Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

6 Тақырып. Сотта сараптаманы тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.

МАҚСАТЫ: сотта қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сараптаманы тағайындау мен жүргізудің процессуалды тәртібінің ерекшеліктерін ашу.

ЖОСПАР:

  1. Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың тәртібі және негіздері.

  2. Азаматтық істер бойынша сот сараптамасын тағайындаудың тәртібі және негіздері.

  3. Әкімшілік істер бойынша сот сараптамасы.

  4. Сотта сарапшыдан жауап алудың негіздері мен шарттары.

-1-

Соттық іс жүргізу кезеңіндегі сараптаманы тағайындау туралы сұрақ жарлықты отырыс кезінде, сол сияқты тікелей сот отырысында да туындалуы мүмкін.

Жарлықты отырыста (судья), іс бойынша дәлелдердің жиналғандығы, олардың соттық іс үшін жеткіліктілігі, сол сияқты іс бойынша қосымша материалдар беру туралы ходатайстволарды қанағаттандыру туралы мәселелерді шешеді. Қарастыру нәтижелері бойынша, егер алдын-ала қарастыру барысында жағдайларды анықтау үшін сараптама жүргізілген болмаса, оларды анықтау үшін арнаулы білімдер қажет болса, сотта сараптама өткізу тапсырылатын тұлғаны шақырту туралы мәселе шешіледі.

Сотта сараптаманы өткізу реті ҚР ҚІЖК 354-бабында көрсетілген.

Соған сәйкесті екі жақтың ходатайствосы немесе өз бастамасы бойынша сот сараптаманы тағайындауға құқылы.

Сараптаманы алдын-ала қарастыру кезінде қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) немесе сот тағайындаған сарапшы (сарапшылар) өткізеді.

Сотта сараптама өткізу ҚР ҚІЖК 32-тарауында көрсетілген ережелер бойынша жүргізіледі.

Екі жақтын ходатайствосы немесе өз бастамасы бойынша сот сараптаманы тағайындауға құқылы.

Сот отырысында сарапшы, төрағашылық етушінің рұқсаты бойынша сараптама пәніне қатысты жағдайларды зерттеуге қатысуға құқылы: жауап алынатын тұлғаларға сұрақ қою, қылмыстық іс материалдарымен танысу, сараптама пәніне қатысты барлық сот әрекеттеріне қатысу.

Іс үшін маңызы бар барлық жағдайлар анықталған соң, төрағашылық етуші екі жаққа жазбаша түрде сарапшыға сұрақтарды қоюды талап етеді. Қойылған сұрақтар айтылып, олар бойынша сот ісінің қатысушыларының пікірлері тыңдалуы тиіс.

Жақтар сараптамалық зерттеу объектілері ретінде заттар мен құжаттарды ұсынуға құқылы. Мұндайда сот мотивацияланған қаулы шығаруы тиіс.

Сұрақтарды қарастырып және олар бойынша екі жақтың пікірлерін тыңдап, сот өз қаулысы арқылы іске қатысы жоқ немесе сарапшы құзіретіне жатпайтындарды алып тастап, жаңа сұрақтар қалыптастырады. .

Сарапшы болып тағайындалған тұлғаға соттың сараптаманы тағайындағандығы туралы қаулының көшірмесі табысталынады, және ҚР ҚІЖК 83-бабында қарастырылған оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот екі жақтың пікірлерін тыңдап, сот отырысын зерттеу жүргізу үшін қажетті уақытқа шегеруге құқылы.

Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді, және оны сот отырысында оқиды, содан кейін одан ҚР ҚІЖК 355-бабында қарастырылған ережелер бойынша жауап алынуы мүмкін. Сарапшы қорытындысы іске қосылады.

Соттық қарастырудағы сараптама өткізілгеннен кейін, ҚР ҚІЖК 255-бабында қарастырылған жағдайлар бойынша, сот қосымша не қайталанушы сараптаманы тағайындауға құқылы.

ҚР процессуалды заңында апелляциялық инстанцияда сараптаманы тағайындау мүмкіндігі бар, ол ҚІЖК 410-бабының 1-тармағында көрсетілген.

Сәйксеті сұрақтар өз жауабын 2004 жылы 26 қарашадағы ҚР Жоғарғы сотының пленумының «қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» нормативті қаулысында тапты.

Апелляциялық инстанция соты екі жақтың ходатайствосы немесе өз бастамасы бойынша соттық-психатриялық сараптама тағайындауға құқылы, егер іс бойынша мыналарды анықтау қажет болса: сотталғанның психикалық жағдайы, оның есідұрыстығы немесе қылмыстық істе өз құқықтары мен заңды қызығушылықтарын өз бетінше қорғау мүмкіндігі күмән тудырса; жәбірленуші мен куәгердің психикалық жағдайы, іс үшін маңызы бар жағдайларды дұрыс қабылдай білу қабілетті күмән тудырса.

Апелляциялық инстанция соты сараптаманың басқа түрлерін сот отырысында зерттеулерді қажет етпейтін, істе бар және қосымша табысталған материалдар арқылы өткізу мүмкін болғанда тағайындалуы мүмкін.

Апелляциялық тәртіп бойынша істі қарастыру кезінде, сараптамалық зерттеу қажет деп танылса, бірақ оны өткізу үшін қандай да бір жағдайларды анықтау немесе қосымша материалдар мен сараптамалық зерттеу объектілерін жинау керек болса, мұндай жағдайда сараптама, сот актісі алынып тасталғаннан кейін, бірінші инстанция сотының істі жаңадан қарастыруы арқылы ғана тағайындалуы мүмкін.

Азаматтық істегі сот сараптамасы институтын қылмыстық іс жүргізу аясымен салыстырғанда кейбір сәйкес келетін тұстары да, айырмашылықтары да бар. Сәйкес келу тұстары, алдыменен, сараптаманың әр жағдайда да арнаулы ғылыми білімдерді қолдануға негізделген, іс бойынша дәлелдеу құралы болып табылатындығында. Сараптаманың басты субъектісі – сарапшыға, сол сияқты оның құқықтары мен міндеттеріне қойылатын талаптары сәйкес келеді. Осы тәріздес, қылмыстық істе орын алушы сараптама зерттеулерінің нәтижелері рәсімделеді, сарапшы қорытындысының бағасы беріледі, сарапшы жауабы өткізіледі, сараптаманың ерекше түрлері тағайындалады.

Азаматтық сот өндірісіндегі сараптаманы өткізу мен тағайындау процесінің ерекшеліктері, оның мәселелері мен процессуалды формаларының спецификасына негізделген, ал бұл арнайы қарастыруды қажет етеді.

Қазіргі кезде азаматтық сот өндірісіндегі сот сараптамасы негізінен ҚР АПК42, 91-98, 108, 109, 188, 191, 206, 305 баптарымен реттеледі.

Азаматтық іс жүргізуде сараптаманы өткізу мен тағайындаудың жалпы ережелері мынаған саяды.

Сараптама, іс үшін маңызы бар жағдайлардың сарапшының арнаулы ғылыми білімдер негізінде жүргізген, іс материалдарын зерттеу нәтижесінде орнатылған жағдайында тағайындалады. Азаматтық сот өндірісіне қатысушыларында мұндай білімнің болуы – сотты сәйкесті жағдайларда сараптаманы тағайындау қажеттілігінен босатпайды.

Істе ревизия актілерінің, тексерістердің, ведомстволық инспекциялардың қорытындылардың, сол сияқты мамандардың жазбаша консультациялары сарапшы қорытындысын алмастыра алмайды, және сол сұрақтар бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоймайды.

Сот сараптамасы жақтың ходатайствосы немесе өз бастамасы бойынша тағайындайды.

Сараптаманы тағайындау туралы сот анықтама шығарады. Сараптаманы тағайындау туралы сот анықтама шығарады. Сараптаманы тағайындау туралы анықтамада сот мыналарды белгілейді: сот атауы, уақыты, сараптаманың тағайындалу орны; қарастырылатын іс бойынша қатысатын екі жақтың атаулары; сараптама түрі; сараптама тағайындаудың негіздері; сарапшыға қойылатын сұрақтар; сот сараптамасы органының атауы, не сараптаманы өндіру тапсырылатын тұлғаның аты-жөні; сараптама өндірісіне бағытталған объектілер мен басқа да іс материалдары. Анықтамада сол сияқты, сарапшы жалған қорытынды бергені үшін ҚР ҚК 352-бабында қарастырылғандай қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертіледі.

Сараптама өндірудің тәртібі. Сараптама сотта, не соттан тыс мекемелерде зерттеу сипаты, не объектілерді сот отырысында зерттеу үшін жеткізу қиындығы немесе мүмкінсіздігіне байланысты өткізіледі. Сараптамалық зерттеудің шынайылығы мен рұқсаттығына сот кепілдік береді. Сараптамалық зерттеудің объектілері, олардың сипаттары мен өлшемдері мүмкіндік етсе, сарапшыға қорапты, не ашық түрде тапсырылады.

Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орнына жеткізуді, зерттеу жүргізу үшін қажетті қайшылықсыз шарттар мен жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. Соттан тыс жүргізілетін сараптама кезінде сарапшылардың дұрыс жұмысына кедергі ететін жағдайлардан басқа жағдайларда іске қатысушы тұлғалар, сараптама өндірісіне қатыса алады. Сот іске қатысушы тұлғалардың сараптаманы өндіру барысында қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған кезде, айтылынған тұлғалар сараптаманы өндіру орны мен уақыты туралы хабардар етіледі. Хабарландырылған тұлғалардың келмеуі сараптама өндірісіне кедергі етпейді. Соттан тыс сараптаманың өткізілуі кезінде іске қатысушылардың болуы жағдайында сот приставының міндетті қатысуы сотпен анықталады.

Сараптама өндірісі сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптаманы тағайындау туралы анықтама мен қажетті материалдары оның басқарушысына бағыттайды. Сараптаманы анықтамада көрсетілген сот сараптамасының қызметкері жүргізеді. Егер анықтамада нақты сарапшы көрсетілмесе, оны сот сараптамасы органының басқарушысы таңдайды, және оны сараптаманы тағайындаған сотқа хабарлайды.

Азаматтық іс жүргізудегі сараптама тікелей сот қарауында, сол сияқты алдыңғы сот қарауларында да жүргізілуі мүмкін. Бұл белгі бойынша сараптама өндірудің мынадай процессуалды формаларын көрсетуге болады:

  • дәлелдермен қаматамасыз ету тәртібі бойынша;

  • істі соттық қарастыруға дайындау барысында;

  • соттық қарастыруда.

Азаматтық процессуалдық заңда сараптаманы кассациялық және қадағалаушылық кезеңдерде өндіру қарастырылмаған.

ҚР әкімшілік сот өндірісінде сот сараптамасын өндіру мен тағайындау сұрақтары, қылмыстық іс жүргізуге ұқсас шешілген.

Сарапшының көрсетілген процессуалды міндеттерді орындамауы, оны жауаптылыққа тартады, ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 516-бабында бекітілген: жалған қорытынды бергені үшін сарапшыға 5-тен 10 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады, бұл жағдайда сарапшыдан әкімшілік жауаптылық алынады, егер ол әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарастыру барысында, іс бойынша шешім қабылдағанға дейін жалған қорытынды бергендігін өз еркімен мойындаса.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 601-бабаына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі өндіруге, әкімшілік жауаптылыққа тартылған адаммен, жәбірленуші мен оның заңды актілерімен, қорғаушымен, өкілмен, прокурормен, судьямен, коллегиалды органның мүшесімен немесе лауазымды тұлғамен туыстық қатынаста болатын сарапшы жіберілмейді, өндірістерінде сол іс бар, не болмаса ол алдында осы іс бойынша басқа өндіріс қатысушысы ретінде болса, сол сияқты, оны жеке, тікелей және жанама түрде осы іске қызығушылығы бар деп есептеуге негіздер болса.

Өзіне өзі қарсы болу немесе қарсылық білдіру туралы өтініш, өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) беріледі, және ол өтініш берілген күннен бастап 3 күн ішінде қарастырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 609-бабына сәйкес, сот сараптамасы дәлелдерді қамтамасыз етудің әдістерінің бірі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 611-бабына сәйкес, сараптаманы өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар судья, орган (лауазымды тұлға) тағайындайды, іс үшін маңызы бар жағдайлар, сарапшының арнаулы ғылыми білімдер негізінде жүргізген, іс материалдарын зерттеу нәтижесінде алынуы мүмкін.

Істе ревизия актілерінің, тексерістердің, ведомтсволық инспекциялардың қорытындыларының, сол сияқты процессуалдық іс-әрекет барысында мамандардың өткізген зертеулерінің нәтижесінде құрылған ресми құжаттардың болуы, дәл сол сұрақтар бойынша сараптаманы өткізу мүмкіндігін жоймайды.

Өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар судья, орган (лауазымды тұлға) сараптаманы жақтың ходатайствосы не өз бастамасы бойынша тағайындай алады. Сараптаманы тағайындау туралы өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі бар судья, орган (лауазымды тұлға) анықтама шығарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс барысында комиссиялық және кешенді сараптамалардың тағайындалуы мүмкін.

Сараптаманы тағайындау туралы анықтаманы орындалуға жіберместен бұрын, судья, лауазымды тұлға әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша өндіріс жүргізетін, осыған қатысты тұлғаны және жәбірленушіні таныстырып, оларға құқықтарын түсіндіруге міндетті: сарапшыға қарсылық білдіру; сарапшы ретінде өзі ұсынған тұлғаларды тартуды сұрау; сарапшыға қосымша сұрақтардың қойылуына ходатайство жасау; сарапшы қорытындысымен не судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) қорытынды бере алмауы туралы хабарлама келіп түскеннен кейін онымен танысу, өз ескертулерін бере алуы, қосымша немесе қайталанушы сараптаманың тағайындалуы туралы, жаңа сараптамалар тағайындау туралы ходатайство беру.

Сараптама өндірісі бойынша сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды береді және оны сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) бағыттайды.

Қорытынды жеткілікті түрде түсінікті болмаса, не толық болмаса, сол сияқты алдында зерттелген жағдайларға қатысты жаңа сұрақтар туындаса, қосымша сараптаманың тағайындалуы мүмкін, оның өндірісі сол немесе басқа сарапшыға (сарапшыларға) тапсырылады.

Егер сарапшы қорытындысы жеткілікті негізді болмаса, не оның дұрыстығы күмән тудырса, дәл сол объектілерді зерттеу үшін қайталанушы сараптама тағайындалуы мүмкін, бұл сараптаманың өндірісі алдыңғы сараптаманы өткізген сарапшы (сарапшылар) кірмейтін сарапшылар комиссиясына тапсырылады.

Егер сарапшы сот зерттеуге дейін, оған қойылған сұрақтардың оның арнайы білімінен тыс шығатындығын, не оған берілген материалдардың қорытынды жасау үшін қажетсіздігі немесе жеткіліксіздігін және олардың толықтыру мүмкінсіздігін түсінсе, немесе ғылым жағдайы мен сараптамалық тәжірибе қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтін болса, ол қорытынды бере алмау туралы мотивацияланған хабарлама құрып, оны судьяға, органға (лауазымды тұлғаларға) бағыттады.

Сот өндірісіне дейін іс бойынша, не сот отырысында алдын-ала істі тыңдау барысында шыққан жарлық бойынша сарапшыдан жауап алудың кейбір ерекшеліктері бар.

Сарапшыны шақырту сұрағы негізгі сот қарауы тағайындалғанда, не тікелей негізгі сот қарауында судьяның өз бастамасы бойынша, не іс жүргізудің қатысушыларының ходатайствосы арқылы шешіледі. Айтылғанның негізі ҚР ҚІЖК 302-бабының 4, 6-тармақтары болады.

Сарапшыны тек қажетті жағдайларда ғана сотқа шақырту керек:

  • сарапшының қорытындысының ерекше маңыздылығы қылмыстық іс бойынша дәлел ретінде болса;

  • соттың сарапшы қорытындысымен немесе оның қорытынды бере алмау туралы хабарламасымен келіспеуі, сол сияқты сарапшының қорытындысының дұрыстығында күмәні болса;

  • сарапшы қорытындысының жеткілікті түрде түсінікті болмауы, не толықсыздығы;

  • қосымша туындаған сұрақтарды сараптама өндірісі арқылы шешу қажеттілігі;

  • бір сұрақ бойынша сараптама өткізген сарапшылар арасында қайшылықтардың туындауы, немесе комиссиялық (сол сияқты кешенді де) сараптама өткізген сарапшылар комиссиясы мүшелерінің арасындағы қайшылықтар;

  • айыпталушы мен жәбірленушінің алдын-ала қарастыруда өткізілген сараптама қорытындыларымен келіспеуі, және олардың сараптаманы сотта өткізу туралы мотивацияланған ходатайствосы.

Бірақ сот отырысына сарапшыны жауап алуға шақырудың басқа да жағдайлары бар.

Іс бойынша сараптаманы сарапшылар комиссиясының соттық өндіріске дейін өткізіп, бір ортақ пікірге келіп, және ортақ қорытынды берген жағдайында сотқа сарапшылар комиссиясының бір мүшесі шақырылуы мүмкін.

Егер сараптаманы өткізу барысында сарапшылар бір қорытындыға келмесе, олардың барлығы сотқа шақырылуы тиіс.

Сарапшының қорытындысын зерттей келе, сот оны іске қатысушы барлық тұлғаларға жариялылықтың прцессуалды тәртіптеріне сай жария етеді. Сарапшының қорытындысы оның жариялылығы мен сарапшының жауабынан тұрады, сарапшы қорытындысы жария болғаннан кейін, оған соттың рұқсатымен қорытындыны жете түсіндіру және толықтыру үшін сұрақтар қойылуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК 355-бабы сотта жауап алудың тәртіптерін анықтайды. Сарапшыдан, бірінші кезекте сараптаманы тағайындау туралы хлдатайствосы бар жақ жауап алады. Егер сараптама екі жақтың келісімі, не қылмыстық іс жүргізетін органның (тұлғаның) бастамасы бойынша тағайындалған болса, сарапшыдан бірінші болып айыптау жағы, сосын қорғау жағы жауап алады.

Сарапшының ауызша түсіндірмелері оның алдында берген қорытындысының дәлелдері болғандықтан, сарапшыдан жауап алу барысында сараптама пәні болып табылмайтын жаңа сұрақтар қойылмауы тиіс, сол сияқты сарапшы соттың алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделмеген сұрақтарына жауап бермеуге құқылы.

Сарапшының қорытындысын зерттеу жолы сот отырысының хаттамасында көрініс табады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Соттағы сот сараптамасын тағайындау мен өндірудің ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Азаматтық іс жүргізудегі сот сараптамасын тағайындау мен өндірудің ерекшеліктері қандай?

  3. Әкімшілік сот өнірісіндегі сот сараптамасын тағайындау мен өндірудің ерекшеліктері қандай?

  4. Қандай жағдайларда сарапшыдан сотта жауап алынады?

Тақырып 7 Сот сараптамасы және процеске қатысушылардың процесуалдық жағдайы

Мақсаты: сот сараптамасын тағайындау және өндірісі кезінде тұлғаның құқықтарын сақтаудың процессуалдық кепілдерімен таныстыру

Жоспар:

1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.

2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.

3. Куәгердің сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]