- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
Негізгі ұғымдар: Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынас, тараптар, іске қатысушылар, үшінші тараптар, субъект, объект.
1. Азаматтық құқық қатынастар мүліктік және мүліктік емес қатынастар пайда болғанда туындаса, ал азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастар (сот органында) даулы қатынастар туындағанда сот органдары мен құқықтары бұзылған субьектілер арасында пайда болады.
Азаматтық іс-жүргізуді сотта шешуге байланысты соттар мен азаматтық істер бойынша іске қатысушы тараптар арасында пайда болғанда, арнайы заңдармен реттелетін қоғамдық құқықтық қатынастар азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары деп аталады.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының төмендегідей ерекшеліктері бар:
Бұл құқық қатынастар арнайы заңдармен реттеледі.
Іс-жүргізу қатынастары біртұтас, біртектес болып келеді.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының тағы бір ерекшелігі
оның пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері саналады. Бұл қатынастар қосарласып кездесуі тиіс: а) азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары субьектілерінің құқық қабілеттілігі негізінде; ә) азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының әрекет қабілеттілігі негізінде; б) заңды фактілер орын алғанда.
Ғылым әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынас тек құқықтық қатынас ретінде қарастырылған. Азаматтық құқық қатынас деп бөлек қарастырған ең бірінші публицист ғалым О.Бюлов болған.
2. Азаматтық іс-жүргізудің объектісі – ол азаматтық іс-жүргізу. Ал азаматтық іс-жургізудің мәні ол азаматтық істі даулы қатынастарды сотта қарап, мәні бойынша шешу.
Азаматтық іс-жүргізуге қатысушы субьектілер іске қатысушылар деп аталады. Іске қатысушылардың құрамы көп жағдайда олардың құқықтық мәртебесі іске қатысқанда көздеген мақсаттары әртүрлі. Сондықтан іске қатысушыларды 2 үлкен топқа бөлеміз:
Іс бойынша мүдделі тарап
Талап қою тәртібінде іс-жүргізу (талапкер, жауапкер).
Ерекше талап қою тәртібінде іс жүргізу: Талапкер – заңды тұлға және жеке тұлға; Жауапкер – мемлекеттік, мемлекет органдары лауазымды тұлға, әкімшілік аумақтық байланыстар.
Ерекше іс-жүргізу өндірісі бойынша өтініш беруші (Арыз беруші).
Бұйрық тәртібінде іс-жүргізу Өндіруші және Борышкер.
Іс бойынша бейтарап тараптар
Сот билігін жүзеге асыратын субьектілер:
Судьялар
Хатшысы (Сот отырысының)
Сот приставы
Істің мәні бойынша қарап, шешуге жәрдемдесетін тарап:
Сарапшы
Маман
Аудармашы
Азаматтық істер бойынша процеске өздері қатысып, өздерінің мүдделерін қорғайтын қатысушылар; Процесте өздерінің емес басқа біреулердің мүдделерін қорғайтындар:
Қорғаушы
Кейде прокуратура
Заңды өкілдер
Сенімхат өкілдері
Азаматтық құқық қатынастары іс-жүргізу жүйесін құрайды. Рессей Федерациясы ғылым әдебиетінде азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары іс-жүргізу жүйесін құрамайды. Ол бірқалыпты қиын құқық саласы болып табылады. Бұл пікір қоғамдық құқық қатынастарда қарсылықты тудырды. Азматтар мен сот органдары арасындағы қатынас істі қарау, жазаны өтеу, іске қатысты негізгі азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы болып табылады. Азаматтар құрамы жағынан, мазмұны, істің тоқтатылуы, өзгеруі құқық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты. Ғылым әдебиетінде азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарды мынадай түрлерге, критерилерге бөлінеді. Азаматтық құрам іс-жүргізу құқық қатынасының бір критериі. Гурвич құқық қатынастарын 3-ке бөлген:
1. Негізгі құқықтық қатынас – бұл азаматтық құқықтық қатынастарда азаматтық іс-жүргізуге жататын істерді ғана қарйды.
2. Қосымша – бұл азаматтық құқықтық қатынастарда субьектілердің іске қатысуы міндетті болып табылмайды, яғни өзінің өкілдері арқылы да болуы мүмкін. Қосымша 3 түрлі қатынаста:
Сот – құқық бұзушылықты анықтауды талап етеді;
Сот өзіндік құқық бұзушылықты тудырмайды;
Прокурор – іс басталғанда іске қатысатын тұлға.
3. Қызметтік басымдылық – бұл бір жағынан сотта талапкер, екінші жағынан куә, сарапшы, маман, аудармашы т.б. Бұл құқықтық қатынас тек негізгі құқықтық қатынас болғанда ғана пайда болады.
Азаматтық іс-жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі азаматтық іс-жүргізу құқық қабілеттілігі материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.
Соттың әрекеттері мен шешімдеріне осы кодексте белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар (Азаматтық кодекстің 22 бабы).
Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі 18 жасқа толған азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, немесе әрекет қабілеті шектелген азаматтарды белгілі қамқоршылары, өкілдері тартуға міндетті.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.
1. Сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады.
2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.
3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік, әкімшілік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістеріне билік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға көмек көрсету үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істерге қатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.
№4 дәріс. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
Жоспар:
