Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать
  1. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.

  2. Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.

  3. Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.

Негізгі ұғымдар: Азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық іс жүргізу, сот, сзаматтық іс жүргізу құқықтық қатынас, талап арыз.

1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

2. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және аза-маттардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдде-лерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы.

3. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптар-дың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ.

4. Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекімнің құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Азаматтық істерді сотта шешуге байланысты соттар мен азаматтық істер бойынша іске қатысушы тараптар арасында арнайы заңдармен реттелетін қоғамдық – құқықтық қатынастар деп аталады. Азаматтық қатынастарды төмендегідей ерекшелігі бар: бұл 1) бұл құқықтық қатынастар арнайы заңдармен реттеледі. 2) іс жүргізу біртұтас бір тектес болып келеді. 3) азаматтық құқықтық қатынастар оның пайда болуы тоқтатылуы пайда болады. 4) бұл сатылар қосарланып кездесуі тиіс. 5) азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық қабілеті негізінде әрекет қабілеті негізінде заңды фактілер орын алған кезде. Азаматтық іс жүргізу объектісі азаматтық іс жүргізу, ал азаматтық іс жүргізудің мәні даулы істі қарап, мәні бойынша шешу. Азаматтық іс жүргізуге субъектілер іске қатысушылар деп аталады. Іске қатысушыларды құрамы көп және олардың құқықтық мәртебесі іске қатысқаны көздегені әр түрлі, сондықтан іске қатысушыларды екі үлкен топқа бөлеміз.

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі коңституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конститу-циясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

4. Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол осы Кодекстің 26-бабының ережелеріне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

5. Сотта азаматтық іс

1. Өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жазбаша нысанда жасалған өтініші талап-арыз жасаған адам талап-арызы немесе өтініші бойынша.

2. Прокурордың арызы бойынша

3. Заң бойынша басқа адамдардың құқықтарын, мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару кәсіподақтың мекемелердің, ұйымдардың, азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады.

Азаматтық іс қозғау процестің бірінші және маңызды сатысы талап-арыз немесе өтініш сотқа түскен бастап судья азаматтық істі қозғау үшін ұйғарым шығарады. Азаматтық істі қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі шешімнің біреуін қабылдайды.

  1. Талап-арызды қабылдау және өз өндірісіне алу

  2. Талап-арызды қабылдаудан бас тарту

  3. Талап-арызды қайтару

  4. Талап-арызды қозғалыссыз қалдыру

Азаматтық іс жүргізу келесі сатылардан өтеді:

1. Азаматтық істі қозғайды

2. Азаматтық істі дайындайды

3. Істі мәні бойынша қарап, қандай да бір сот актісін қабылдайды

4. Азаматтық істі аппеляциялық тәртіппен қарайды.

5. Қадағалау тәртібімен істі қайта қарайды

6. Жаңадан пайда болған мән-жайлар бойынша істі қайта қарайды

7. Атқарушылық іс жүргізеді

6. 1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі.

2. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

3) жауапкердің атауы, оның тұрғылықгы жері немесе, егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;

4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;

5) талап қоюшы өзінің талалтарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;

6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;

7)150-баптың екінші бвлімінің 7) тармақшасы алып тасталсын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі N3 238-11 Заңымен алып тасталды.

8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяңдалуы мүмкін.

4. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінімде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері ұшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелугетиіс.

5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

2 дәріс. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары

Жоспар: