Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тренировочные тесты по психологии на казахском языке.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411.65 Кб
Скачать

118. Өзіндік сананың психологиялық механизмі болып табылатын:

А) Эмпатия.

В) Рефлекция.

С) Идентификация.

D) Атрибуция.

Е) Синестезия.

119. Түйсік ортаға бағытталған процесс нәтижесінде пайда болады және баяу түрде жүреді деген теорияны айтқан:

А) Рефлекторлық.

В) Рецепторлық.

С) Стимулдық.

D) Іс-әрекет.

Е) Талдағыш.

120. Дене терісінде орналасқан рецепторларға сыртқы стимулдар әсер еткен кезде пайда болатын түйсік қалай аталады:

А) Экстероецептивті.

В) Интерорецептивті.

С) Проприорецептивті.

D) Интерактивті.

Е) Ішкі.

121. Түйсіктің негізгі қасиеті болып табылмайтын қайсысы:

А) Қасиет.

В) Интенсивтілік.

С) Ұзақтығы.

D) Көлемі.

Е) Жалғасуы.

122. Ес психологиясындағы ассоциативті бағыттың өкілі:

А) Б.В. Зейгарник.

В) Эббингауз.

С) Г. Мюллер.

D) А.Н.Лентьев.

Е) К. Левин.

123. Естің алғашқы факторлары ретінде өзін құраушы бөліктердің жиынтығына тең болмайтын кейбір тұтас психологиялық құрылымды ұсынған психологиялық бағыт қалай аталады:

А) Естің іс-әрекеттік теориясы.

В) Естің ассоциативтік теориясы.

С) Гештальтпсихология.

D) Естің психоаналитикалық теориясы.

Е) Бихевиоризм.

124. Генетикалық тұрғыда алғашқы болып саналатын ес түрі:

А) Қозғалыс.

В) Бейнелік.

С) Эмоциялық.

D) Вербалды.

Е) Механикалық.

125. Есте қалдырылған немесе есте ұсталған материалды жай ғана бірнеше рет қайталауға негізделген ес түрі:

А) Қозғалыс.

В) Бейнелік.

С) Эмоциялық.

D) Вербалды.

Е) Механикалық.

126. Адамның сыртқы дүниемен өзара әрекеттестігін жүзеге асыратын субъективті ішкі дүниесі - ол:

А) Психика.

В) Психология.

С) Жарнама психологиясы.

D) Жануарлар психологиясы.

Е) Еңбек психологиясы.

127. Адам үшін өте мәнді, күшті стимул арқылы туындайтын, тез пайда болатын өте жылдам және қысқа уақыттық эмоционалды күй қалай аталады?

А) Аффект.

В) Эмоция.

С) Паника.

D) Айқай-шу.

Е) Қызығу.

128. Мағынасы бойынша кең көлемде алынған түсінік қайсысы?

А) Индивид.

В) Тұлға.

С) Іс-әрекет субъектісі.

D) Даралық.

Е) Профессор.

129. Әлеуметтік факторлар арқылы анықталатын негізгі қасиеттер - бұл:

А) Инстинктер.

В) Механикалық ес.

С) Құндылық бағдарлар.

D) Музыкалық қабілет.

Е) Көріп қабылдау.

130. Тұлғаны іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырған:

А) А.Н. Леонтьев.

В) А.Ф. Лазурский.

С) К.К. Платонов

D) К.К. Коволев.

Е) К. Юнг.

131.Адамның индивидуалды жүріс-тұрысының біршама жалпы формалды-динамикалық сипаттамасы:

А) Мінез.

В) Темперамаент.

С) Қабілеттер.

D) Бағыттылық.

Е) Ес.

132. Тұлғаның өз өмірін басқаруының көзі ретінде қоршаған ортаны немесе өзін-өзі тануына ішкі нұсқауы былай аталады:

А) Интроспекция.

В) Бақылау локусы.

С) Инверсия.

D) Паттерн.

Е) Көру.

133. Сыртқы дүниеге бағытталған тұлға типі қалай аталады:

А) Интроспекция.

В) Интровертті.

С) Экстровертті.

D) Экстрапунитивті.

Е) Интрапунитивті, экстрапунитивті.

134. Импульсивтілік, инициативтілік, жүріс-тұрыстың икемділігі жақсы қарым-қатынас, әлеуметтік бейімделуге қабілеттілік мына типтегі адамдарға тән:

А) Интроверттер.

В) Экстраверттер.

С) Интрапунитивті тип.

D) Шизоидті.

Е) Импульсивті

135. Адам психикалық құрылымын қарастыра отырып, З. Фрейд «қанағаттану принципі» немен басқарылатынын көрсетті?

А) «Ол».

В) «Мен»

С) «Менен жоғары»

D) «Супер-эго».

Е) «Эго»

136. Бақылауға болатын жүріс-тұрысты ғана объективті суреттеуге болады деген пікірді айтқан:

А) Гештальттықтар.

В) Фрейдистер.

С) Бихевиористер.

D) Когнитивистер.

Е) Психоаналитиктер.

137. Заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен кездегі тұтастай бейнеленуі - бұл:

А) Түйсік

В) Қабылдау.

С) Зейін.

D) Сипап сезу.

Е) Ес.

138. Адамзат түрінің бірден-бір өкілі, барлық психофизиологиялық және белгілердің иесі:

А) Тұлға.

В) Адам.

С) Индивид.

D) Даралық.

Е)Адам, тұлға.

139. «16тұлғалық фактор» сұрақтамасының авторы кім?

А) З. Фрейд.

В) Г. Олпорт.

С) Р. К.ттел.

D) Әдет.

Е) Түйсік.

140. Адамның еріктік және моралды-өнегелік қасиеттерінің жиынтығы қалай аталады?

А) Мінез.

В) Темперамент.

С) Қабілет.

D) Әдеп.

Е) Түйсік.

141. Бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ бір мезгілде ашық және нақты қабылдануы мүмкін объектілердің саны:

А) Зейіннің аусуы.

В) Зейіннің көлемі.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейін.

Е) Зейіннің шоғырлануы.

142. Бұрын есте қалған материалдың қайта оралуы:

А) Еске арнайы түсіру.

В) Толық еске түсіру.

С) Қайта жаңғыру.

D) Есте сақтау.

Е) Ес.

143. Материалды есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғырту үшін оны өңдеуге мүмкіндік беретін мнемикалық әрекеттер былай аталады:

А) Мнемикалық қабілеттердің реттеуші механизмдері.

В) Мнемикалық қабілеттердің операциялық механизмі.

С) Мнемикалық қабілеттердің функционалды механизмі.

D) Мнемикалық қабілеттердің аналитикалық механизмі.

Е) Мнемикалық қабілеттердің механикалық механизмі.

144. Темперамент неше психологиялық сипатқа бөлінеді:

А) 4.

В) 8.

С) 2.

D) 5.

Е) 7.

145. Холерик-бұл:

А) Күшті, тұрақты, қозғалымпаз тип.

В) Күшті, тұрақсыз, баяу тип.

С) Әлсіз тип.

D) Күшті, тұрақсыз, қозғалғыш тип.

Е) Әлсіз, тұрақсыз тип.

146. Белгілі бір нәрсеге деген құштарлық және саналы қажеттілік-бұл:

А) Ұмтылыс.

В) Қалау.

С) Қызығу.

D) Бейімділік.

Е) Сенім.

147. Адамның бір нәрсе туралы немесе басқа адам туралы жағымды эмоционалды түсінігі:

А) Сенім.

В) Түрткі.

С) Идеал.

D) Стимул.

Е) Қажеттілік.

148. Субъектінің өзіндік психикалық процестер және күйлер туралы дәл сол кезде немесе содан кейі мәлімет алуы:

А) Бақылау.

В) Эксперимент.

С) Тестілеу.

D) Өзіндік бақылау.

Е) Контент-анализ.

149. Тұлғаарлық қатынастардың құрылымы мен сипатын олардың тұлғааралық таңдауын өлшеу негізінде зерттеу тәсілі былай аталады:

А) Контент-анализ.

В) Салыстыру әдісі.

С) Әлеуметтік бірліктер әдісі.

D) Социометрия әдісі.

Е) Бақылау әдісі.

150. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері болып табылатыны:

А) Тест және лабораториялық эксперимент.

В) Іс-әрекет нәтижесін психологиялық талдау.

С) Қабылдау және эксперимент.

D) Стандарттық сұрақтама және проективті тест.

Е) Анкета жүргізу.

151. Танымдық процестер психологиясы зерттейтін психиканың феномендері:

А) Мінез, темперамент, мотивация.

В) Эмоция, қабілет, ерік.

С) Түйсік, ес, қиял.

D) Меланхолия, флегматика белгілері.

Е) Қарым-қатынас, дамудың сензитивті кезеңі.

152. «Психика тек жүйке жүйесі дамыған организмдерге ғана тән»- деген түсінік кімге тән:

А) А.Н. Леонтьев.

В) Биопсихизм бағыты.

С) В. Вундт.

D) Нейродинамика бағыты.

Е) Нейропсихизм, Ч. Дарвин.

153. Бейнелеудің биологиялық формасы - бұл:

А) Жүріс-тұрыс.

В) Инстинкт.

С) Тітіркенгіштік.

D) Белсенділік.

Е) Мотивация.

154. Психика барлық тірі табиғатқа тән дегенді кім айтқан:

А) Биопсихизм.

В) Л.С. Выготский.

С) В.Вундт.

D) Нейродинамизм.

Е) Нейропсихизм. Ч.Дарвин.

155. Адамның бір нәрсені керек етуі:

А) Түрткі.

В) Қажеттілік.

С) Қызығу.

D) Бейімділік.

Е) Стресс.

156. Адам қиялында бүгінгі күннің, болашақтың жағымды суретін тудыратын, ақиқатқа аса сәйкес емес адам қиялының аталуы::

А) Ниет.

В) Аса қажет болу.

С) Құштарлықтар.

D) Идеал.

Е) Аңсау.

157. Адамның психикалық іс-әрекетінің сыртқы көрінісі:

А) Дененің орналасуы, мимика, дауыс ырғағы.

В) Нұсқаулар.

С) Түйсіктер.

D) Күтімдер.

Е) Қабілеттер.

158. Белсенділік, еңбек, еңбек әрекеті, іс-әрекет, өзара әрекет түсініктерінің ішінен логикалық және біршама кең мағынада алынғанын табыңыз:

А) Белсенділік.

В) Еңбек әрекеті.

С) Іс-әрекет.

D) Өзара әрекет.

Е) Еңбек.

159. Тіршілік иелерінің барлығына ортақ сипаттаманы көрсететін сөзді табыңыз:

А) Іс-әрекет.

В) Белсенділік.

С) Тітіркенгіштік.

D) Бұлшықеттің жиырылуы.

Е) Тітіркену.

160. Тіршілік иелерінің белсенділік көзі:

А) Ұмтылу.

В) Тіршілік ету шарттары.

С) Қажеттіліктер.

D) Бағыттылық.

Е) Мақсат.

161. Жануарлар белсенділігіне түрткі болатын:

А) Қажеттіліктер.

В) Табиғи ұйымдасу.

С) Ортаға бейімделу.

D) Дене құрылымы.

Е) Инстинктер.

162. Адам қажеттіліктерінің қалыптасуы қандай процесте жүзеге асады:

А) Тәрбиелеу.

В) Іс-әрекет.

С) Белсенділік.

D) Еңбек құралдарын жасау.

Е) Ортаға бейімделу.

163. Қажеттіліктерді қанағаттандыру процесі келесі түрде көрініс табады:

А) Тарихи даму нәтижесі.

В) Іс-әрекет түрлерін меңгерудің белсенді процесі.

С) Қоғамдық даму белгілеген іс-әрекетті мақсатты түрде меңгеру процесі.

D) Адамзат қоғамына бейімделу.

Е) Қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік.

164. Адамның табиғи қажеттіліктерінен нені көруге болады:

А) Адамды белсендендіруші іс-әрекет.

В) Адамның еңбек іс-әрекеті.

С) Қоғамдық сана өнімдеріне тәуелділік.

D) Өмір сүруге қажетті шарттарға тәуелділік.

Е) Ортаға бейімделу мүмкіндігі.

165. Дамудың бастапқы кезеңдеріндегі бала дамуына түрткі болатын:

А) Биологиялық мәнді заттар.

В) Адамдардың заттарды пайдалану тәсілі.

С) Қоғамдық тәжірибедегі заттардың қызметі.

D) Табиғи қажеттіліктер.

Е) Тұлға бағыттылығы.

166. «Өз бетімен жауап қайтару күшіне» қабілеттілік деп нені айтуға болады.:

А) Белсенділік.

В) Әрекет.

С) Іс-әрекет.

D) Тітіркену.

Е) Тактилділік.

167. Тіршілік етудің нақты шарттарына тәуелділікті көрсететін, осы шарттарға байланысты белсенділік тудыратын тірі организмнің күйі:

А) Іс-әрекет.

В) Қажеттілік.

С) Инстинкт.

D) Интеллектуалды жүріс-тұрыс.

Е) Рефлекс..

168. Іс-әрекет талдауының негізгі бірлігі ретінде қарастырылатыны:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Мотив.

D) Мақсат.

Е) Міндет.

169. Адамның белгілі бір қажеттілігінің, мотивінің салдары ретінде туындайтын, оның алға қойған мақсатына қол жеткізуі жүзеге асатын, адамның ортамен белсенді өзара әрекеті - бұл:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Іс-әрекет.

D) Іскерлік.

Е) Дағды.

170. Басқа адамдар үшін өз істеген ісінің қаншалықты маңызды екенін адамның саналауына көмектесетін әрекет:

А) Жүріс-тұрыс.

В) Дағды.

С) Ым (Жест).

D) Қылық.

Е) Көзқарас.

171. Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған процесс.:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Мотив.

D) Іскерлік.

Е) Міндет.

172. Әрекет- бұл:

А) Өндіруші еңбек.

В) Іс-әрекет элементі.

С) Саналанбаған әрекет.

D) Бір нәрсенің кеңістікте орын ауыстыруы.

Е) Жұмыс.

173. Адамды әрекетке итермелеуші нақты бір нәрсеге деген заттық қажеттілік:

А) Бейімділік.

В) Арман.

С) Мотив.

D) Қызығу.

Е) Аңсау.

174. Әрекеттерді орындаудың жаттығулар нәтижесінде автоматы түрде жүзеге асатын тәсілі:

А) Іскерлік.

В) Әдет.

С) Дағды.

D) Операция.

Е) Рефлекс.

175. Берілген анықтамалардың ішінен дұрысын табыңыз. Қарым-қатынас - бұл:

А) Бір уақытта жүретін, адамдар арасындағы байланыс орнату актісі.

В) Ақпарат алмасу, бір-бірін түсіну, өзара іс-әрекет қажеттіліктері арқылы туындаған, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі процесі.

С) Кәсіби іс-әрекеттің сирек кездесетін түрі.

D) Шет ел тілінде ақпарат алмасуын жүзеге асыратын іс-әрекет.

Е) Мемлекеттік тілде пікір алысу.

176. Қарым-қатынас тәсілдері ретінде қызмет атқаратын сөздік белгілер жүйесі:

А) Проксемика.

В) Сөз.

С) Семантика.

D) Тіл.

Е) Лингвистика.

177. Бірлескен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әрекеттерді өзара бағыттау және үйлестіру қарым-қатынастың келесі мақсаттарына сәйкес келеді:

А) Ақпараттық.

В) Координациялық.

С) Мотивтің болмауы.

D) Итермелеуші.

Е) Қатынас орнату.

178. Өзін басқа адаммен салыстыру арқылы оны түсінуді көрсететін қарым-қатынастағы негізгі тұлғааралық қабылдау механизмі:

А) Әлеуметтік-психологиялық рефлексия.

В) Стереотипизация.

С) Эмпатия.

D) Идентификация.

Е) Кері байланыс.

179. Психологиядағы негізгі қарым-қатынас түрлері:

А) Аффективті, эмоционалды, коммуникативті.

В) Ақпараттық, аффективті.

С) Эмоционалды, трансляциялық.

D) Вербалды және вербалды емес.

Е) Сыртқы, ішкі.

180.Тілдің көмегімен қарым-қатынас орнату процесі:

А) Афазия.

В) Монолог.

С) Сөйлеу.

D) Семантика.

Е) Фонетика.

181. Адам қызығулары мен бейімділіктері қарым-қатынастың келесі жоспарының көрсеткіштері бола алады:

А) Коммуникативті.

В) Индивидуалды-тұлғалық.

С) Жалпы әлеуметтік-психологиялық.

D) Моралдық-саяси.

Е) Әскери-патриоттық.

182. Қарым-қатынас процесінде бір-біріне деген дұрыс емес қатынастың орнауы қарым-қатынастағы келесі кедергілер түріне жатады:

А) Физикалық.

В) Әлеуметтік-психологиялық.

С) Санадағы нұсқаудың дұрыс болмауы.

D) Ұйымдастырушы-психологиялық.

Е) Табиғи.

183. Іс-әрекеттің келесі стилінде қарым – қатынас кезінде басқа адам тең құқылы партнер ретінде қарастырылады:

А) Демократиялық.

В) Авторитарлы.

С) Либералды.

D) Еркіне жіберу.

Е) Консервативті.

184.Коммуникативті іскерліктің келесі түрлері қарым-қатынас құбылыстарының жиі және жүйесіз түрде саналануымен сипатталады:

А) Интуитивті.

В) Тұрмыстық.

С) Саналы.

D) Ғылыми.

Е) Теориялық.

185. Басқа адамның эмоционалды күйін түсіне алу қалай аталады:

А) Тұлғааралық коммуникация.

В) Бір-бірін қабылдау және түсіну.

С) Тұлғааралық өзара әрекет.

D) Топтық өзара әрекет.

Е) Ықпал ету.

186. Әрбір түсінік өзінен кейінгі түсінікке жақын болып келетін кезектестікті табыңыз:

А) Микротоп – топ – ұжым – диада.

В) Ұжым – топ – диада – микротоп.

С) Ұжым – микротоп – диада – топ.

D) Топ – ұжым – микротоп – диада.

Е) Диада – топ – микротоп – ұжым.

187. Шағын топтар:

А) Жанұя, спорт командасы, мектептегі сынып.

В) Партия, студенттер тобы, шахтерлер.

С) Корпорация, ұлт, еңбек ұжымы.

D) Әйелдер, жанұя, мектептегі сынып.

Е) Педагогтар, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері.

188. Шағын топтар типологиясы негізінде, мақсаттары мен құндылықтары, жүріс-тұрыс нормалары мен формалары, пікірлері мен түйіндері индивид үшін еліктеу үлгісі болатын топ атауын көрсетіңіз:

А) Диффуздық топ.

В) Корпорация.

С) Референтті емес топ.

D) Референтті топ.

Е) Шартты топ.

189. «Ұжым» түсінігінің біршама нақты анықтамасы:

А) Бір мекемеде, бірге жұмыс істейтін адамдар тобы.

В) Ортақ қызығулары арқылы біріктірілген адамдар тобы.

С)Тұлғааралық қатынастары бірлескен іс-әрекеттің қоғам үшін құнды және тұлғалық мәні бар мазмұнмен себептелінген топ.

D) Қоғамның бір бөлігін құрайтын кез-келген адамдар тобы.

Е) Бір мақсатты ұстанған үлкен топ (мысалы, оқушылар).

190. Топтағы тұлғааралық қалауды анықтаудың тиімді тәсілі:

А) Референтометрия.

В) Диагностика.

С) Социометрия.

D) Психометрия.

Е) Әлеуметтену.

191. Индивидтің топ ықпалына көнуі, онымен сырттай келісуі, саналы түрде бейімделу:

А) Мотивация.

В) Топ бірлігі.

С) Конформдылық.

D) Әлеуметтену.

Е) Белсенділік.

192. Ұйымдасу ерекшеліктері арқылы, бірлескен іс-әрекеттегі ортақ белгілері негізінде ерекшеленетін адамдар жиынтығы:

А) Қоғам.

В) Ұжым.

С) Партия.

D) Халық.

Е) Топтасу.

193. Әртүрлі, тұрақтылығы орташа, бірлестіктерге біріктірілген адамдар тобы:

А) Топтар.

В) Ұжым.

С) Микротоп.

D) Корпорация.

Е) Жиын.

194. Бір-бірімен тікелей қарым-қатынастағы, қандай-да бір ортақ іспен айналысатын, адамдардың шағын бірлестігі:

А) Үлкен топ.

В) Шағын топ.

С) Формалды емес топ.

D) Референтті топ.

Е) Корпорация.

195.Адамдардың қандай топтары арқылы қоғам идеологиясы жанама түрде индивид психологиясына әсер етеді:

А) Үлкен.

В) Шағын.

С) Шартты.

D) Шынайы.

Е) Формалды.

196. Формалды емес топ:

А) Ресми қабылданған ұйым шегінде өмір сүретін топ.

В) Жүріс-тұрысы мен құндылықтары бөтен, қоғам үшін еш мәні жоқ топ.

С) Өзара қатынастары топ мүшелерінің жеке қызығулары негізінде құрылған топ.

D) Зерттеу жүргізу мақсатында құрылған топ.

Е) Үш ресмиден құрылған топ.

197. Эксперименттік зерттеуге қатысатын және алынған нәтижелері салыстырылатын адамдар тобы:

А) Номиналды.

В) Шынайы.

С) Шартты.

D) Референтті емес.

Е) Бақылау тобы.

198. Ұжымға қойылатын талаптар:

А) Барлық топ мүшелерінің мінездері жайлы болу.

В) Топтағы әрбір адамның шығармашылық потенциалының дамуына жағдай жасалған.

С) Топ әрбір бос уақытты бірге өткізеді.

D) Топ мүшелерінің көпшілігінің қызығулары ұқсас.

Е) Топта шиеленісті жағдайлар туындамайды.

199. Өзіндік сананың психологиялық механизмі болып табылатыны:

А) Эмпатия.

В) Атрибуция.

С) Идентификация.

D) Рефлексия.

Е) Синестезия.

200. Болашақтың қалаулы бейнесі:

А) Схемалау.

В) Арман.

С) Салыстыру.

D) Фантазия.

Е) Біріктіру.

201. Эмоция – бұл практикалық іс-әрекеттің жағымды немесе жағымсыз процестері мен нәтижелерін бастан өткізудің келесі түрде бейнеленуі:

А) Тікелей.

В) Жанама.

С) Саналы.

D) Рационалды.

Е) Ерекше.

202.Бір нәрсеге деген қажеттілікті қанағаттандыруды бастан кешіру:

А) Қызығу.

В) Қуаныш.

С) Таңдану.

D) Түсінбей қалу.

Е) Қалау.

203. Бір нәрсеге деген қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы, ажырап қалуды бастан кешіру - бұл:

А) Қайғы.

В) Ұят.

С) Ашу.

D) Қорқыныш.

Е) Бақыт.

204.Адамның өз-өзіне көңілі толмауы, өзіне қойған талаптарға жауап беруге өзіндік қабілетсіздікті бастан кешіру – бұл:

А) Қайғы.

В) Ұят.

С) Ашу.

D) Қорқыныш.

Е) Көңілі қалу.

205. Танымдық іс-әрекетпен байланысты сезімдер былай аталады:

А) Моралдық.

В) Интеллектуалды.

С) Эстетикалық.

D) Практикалық.

Е) Азаматтық.

206. Адамды баурап алып, оны ұзақ уақыт бойы басқаратын, күшті, тұрақты, біршама ұзаққа созылатын сезімнің аталуы:

A) Аффект.

B) Құштарлық.

C) Көңіл-күй.

D) Сезім.

E) Қызығу.

207. Өте күшті эмоционалды бұзылу, қатты көтерілу және шектен тыс дағдарысқа ұшырау күйі:

A) Аффект.

B) Құштарлық.

C) Фрустрация.

D) Стресс.

E) Әуестену.

208. Сәтсіздіктер нәтижесінде туындайтын, өте күшті эмоциялық күй:

A) Аффект.

B) Фрустрация.

C) Көңіл-күй.

D) Стресс.

E) Әуестену.

209. Түрлі жағдайларда адамның өзіндік «Меніне» төнген қауіпті қабылдауға деген тұрақты бейімділігі оның келесі эмоциялық күйін сипаттайды:

A) Көңіл-күй.

B) Стресс.

C) Қобалжу.

D) Ашу.

E) Фрустрация.

210. Адам өзі жеңе алмайтын, нақты бір заттардан, жағдайлардан, мәндерден қорқумен немесе еш себепсіз қорқыныштың пайда болуымен сипатталатын күй:

A) Аффект.

B) Фобиялар.

C) Стресс.

D) Фрустрация.

E) Қобалжу.

211. Жаны ашу немесе оның қайғысына ортақтасу түрінде басқа адамның эмоциялық күйін бастан кешіру былай аталады:

A) Рефлексия.

B) Идентификация.

C) Эмпатия.

D) Симпатия.

E) Еліктеу.

212. Ерік – бұл ішкі және сыртқы бөгеттерді жеңе отырып, адамның өз жүріс-тұрысын реттеуі. Бұл реттеудің қандай түрі:

A) Саналы.

B) Саналы емес.

C) Интуитивті.

D) Ырықсыз.

E) Ырықтыдан кейінгі.

213. Адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдауы және оларды сол күйінде іс-әрекетте жүзеге асыру қабілеті ол адамның қандай қасиетін көрсетеді:

A) Айтқанынан қайтпау.

B) Дербестік.

C) Принцип ұстану.

D) Шешім қабылдағыш.

E) Жүйелілік.

214. Адамның ұзақ уақыт бойы күш-қуатын төмендетпей ұстауға қабілеттілігі, мақсатқа жетуде ешнәрсеге мойын бұрмауы мынадан көрінеді:

A) Бірбеткей.

B) Саналылық.

C) Оптимизм.

D) Еңбек сүйгіштік.

E) Принципке барғыштық.

215. Адамның өзістеген қылықтарын басқа адамдардың қысымына немесе кездейсоқ әсерлерге сүйенбей, өз сенімдері мен білімдері негізінде анықтау мүмкіндігі:

A) Бірбеткей.

B) Дербестік.

C) Принцип ұстану.

D) Өз - өзіне сенімділік.

E) Оптимизм.

216. Тұлға дамуының динамикасын бағдарлаушы, оның жүріс-тұрысына негізгі бағыт берушітұрақты мотивтер мен қалаулар жүйесі - бұл:

A) Темперамент.

B) Бағыттылық.

C) Мінез.

D) Қабілеттер.

E) Әдеттер.

217. Темперамент туралы ілімнің физиологиялық негізі кімнен басталаады:

A) Демокриттан.

B) Платоннан.

C) Гиппократтан.

D) Галеннен.

E) З. Фрейдтен.

218. Темперамент типтерін анықтайтын факторларды түсіндіретін бағыттың бірі:

A) Френологиялық.

B) Конституциялық.

C) Физиогнмикалық.

D) Нейродинамикалық.

E) Гуморалды.

219. И.П. Павлов бойынша жүйке жүйесінің күшті, тұрақсыз және қозғалғыш типі мыналарға тән:

A) Сангвиниктер.

B) Флегматиктер.

C) Холериктер.

D) Меланхоликтер.

E) Флегматико-меланхоликтер.

220. Психикалық белсенділіктің төменгі деңгейіқозғалыстың баяулығы, тез шаршау, жоғарғы эмоциялық сезімталдық жағымсыз эмоциялардың басымдылығы мыналарға тән:

A) Сангвиник.

B) Холерик.

C) Флегматик.

D) Меланхолик.

E) Холерико-сангвиник.

221. Тез ренжу және өте қатты қайғыруға бейімділікпен сипатталатын темперамент типі:

A) Холерик.

B) Сангвиник.

C) Флегматик.

D) Меланхолик.

E) Холерик-сангвиник.

222. Темперамент ерекшеліктерін анықтайтын сөздер тобын көрсетіңіз:

A) Алған бетінен қайтпау, ұқыпсыз.

B) Еңбек сүйгіштік, өзіндік пікір.

C) Баяулылық, тұйықтық.

D) Ұқыптылық, қулық.

E) Білімділік, көп оқығандық.

223. Темперамент түсінігіне анықтама беріңіз:

A) Бір индивидтен екіншіге эмоцияналдық күдің берілу процесс.

B) Жүріс – тұрыста қалыптасатын және көрінетін тұлғаның тұрақты дара ерекшеліктерінің жиынтығы.

C) Адамның танымдық процестерінің біршама тұрақты дара ерекшеліктері.

D) Психиканың динамикалық көріністерінің табиғи шартталынған, ерекше жиынтығы.

E) Барлық тіршілік иелеріне тән, аз зерттелген психикалық құбылыс.

224. Түрлі түйсіктердің бір-біріне әсері:

А) Синестезия.

В) Аккомодация.

С) Конвергенция.

D) Сенсибилизация.

Е) Абстракция.

225. Тұлға – бұл бір жағынан қабілеттердің, өткен тәжірибенің және индивидуум күтімдерінің өзара әрекеттесу, ал екінші жағынан сыртқы жағдайлар нәтижесі - деген пікір кімге тән:

А) Социодинамикалық бағыт өкілдеріне.

В) Гештальттықтарға.

С) Психоаналитиктерге.

Д) Когнитивистерге.

Е) Гуманистерге.

226. Аналитикалық психологияның негізгі ұғымы:

A) Артефакт.

B) Архетип.

C) Белгі.

D) Символ

E) Барлық жауаптар дұрыс.

227. Психикалық қорғаныс миханизмінің мәселесін алғаш ұсынған:

A) Гештальтпсихология.

B) Гуманистік психология.

C) Психоанализ.

D) Бихевиоризм.

E) Когнитивтік психология.

228. Адамның онтогенетикалық дамуын түсініктердің келесі түрдегі кезектесіп келуімен сипаттауға болады:

A) Индивид, тұлға, іс-әрекет субъектісі, даралық..

B) Индивид, іс-әрекет субъектісі, даралық, тұлға.

C) Индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.

D) Іс-әрекет субъектісі, тұлға, даралық.

E) Тұлға, даралық, индивид, субъект.

229. Орындалуы кейбір психикалық қызметтердің жетілуі көрсеткіштері болып табылатын қысқа мерзімдік тапсырма қалай аталады?

A) Эксперимент.

B) Іс-әрекет нәтижелерін психологиялық талдау.

C) Бақылау.

D) Сұрақтама.

E) Тест.

230. Бейнелеудің биологиялық түрі - бұл:

A) Жүріс-тұрыс.

B) Инстинкт.

C) Тітіркену.

D) Белсенділік.

E) Мотивация.

231. Адам ағзасының дамуы былай аталады:

A) Онтогенез.

B) Филогенез.

C) Социогенез.

D) Антропогенез.

E) Полигенез.

232. Адамның сыртқы дүниеге, адамдармен қарым-қатынасқа бейімділігі:

А) Интроверт.

В) Амбиверт.

С) Экстраверт.

D) Невротик.

Е) Интеллектуал.

233. Интерактивті психология бойынша адам – бұл:

A) Қарым-қатынас және өзара әрекеттестік арқылы сипатталатын табиғи мән.

B) Негізгі сипаттамасы космыспен қарым-қатынаста сипатталатын негізгі мән.

C) Негізгі сипаттамасы аңдармен қарым-қатынаста сипатталатын негізгі мән.

D) Негізгі сипаттамасы арнайы топтармен қарым-қатынаста сипатталатын негізгі мән.

E) Негізгі сипаттамасы арнайы емес топтармен қарым-қатынаста сипатталатын негізгі мән.

234. Психологиядағы “Зейгарник эффектісі” былай сипатталады:

A) Есте қалдыру бұзылады.

B) Аяқталмаған әрекеттер жақсы есте сақталады.

C) Бейнелерді ойша елестетуге болады.

D) Балалық шақтағы оқиғалар есте жақсы сақталады.

E) Оқиғалардың қайта жаңғыруы бұзылады.

235. Адамдағы туа біткен ес түрлері:

A) Ұзақ уақыттық, ырықсыз, механикалық.

В) Ырықсыз, аналитикалық, қысқа мерзімді.

C) Тікелей, ырықсыз, механикалық.

D) Жанама, ырықты, логикалық.

E) Логикалық, ойлау, адами.

236. Адамдағы жүре пайда болатын ес түрлері:

A) Ұзақ уақыттық, ырықсыз, механикалық.

В) Ырықсыз, аналитикалық, қысқа мерзімді.

C) Тікелей, ырықсыз, механикалық.

D) Жанама, ырықты, логикалық.

E) Логикалық, ойлау, адами.

237. Ойлаудың логикалық операцияларына жатпайтынын көрсетіңіз:

A) Абстракциялау.

В) Синтез.

C) Анализ.

D) Салыстыру.

E) Қарастыру.

238. Мінездің кейбір қасиеттерінің дамуының әсерінен басқа қасиеттерінің жойылуы, нәтижесінде біртекті шеленістердің пайда болуы былай аталады:

А) Стресс.

В) Фрустрация.

С) Акцентуация.

D) Психопатия.

Е) Акселерация.

239. Мінез-бұл:

А) Индивидтің әртүрлі іс-әрекеттегі психофизиологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын туа біткен анатомо-физиологиялық және жүре қалыптасқан реттеуші қасиеттерінің жиынтығы.

В) Индивидтің психикалық белсенділігінің ерекшеліктерінде-қарқыны, жылдамдығы, психикалық реакциялардың темпінде-көрінетін психодинамика қасиеттер жиынтығы.

С) Тұлғаның жүріс-тұрыстың типін қалыптастыратын жүріс-тұрыс тәсілдері мен тұрақты мотивтер жүйесі.

D) Тұрақты мотивтер жүйесі.

Е) Психикалық іс-әрекеттің динамикалық ерекшеліктері тұрғысынан алғандағы адамның сипаттамасы.

240. Сана - бұл:

А) Түрлі іс-әрекеттегі индивидтің психофизиологиялық мүмкіндіктерін анықтайтын туа біткен анатомо-физиологиялық және жүре қалыптасқан реттеушілік қасиеттерінің жиынтығы.

В) Индивидтің психикалық белсенділік ерекшеліктерінде – қарқындылық, жылдамдық, психикалық реакциялар темпінде көрініс табатын психика динамикалық қасиеттер.

С) Тұлғаның жүріс-тұрыстық типін қалыптастыратын, жүріс-тұрыс тәсілдері мен тұрақты мотивтер жүйесі.

D) Психика дамуының жоғарғы формасы.

Е) Жағдайларға ақпаратқа деген субъективтік қатынас және түсінік.

241. Зейін - бұл:

А) Психика дамуының жоғарғы формасы.

В) Адам іс-әрекеті үшін мәнді дүниенің санада орнығуы, белгілі бір объектілерге бағыттылық арқылы көрінетін оптималды сана қызметі.

С) Тұлғаның жүріс-тұрстық типін қалыптастыратын, жүріс-тұрыс тіслдері мен тұрақты мотивтер жүйесі.

D) Сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін заттардың жекеленген қасиеттерін түйсіну.

Е) Болашақтың бейнесі, өткен тәжірибе негізінде жаңа бейненің құрылуы.

242. Зейін қасиеттеріне жататыны:

А) Белсенділік, бағыттылық, көлем, бөліну, шоғырлану, тұрақтылық және ауысу.

В) Ұйымдасудың бұзылуы.

С) Пассивтілік, тұрақсыздық.

D) Бейнелеу, көлем, бағыттылық.

Е) Реттеуші – бағалаушы қасиет.

243. Шартты рефлекстер - бұл:

А). Адам іс-әрекеті үшін мәнді дүниенің санада орнығуы, белгілі бір объектілерге бағыттылық арқылы көрінетін оптималды сана қызметі

В) Өмір әрекеті барысындағы ағзада қалыптасқан рефлекстер.

С) Өмірлік маңызды тітіркендіргіштерге ағзадағы туа біткен реакциялар.

D) Реттеуші – бағалаушы қасиет.

Е) Тірі ағзаның саналанбайтын әрекеттері.

244. Қабылдау деңгейлері:

А) Сенсорлық, перцептивтік, оперативті, іс-әрекеттік.

В) Еңбек объектісі, еңбек шарты.

С) Еңбек субъектісі , еңбек мазмұны, құралдары, шарттары.

D) Күрделі және қарапайым, реттеуші және перцептивті.

Е) Ырықты және ырықсыз, күрделі және қарапайым.

245. Ойлау формалары деп аталатыны:

А) Зат туралы белгілі бір білімдер.

В) Ойлардың формалдық құрылымы.

С) Обьектілерді мәнді белгілер бойынша топтастыру.

D) Күрделі және қарапайым,.

Е) Ырықты және ырықсыз.

246. Ойлау формалары:

А) Салыстыру, жалпылау, абстракция.

В) Топтау, нақтылау, жүйелеу.

С) Талқылау, ой қорытындысы және түсінік.

D) Күрделі және қарапайым.

Е) Көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік – лгогикалық.

247. Адам интеллектісінің негізгі қасиеттері болып табылатыны:

А) Ой тереңдігі, ойдың шапшаңдығы, ойлаудың логикалылығы, ойлаудың дәлелдеу қасиеті және кеңдігі.

В) Топтау, нақтылау, жүйелеу.

С) Талқылау, ой қорытындысы және түсінік.

D)Талқылаудың күрделілігі және қарапайымдылығы. Е) Ырықсыз және басқаруға көнбейтін ой ағымдары.

248. Қарым-қатынас формалары:

А) Іскерлік, кәсіби, тұрмыстық, жиі, адамаралық, топ ішінде және бұқаралық.

В) Еңбек, псиохологиялық.

С) Педагогикалық.

D) Адами және писхологиялық.

Е) Вербальы және вербальды емес

249. Қарым-қатынастың паравербальды сипаттары:

А) Адамның мінез-құлқы.

В) Сөз.

С) Тіл.

D) Мимика, жесты, пантомимика.

Е) Монолог и диалог.

250. Эмоциянальды конфликтілі жағдайы:

А) Стресс, аффект.

В) Аффект.

С) Фрустрация.

D) Стресс, фрустрация, аффект.

Е) Қажеттілік.