Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АІЖ каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.87 Mб
Скачать

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-26

28.05.2015 ж.

Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор

_____________ М.Ж. Мальтекбасов

«___»_______________ 2015 ж.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығына заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж. Т. Шаймуханова құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Г.К. Копбасарова

«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________ А.Б. Жуниспаева

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік кешені

Ф.4.09-26

28.05.2015 ж.

Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор

_____________ М.Ж. Мальтекбасов

«___»_______________ 2015 ж.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінің

ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандықтар: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-жұмыс бағдарламасы 5В030100 «Құқықтану» мамандығына заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ж.Т.Шаймуханова құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2015 ж. № хаттама

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Г.К. Копбасарова

«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы ____________ А.Б. Жүніспаева

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015

3 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Силлабус

Ф.4.09-28

28.05.2015 ж.

Заң факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

СИЛЛАБУС

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінің

Мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 3

семестр: 5

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

барлық дәрісханалық сағат: 45

дәріс: 15

практикалық сабақтар: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 60

Аралық бақылау 2

Емтихан: 5 - семестр

Талдықорған 2015 ж.

Оқытушы туралы мәлімет:

Шаймуханова Жайна Тлеукенқызы: Мемлекеттік және азаматтық-

құқықтық пәндер кафедрасының аға

оқытушысы, з.ғ.м.

байланыс телефоны:87013226666,

Emal: ZHaina070@mail.ru

Консультация сағаттары: СОӨЖ

Консультация кестесі бойынша

Пән пререквизиттері:

„ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы“ пәнін оқу үшін студенттер төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс:

- Мемлекет және құқық теориясы;

- ҚР конституциялық құқығы;

-ҚР азаматтық құқығы (жалпы және ерекше бөлім).

Пән постреквизиттері:

Бұл пәнді оқып, үйрену келесі пәндерді оқуы үшін қажет:

-Прокурорлық қадағалау;

- Еңбек даулары;

-Адвокатура.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы жоғарғы оқу орындарының негізгі іргелі оқу пәндерінің бірі болып есептеледі. Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтағы салалық ғылымдардың ең маңызды саласы.

Бұл оқу курсының оқыту пәні азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен конциепциялар болып табылады.

Оқытудың мақсаты:

  • Азаматтық іс жүргізу курсын оқытудың мақсаты – азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру аясында студенттер процессуалдық білімін қалыптастыру,

  • субъективтік құқықтарды қорғаудың әр түрлі нысанын реттейтін құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын және олардың іс жүзінде тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысын меңгеруі.

Оқытудың міндеті:

  • құқықтық қажетті дерек көздерімен танысу: ҚР Конституциясымен, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексімен, «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығымен, «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңымен;

  • маңызды нормативтік актілерді (жоғарыда көрсетілген) жете меңгеру және олармен жұмыс істей білу;

  • азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын білу және олардың мазмұнын нақты мәселелерді шешкен кезде қолдана білу;

  • сот тәжірибесінде теориялық ережелерді қолдану және азаматтық істер бойынша іс жүргізу құжаттарын жасау дағдысын дамыту;

  • іс жүргізудің әрбір субъектісінің алатын орны, процессуалдық жағдайы, құқықтары мен міндеттері, қызметі туралы түсінік беру.

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын балдың критерииі көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескертіледі. Студенттердың дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барысында лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және СМӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап баргані үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсенді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылық ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдарламадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дірежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын ескере алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б.» үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау корсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге баллқойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі керек. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

  • тыңдаушыларды мемлекеттік басқарудың жүйесімен, басқарудың әдістері мен нысандарын, басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету әдістерімен таныстыру;

  • әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси басқаруды әкімішілік-құқықтық басқарумен таныстыру және де ішкі істер органдарының жалпы, салалық және арнаулы басқару органдарымен өзара қатынастылығының ерекшеліктерімен таныстыру.

Студенттердің меңгеретін білімі және іскерлігі: курстың концепциясы оқу барысында студенттер мына сатылардан өтуін көздейді:

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні туралы көзқарасты қалыптастыру;

  2. Азаматтық іс жүргізу бойынша құқықтық түсініктерді қалыптастыру;

  3. Азаматтық іс жүргізу құқықтық білімі мен және түсініктері мен тәжірибелік қызметте әрекет етуі.

СӨЖ сабақтарына әр тақырып бойынша тіркелген оқулық және әдебиеттермен дайындалуы керек. Бір семестр уақытында студент төмендегі жұмыс көлемін орындауы қажет:

-таңдаған тақырып бойынша реферат дайындау және қорғау;

-СӨЖ тақырыптары бойынша коллоквиум тапсыру;

-Бақылау жұмыстарын жазу;

-Қорытынды емтиханды таңдаған нысаны бойынша тапсыру (тест, ауызша, жазбаша).

Осы пәнді оқыта отырып студенттермен тақырыптарға сәйкес есептер шығару, іскерлік ойындар, дискуссиялар, тест, тренингтар өткізу көзделген.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

-сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.