Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.

2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).

3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.

Негізгі ұғымдар: тарап, тең қатысушылар, тиісті жауапкер, тиісті емес жауапкер, құқық мирасқоры.

1. Азаматтық процеске қатысушы тұлға белгілі бір құқықтық жағдайға ие болады. Сотта процеске қатысушы тұлғаның құқықтық мәртебесін қате анықтау соттың заңсыз акті қабылдауына әкеп соғады.

Тұлғалардың қатысуынсыз процесс болмайды, сондықтан азаматтық істе олардың құқықтық жағдайы өте маңызды.

Азаматтық процестегі тұлғалардың ұғымы заңда қарастырылмаған, жауапкермен талапкердің заңды белгілері айтылмаған. АІЖК-де талапкермен жауапкердің ұғымы ғана анықталған.

Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 44-бабында іске қатысушы тұлғалардың құрамы көрсетілген. Мұнда тараптар: дау нысанына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе осы кодекстің 56 және 57-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.

Сот процесіндегі тұлғалардың заңды мүдделері бір-бірінің заңды мүдделеріне қарама-қайшы болады.

Талап қоюшы мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады.

Жауапкер – бұл өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар талап қоюшылар болып табылады.

Заңда көзделген жағдайларда заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар адамдардың өтініші бойынша мүдделері қозғалып іс басталған адамға сот пайда болған процесс туралы хабарлайды және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады.

Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері:

Іске қатысушы тараптардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етігу және оларды зерттеуге қатысуға: іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақ қоюға; өтініш жасауға соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыс сөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

2. Азаматтық процесте бірнеше талапкермен жауапкер болуы мүмкін. Процеске біріге қатысуды процеске тең қатысу деп атаймыз. Процеске қатысушы тараптардың көптігіне қарамастан, тараптар екеу болады: талапкер және жауапкер.

Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

3. Тиісті емес жауапкер деп заңда көзделген жауапкер болуға құқылы емес тұлғаны айтамыз.

Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы.

1. Даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.

2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

5 дәріс. Іс жүргізу мерзімдері

Жоспар: