және оларды берген адамға қайтарылады.

Барлық аяқталмаған іс жүргізу мерзімдерінің ағымы іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар туындаған уақыттан басталады. Іс жүргізу қайта басталған күннен бастап іс жүргізу мерзімдерінің ағымы жалғасады.

3. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. Заңмен белгіленген мерзімдерді, егер олар сот дәлелді деп таныған себептермен өткізіліп алынса, сот қалпына келтіре алады. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш іс жүргізу әрекеттерін жасауға тиісті болатын сотқа беріледі. Сот бұл өтінішті мәселенің қаралатын орны мен уақыты хабарланатын іске қатысушы адамдардың қатысуымен қарайды, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мәселені шешу үшін кедергі болып табылмайды. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берумен қатар ол бойынша мерзімі өткізіліп алынған қажетті іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиіс.

6 дәріс. Азаматтық істердің соттылығы

Жоспар:

1. Соттылықтың түсінігі.

2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.

3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.

Негізгі ұғымдар: соттылық, аумақтық соттылық, тектік соттылық, шартты соттылық, ерекше соттылық.

Соттылық бағыныштылық институты барлық соттарға жалпы түрде орнатылады, яғни бұл соттық және соттық емес органдардың арасындағы олардың функцияларымен шектеледі. Бірақ әрбір істі белгілі соттар өздерінің функциясына қарай істі қарайды. Кез келген сот Азаматтық іс жүргізудің субъектісі болады. Соттылық құқықтық нормалар өздерінің бастауын нормалардан алады, екеуіде бағыныштылықты білдіріп белгілі бір шектеулер қойып бір тұтастықты құрайды. Бұл нормалар Азаматтық іс жүргізу құқығының институтын құрайды, сот органдарының құзыретін белгілейді. Бірінші инстанциядағы сот заттық құзыреттің субъектісі болып сонымен қатар оның нормалары бойынша бағыныштылықты және соттылықты анықтайды.

Бағыныштылық туралы нормалар және соттылықтың арасында байланысқа бола Азаматтық іс жүргізу құқығы бұларды бір таруға енгізіп қарастырады.

Соттылық – бұл бірінші инстанциядағы соттық белгілі бір заттық құзыретке не ведомстволық соттардың Азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғары соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.

Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.

Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соты, мамандырылған сот- Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери саты);

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот- гарнизонның әскери соты);

3) Қазақстан Республикасында мамандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін;

4) сот Жүйесі мен соттар мәртебесі туралы Конституциялық заңының 4 бабына сәйкес Сот жүйесінің бірлігі.

1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі принциптерімен;

2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарда белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі;

Сот жүйесінде соттардың бірдей деңгейі бойынша соттылық істі нақты шешу үшін және қай сот қарауына жататындығы аумақтық соттылық бойынша анықталады. Іс жүргізу нормаларына қарай аумақтық соттылықтың бірнеше түрі болады:

1) жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою (АІЖК 31 бет)

2) талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу (АІЖК 32 бет);

3) Ерекше соттық (АІЖК 33 бет);

4) Шарттық соттылық (АІЖК 34 бет).

1) Жауапкердің туған жері бойынша талап қою. Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылады.

2) Талап қойымының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу - тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның мүлкі орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрған жері бойынша қойылуы мүмкін.

3) Ерекше соттылық – жер учаскелеріне, үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, жерге тығыз байланысты басқа обьектілерге, құқықтары туралы, мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілер немесе тыйым салынған мүлік орналасқан жері бойынша қойылады.

5) Шарттық-соттылық – талаптар өзара келісім бойынша аталған істі қай соттың қарайтының аумақтық жағынан өзгерте алады.

Істі бір соттық жүргізуінен алып басқасына беру (АІЖК 36 бет)

Соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс.

Егер

1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

3) істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса;

4) сотқа талап қойылса, сот істі басқа соттың қарауына береді.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

Жоспар: