- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
Негізгі ұғымдар: қағида, сот төрелігі, заңдылық, сот жарыссөздері, сот әділдігі, ұйымдастыушылық, сот ісін жүргізу тілі.
1. Азаматтық іс жүргізу кезінде даулы қатынас әділ реттелу үшін қатынастың тез және заңға сәйкес реттелуін қамтамасыз ететін арнайы заңдармен белгіленген ережелер қадағалануы тиіс. Бұл ережелердің жиынтығы азаматтық іс жүргізу қағидалары деп аталады.
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалдық қағидалары соттың құрылысын белгілеп анықтайды. Оларға:
1. Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.
4. Сот істі шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттікгі асыра пайдаланып шығарылған деп тапқан жағдайда одан артық заң күші бар құқықтық актілерді қолданады.
5. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып шешеді.
6. Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.
7-бап. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
2. Төтенше, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттар шешімінің заң күші болмайды және орындалуға тиісті емес.
3. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.
4. Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.
12-бап. Судьялардың тәуелсіздігі
1. Судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Рес-публикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Судьялар мен соттар азаматтық істерді өздеріне сырттан ықпал ету бол-майтын жағдайларда шешеді. Соттың сот төрелігін атқару жөніндегі қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конститу-циясымен және заңмен белгіленген.
13-бап. Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі
1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік не-гізінде жүзеге асырылады.
2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында: азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс; заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Консти-туциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
14-бап. Сот ісін жүргізу тілі
1. Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдербірдей қолданылады.
2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйға-рымымен белгіленеді. Белгілі бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы бел-гіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жөнді білмейтін іскө қатысушы адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қыз-метін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдарға басқа тілде жазылған істің заң бойынша қажетті іс материалдарының сот ісін жүргізу тіліне сот тегін аударып беруді қамтамасыз етеді. Сот процесіне қатысушы адамдарға сотта сөйленген сөздің басқа тілде айтылған бөлігін сот ісін жүргізу тіліне тегін аударып беру қамтамасыз етіледі.
5. Сот құжаттары іске қатысушы адамдарға олардың ана тіліне немесе олар білетін басқа тілге аударылып беріледі.
15-бап. Тараптардың айтысуы ментең қүқықтылығы
1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы не-гізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей ісжүргізу міндеттерін көтереді.
2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады. Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған, алайда тараптың дәлелді өтініші бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдемдеседі.
3. Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақгай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы ұшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді. 4. Соттараптарға бірдейжәне құрметпен қарайды.
19-бап. Сотта істі қараудың жариялылығы
1. Барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі.
2. Мемлекеттік құпияләр болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабықсот отырысында жүзеге асырылады.
3. Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кездеде қолданылады.
№3 дәріс. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Жоспар:
