Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.

«Сот сараптамасы туралы» ҚР Заңының 1 бабына сәйкес, сот сарапшысы істің қорытындысына мүдделі емес, қылмыстық процесті жүргізіп жатқан тұлғамен немесе оның талабы бойынша сот сараптамасы органының басшысымен сот сараптмасының өндірісі жүктелген, арнаулы ғылыми білімге ие тұлға болып келеді.

«Сот сараптамасы туралы» ҚР Заңының 10 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында сараптама өндірісі:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға;

3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған Заңның 10 бабы 3 тармағына сәйкес сот сараптмасы :

1) заңмен белгіленген тәртіпте әрекет қабілеттігі шектеулі және әрекет қабілеттігі жоқ болып танылған;

3) сот-сараптамалық қызметпен байланысты лауазымнан теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға жүктелмеуі тиіс.

Сот сараптамасы өндірісін жүктеу мүмкіндігін алып тастайтын өзге де жағдайлар процессуалдық заңмен және сарапшыға қарсылық білдірудің негізін құрайды.

Тұлға нақты қылмыстық іс бойынша келесі шарттар орындалған жағдайда сарапшы болады: 1) сараптаманы тағайындау туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның (тұлғаның) қаулы шығаруы; 2) сот сараптамасынан тыс органда сот сараптамасының өндірісі – қылмыстық процесті жүргізуші орган (тұлғаның) тапсырмасы кезінде сарапшының процессуалдық мәртебесінен шығатын құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, олардың орындалмауы жағдайында жауапкершіліктің болатынын алдын ала айтып, одан осы туралы қолхат алуы кезінде; 3) сот сараптамасы органымен сот сараптамасы өндірісін жүргізуде – оның басшысының сараптама өндірісі туралы тапсырма берген кезінде.

Тергеу және сот әрекеттеріне қатысу үшін іс бойынша мүдделі емес, дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалау, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар тұлға шақырыла алады. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысатын педагог маман болады, сондай-ақ, тергеу және өзге де процессуалдық әрекеттерге қатысатын, оны сарапшы болып тағайындаудан басқа жағдайда, дәрігер маман бола алады.

Сарапшы – бұл маман. Алайда кез келген маман сарапшы бола алмайды. Процестің бұл екі қатысушысының бір-бірінен айырмашылығы бар. Маманның қызметі сарапшының қызметінен өзгеше, ол зерттеу жүргізіп, тапқан, бекітілген және алынып тасталған дәлелдемелер жөнінде қорытынды бермейді. Маманға хаттамаға кіргізілуі тиіс дәлелдемелерді табу, бекіту және алып тастаумен байланысты өтініштерді жасау құқығы берілген. Дәлелдемелердің қайнар көзі болып өтініштер табылмайды. Сөйтіп, сарапшы мен маманға ортақ белгі олардың іс қорытындысына қатысты мүдделі болмауы мен олар өздері өкіл болып табылатын білім саласында құзыреттілік талаптары болып табылады.

2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.

Сот сарапшысының құқығы бар:

1) қорытынды беруге қажетті объектілерді, соның ішінде салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді алуға;

2) с разрешения органа (лица), ведущего уголовный, гражданский либо административный процесс, знакомиться с материалами дела, относящимися к предмету экспертизы, и выписывать сведения, необходимые для дачи заключения;

2) қылмыстық, азаматтық немесе, әкімшілік процесті жүргуші органның (тұлға) келісімімен сараптама пәніне жататын материалдармен танысу, қорытынды беруге қажетті мәліметтерді жазып алуға;

3) қылмыстық, азаматтық немесе, әкімшілік процесті жүргуші органның (тұлға) келісімімен процессуалды әрекеттер өндірісіне қатысып, оның қатысушыларына сот сараптамасының пәніне қатысты сұрақтар қоюға;

4) сараптаманы тағайындаған органмен (тұлғамен) келісіп, тек алдына қойылған сұрақтар бойынша емес, өз құыреті шегінде сот сарапшысының бастамасы бойынша белгіленген өзге де жағдайлар бойынша қорытынды беруге;

5) соттың және процестің қатысушыларының сараптама пәнімен байланысты мән-жайларға, соның ішінде сарапшыға қойылатын сұрақтың құрастырылуына көңілін аудару;

6) өзі қатысқан процессуалдық әрекеттің хаттамасымен танысу, сондай-ақ, сот отырысы хаттамасының сәйкес бөлігімен танысу және өзінің әрекеттерінің хаттамаға толық және дұрыс түсірілуі жөнінде ескертулер жасауға;

7) іс бойынша өндіріс кезінде шығындарды, қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесті жүргізген органның (тұлға) заңсыз әрекетінен келтірілген залады өндіріп алуға;

8) егер ол оның қызметтік міндетіне жатпаса, жасалған жұмыс үшін үстемақы алуға құқылы.  

Сот сарапшысы :   

1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен уәкілетті орган (тұлға) қойған сұрақтар бойынша ғылыми негіздеоген және объективті қортынды беруге;

2) қойылған сұрақтар оның арнаулы білімі шегінен шықса немесе ұсынылған материалдар қорытынды беруге жеткіліксіз болса, қорытынды беруден бас тартуға;

3) зерттеу әдістерін таңдауда сараптама объектілерінің максималды сақтануы талабын ескеру;

4) қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесті жүргізуші органға (тұлғаға), сондай-ақ оны шақырған қылмыстық немесе азаматтық процесс тарабына шығын сметасын және шығын туралы есеп беруге;

5) қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесті жүргізуші органның (тұлғаның) шақыртуы бойынша келіп, процесс қатысушыларына қорытынды ұсынуға; олардың сұрақтарына жауап беруге, қорытынды мазмұнын түсіндіруге;

6) қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесті жүргізуші органға(тұлғаға) оның білігін растайтын құжаттарды ұсынуға;

7) қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесті жүргізуші органның (тұлғаның), сондай-ақ сот отырысының тараптарының талаптары бойынша өзінің кәсіби тәжірибесі және іс бойынша өндіріске қатысушылармен қарым-қатынасы жөнінде мәліметтерді ұсыну, аталған тұлғалармен қандай да бір қатынаста болса, қорытынды беруден бас тартуға;

8) оның қатысумен өткен тергеу әрекеті туралы мәліметтерді және жабық сот отырысының деректерін, сонымен бірге, оған мәлім болған жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа тиісті, мемлекеттік құпияны, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын жағдайларды жария етпеуге міндетті.

3. Сот-сараптамалық қызметінің аттестациясы мен лицензиялануы тәртібі.

Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері және сот-сараптамалық қызметті лицензия негізінде жүзеге асыратын тұлғалар белгілі бір сараптама өндірісін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлікке ие болып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің комиссиясымен аттестатталған болуы керек.

Кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында сот сарапшылары әрбір бес жыл сайын сәйкесінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестациялық комиссиясымен немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аттестатталуы тиіс.

Аттестациялық комиссияның қызметінің тәртібі мен құрамы сәйкесінше Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.

Сот-сараптамалық қызметтің лицензиялануы Қазақстан Республикасы лизензиялау саласындағы заңнамаға сәйкес тәртіпте жүзеге асырылады.

Лицензиялауға тек жеке тұлғалардың сот-сараптамалық қызметі жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]