Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.

2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.

Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде сезiктiнiң, айыпталушының:

1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;

3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;

4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;

5) сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, тергеушінің рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшыға түсініктемелер беруге құқығы бар. Қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде қатысу туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда жәбірленуші, күдікті, айыпталушы сараптама жүргізілу орны мен уақыты туралы хабардар етіледі. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның қатысуы міндетті. Хабарландырылған адамның келмей қалуы сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді;

6) сарапшының қорытындысымен не оның қорытындысы тергеушiге түскеннен кейiн беруге болмайтыны туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерiн ұсынуға, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, сондай-ақ жаңа сараптамалар жүргiзу туралы өтiнiштер жасауға құқығы бар.

Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, тергеушi оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге мiндеттi.

ҚР ҚІЖК-нің 244 баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде де аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда тергеушi сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын қаулы шығарады

3. Куәгердің сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.

Аталған құқықтарға сонымен бірге, сараптамаға ұшыраған куәгер де ие болады. Куәгерлердің сараптамасы олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер куәгер кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже ҚР КІЖК 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.

8 Тақырып Сот сараптамасының құқықтық жағдайы.

Мақсаты: сот-сараптамалық қызметтің кадрлық қамтамасыз етілудің негізгі сұрақтарымен таныстыру

Жоспар:

1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.

2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.

3. Сот-сараптамалық қызметінің аттестациясы мен лицензиялануы.

4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.

5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]