- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
- •Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
- •Баға қоюдың критерилері
- •Дәріс сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Cеминар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Әдебиет:
- •Осөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Осөж тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •1. Сотта азаматтық істерді қозғау:
- •2. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу:
- •3. Сотта іс қарау:
- •5. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім:
- •7. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу:
- •8.Ерекше іс жүргізу:
- •9. Сот қаулыларына апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру:
- •10. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қайта қарау:
- •11. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу:
- •12. Заңды күшіне енген сот қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы іс жүргізу:
- •13. Атқарушылық іс жүргізу:
- •14. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу:
- •15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
- •Әдебиеттер:
- •Cөж сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау нысандары. Сот арқылы қорғалуға конституциялық құқық.
- •Азаматтық сот ісін жүргізудің құқықтық мемлекетті құру кезіндегі міндеттері.
- •Құқық саласы ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •1. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі және олардың маңызы.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының жүйесі. Қағидалардың жітелу мәселесі.
- •3.Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық – функционалды қағидалары
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының түсінігі, ерекшеліктері.
- •Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының объектісі, субъектісі.
- •1. Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.
- •2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаттары, негіздері және тең қатысудың түрлері).
- •3. Тиісті емес жауапкердің түсінігі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру.
- •1. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы.
- •2. Іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алу салдары. Іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру.
- •3. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қаклпына келтіру.
- •1. Соттылықтың түсінігі.
- •2. Аумақтық соттылық, оның түрлері.
- •3. Істі бір соттың жүргізуінен алып, басқасына беру негіздері және тәртібі.
- •Сот дәлелдеудің түсінігі,мақсаты. Дәлелдемелердің түрлері.
- •Дәлелдемелерді қамтамасыз ету.
- •Дәлелдеу процесіндегі ғылыми-техникалық құралдар. Сараптама тағайындау.
- •1. Талап қою
- •2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
- •3. Талап арызды қайтару
- •1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
- •2. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
- •3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
- •2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
- •3. Сот бұйрығының мазмұны.
- •1. Ерекше іс жүргізудің мәні және түсінігі. Ерекше жүргізілетін істерді қараудың тәртібі.
- •2.Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу.
- •2.Апелляциялық шағымды(наразылықты) тапсыру тәртібі және мерзімі. Апелляциялық шағымның(наразылықтың) мазмұны.
- •3.Апелляциялық қараудың нысандары. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері және мерзімдері.
- •2.Қадағалау шағымы (мазмұны және оны тапсыру тәртібі).
- •3.Прокурордың істі талап етуіне себептер мен негіздер.Қадағалау наразылығынкелтіру туралы өтінім.Наразылықтың мазмұны.
- •1. Атқарушылық іс жүргізудің органдары
- •2. Атқарудың жалпы ережелері. Атқару әрекеттерін жүргізудің уақыты, орны және мерзімі.
- •3.Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру және қысқарту.
- •2. Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша қр соттарының құзіреті.
- •3. Азаматтық істердің соттылығы. Шетелдік сотта іс жүргізудің маңызы.
- •Реферат тақырыптары:
15. Құқықтарды қорғаудың нотариаттық нысаны:
1.Нотариаттың ұғымы.
2.Азаматтардың құқықтарын нотариаттық нысанда қорғаудың маңызы.
3.Нотариалдық әрекеттердің түрлері.
4.Нотариаттың міндеттері және атқаратын қызметінің құқықтық реттелуінің негіздеріне көңіл бөлуіңіз керек. Көрсетілген сұрақтарға конспекті жазып, есеп құрастыру және шешу қажет.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер). 27.12.1997ж. –Алматы, 2012.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995. –Алматы, 2012.
3. Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім). Оқу құралы -Алматы, 2006.
4. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. -Алматы, 2003.
5.Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. 1-том. Оқулық. -Алматы, 2001.
6. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. 1-том. -Алматы, 2006.
7.Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Гражданский кодекс РК. Комментарий. Книга 1.Общая часть. -Алматы, 2003.
8.Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1. Общие положения.
-Москва, 2008г.
9.Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. –Алматы, 2003.
СӨЖ-ның жалпы мақсаты мен әдістемелік кеңесі
Жалпы мақсаты - зерттелетін тақырыпты ашық талқылауды, қиындық туған мәселелер бойынша дауласуды және дискуссияға түсуді, текст бойынша жұмыс істеуге үйрену қажет.
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің басты міндеті семинар және дәрістік сабақтарына дайындалу. Дайындықты аяқтағаннан кейін өз біліміңізді өзін-өзі тескеру сұрақтарының көмегімен тексеріңіз. Өзіндік жұмыс барысында қиындық туғызған сұрастарды жазып алып оқытушымен талқылаңыз.
СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалуы керек. Өз бетімен алынған білім дәрісте тереңделіп, кеңейтіліп қарастырылуы керек.
Бірақ, семинар сабағына ұсынылатын сұрақтардың көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан, студент ОСӨЖ барысында өзінің білімін әрі қарай кеңейтуі және тереңдетуі керек. Соған байланысты, тақырып мазмұнын ашып қарастыру үшін ОСӨЖ-ге қосымша сұрақтар, есептер, жаттығулар және т.б. беріледі.
«ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы» курсы СӨЖ нысанының кең жүйесін қамтиды. Оларға келесілер жатады:
-оқытушы ұсынған дәрістеді оқу;
- негізгі оқулық бойынша семинар сабағына дайындалу;
- белгілі тақырып бойынша рефераттар дайындау;
- рефераттарға, эссеге, баяндамаларға өзара сын-пікір жазу;
- курс терминдері бойынша кроссвордтар мен глоссарийлар дайындау;
- есептер шығару;
- статистикалық анықтамаларды талдау;
- топтық жобаға қатысу;
- таңдаған тақырып бойынша презентация жасау;
- тақырып бойынша жалпылау (обзор) дайындау.
Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.
Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:
- дәрістердің конспектісі болуы;
- курс бағдарламасының болуы;
- ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;
Жұмыс әдісі:
- дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау;
- конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;
- тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;
- тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;
- егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.
Есептерді шешу. Тапсырмаларды орындау әдістемесі:
- мұндай тапсырмаларды орындауды тек қана берілген тақырып бойынша материалды пысықтағаннан кейін бастауға болады;
- есептерді шығаруға кіріскен кезде оның шарттарын мұқият оқып шығу қажет;
- шығарудың жоспарын ойластыру;
- есепті шығару кезінде пайдаланылуға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді анықтау;
- есептің мазмұнына кіретін жағдайдың (ситуация) мәнін қайталап мұқият қарау;
- алғашқыда есепті шығаруды жалпы түрде жүзеге асыру, содан кейін заңның бабын анықтау;
- тиісті құқық нормаларының мазмұнын жүзеге асыру;
- шешімнің дұрыстығының анализін жасау.
Коллоквиумға дайындалу. Курстың теоретикалық бөлімін игеру
дәрежесін бағалау үшін кейбір пәндер бойынша колоквиум (әңгімелесу) өткізіледі. Соған байланысты колоквиумға ұсынылатын сұрақтар бойынша теоретикалық материал тағы да қайталануы тиіс.
Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты болып табылады:
- студенттердің ағымдағы білімдерін тексеру;
- студенттің дайындығын анықтау;
- үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.
Бақылау жұмысына дайындалу барысында студенттер мына жағдайларды білуі қажет:
- бақылау жұмысының тақырыбын білу;
- естегі теориялық материалды және берілген тақырып бойынша есептер шешімінің негізгі әдісін жаңарту;
- оқулықтардағы қарастырылған мысалдар мен есептерді және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарау.
Егер студент, бірінші дәрістен бастап өткен материалдар бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайтын болса, онда бақылау жұмысына дайындық еш қиындық туғызбайды және көп уақытты қажет етпейді.
Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт шектеулі, сондықтан өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлай білуді үйрену, өзіндік жұмыстың дағдыларын игеруге ұмтылу, оң тәжірибені қабылдау, жұмыс қабілеттігін сақтау үшін өнімді жұмыс жасай білуді және дұрыс демалуды үйрену қажет.
Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).
СӨЖ тапсырмаларын орындауда мыналарды басшылыққа алу қажет:
1. Азаматтық құқықтың өзге құқық салалары арасындағы маңызы мен мәнін анықтау үшін М.К.Сүлейменов , Ю.Г.Басиннің Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 7- 12, 17-20 беттерінен жауап аласыз.
2 Азаматтық құқық және азаматтық заңнама сұрағына жауапты Е.Ш.Дүсіпов, О.К.Қағазовтың Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім) оқу құралының 15-18 беттерінен жауап аласыз.
3. Азаматтық заңдардың уақыт аралығында қолданылуы сұрағына жауапты
Ғ.И.Төлеуғалиевтің Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том оқулығына сүйене отырып табасыз. Осы оқулықтың 10-12, 15 беттерінен жауап аласыз.
4. Іскерлік салт-дәстүр мен халықаралық құқықтық актілердің азаматтық құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін Ғ.А.Жайлиннің Азаматтық құқық. Жалпы бөлім 1-том оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 8-14 беттерінен жауап аласыз.
5. Азаматтық-құқықтық қатынастардың элементтері: субъект, объект және мазмұнын анықтау үшін М.К.Сүлейменов , Ю.Г.Басиннің Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 17-20, 25-28, 31-35 беттерінен жауап аласыз.
6. Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы және әдістері сұрағына жауапты
Ғ.И.Төлеуғалиевтің Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том оқулығына сүйене отырып табасыз. Осы оқулықтың 16-18, 20-23 беттерінен жауап аласыз.
7.Мүлік-азаматтық құқықтың объектісі сұрағына жауапты Е.Ш.Дүсіпов, О.К.Қағазовтың Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім) оқу құралының 14-16 беттерінен жауап аласыз.
8.Қамқорлық және қорғаншылықты анықтау үшін Ғ.А.Жайлиннің Азаматтық құқық. Жалпы бөлім 1-том оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 21-23 беттерінен жауап аласыз.
9. Акционерлік қоғам жөнінде толық ақпарат алу үшін 13.05.2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңына сүйену керек.
10. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде сұрағын толық ашу үшін М.К.Сүлейменов , Ю.Г.Басиннің Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 21-23, 45-48, беттерінен жауап аласыз.
11.Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы және түрлері. Азаматтық құқықты қорғау мерзімі сұрағына жауапты Е.Ш.Дүсіпов, О.К.Қағазовтың Қазақстан Республикасының азаматтық құқы (жалпы бөлім) оқу құралының 16-18 беттерінен жауап аласыз.
12.Меншік экономикалық категория ретінде. Жеке меншік құқығын анықтау үшін М.К.Сүлейменов , Ю.Г.Басиннің Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 51-53, 58-62 беттерінен жауап аласыз.
13.Мәжбүрлеп және ерікті түрде меншік құқығынан айыру сұрағына жауапты Ғ.А.Жайлиннің Азаматтық құқық. Жалпы бөлім 1-том оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 52-57 беттерінен жауап аласыз.
14.Ортақ бірлескен меншіктің әр түрлілігі. Заттық құқықтарды қорғауды анықтау үшін М.К.Сүлейменов , Ю.Г.Басиннің Азаматтық құқық. 1-том. Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 75-80 беттерінен жауап аласыз.
15.Іскерлік және субсидиялық міндеттемелер сұрағына жауапты Ғ.А.Жайлиннің Азаматтық құқық. Жалпы бөлім 1-том оқулығына сүйену қажет. Осы оқулықтың 85-90 беттерінен жауап аласыз.
