Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

4. Криминалистикалық сараптамалардың сыныпталуы.

Сараптамалар сыныбы – бұл білімдердің жалпылығымен біріктірілетін, сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік негіздерінің қалыптасу өзі болатын сараптамалық зерттеулердің жиынтығы. Оларға криминалистикалық, инженерлік-көліктік, биологиялық, медициналық және т.б. сараптамалар жатады.

Дәстүрлі криминалистикалық сараптамалар сыныбына келесі тектері мен түрлері енізілген:

1. Қолтаңбатану сараптамасы.

2. Құжттардың техникалық- криминалистикалық сараптамасы.

3. Автортану сараптамасы.

4. Трасологиялық сараптама.

  • дактилоскопиялық сараптама (қол іздерінің сараптамасы).

  • аяқ пен аяқ-киім іздерінің трасологиялық сараптамасы;

  • тіс, ерін және тырнақ іздерінің трасологиялық сараптамасы;

  • құрал мен құрал-жабдықтардың трасологиялық сараптамасы (механоскопиялық сараптама);

  • жабылатын тетіктер мен сигнал құрылғыларының трасологиялық сараптамасы;

  • көлік-трасологиялық сараптама.

5.Жойылған маркіленген белгілерді қалпына келтіру сараптамасы.

6. Фототехникалық сараптама.

7. Портреттік сараптама.

8. Фоноскопиялық сараптама.

9. Баллистикалық сараптама.

10. Суық қару сараптамасы.

Ғылымның дамуымен және зерттеудің жаңа әдістері мен объектілерінің пайда болуымен қазіргі кезде криминалистикалық сараптамалардың тізімі сараптамалардың жаңа түрлерімен, осының салдарынан сот сараптамасының басқа түрлерінен алшақтайды.

Берілген сынып объектілерінің жаңалары пайда болуына байланысты дәстүрлі түрлерінің бөлшектенуі нәтижесінде немесе зерттеудің жаңа әдістері мен жаңа міндеттері пайда болуына байланысты криминалистикалық сараптамалардың жаңа түрлері туындауы мүмкін. Мысалы, құжаттардың техникалық зерттеу құрамынан белгілер мен бағалы қағаздардың жылжуының сараптамасы бөлінеді.

Криминалистикалық сараптамалардың жаңа түрлері басқа да жолмен туындауы мүмкін: дәстүрлі криминалистикалық міндеттерді шешу инструменталды құралдар мен әдістерді іздеу салдарынан болуы мүмкін (фоноскопиялық, одорологиялық,материалдар, заттар және олрдан жасалған бұйымдардың криминалистикалық зерттелуі, жарылыстың, жарылыс құрылғылары мен жарылғыш заттардың криминалистикалық зерттелуі ).

Бақылау сұрақтары:

1. Сот сараптамасы зерттеу пәні бойынша сыныптау қандай элементтерді көздейді?

2. Криналистикалық сыныбы сот сараптамаларының түрлерін атаңыз.

3. Криминалистикалық сараптаманың пәнінің түсінігін беріңіз.

4 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері

МАҚСАТЫ: соттық-сараптамалық қызметтің құқықтық регламентациясының негіздерінің мәнін ашу, Қазақстаннның мемлекеттік сараптамалық мемкемелерінің жүйесіне сипаттама беру.

ЖОСПАР:

  1. ҚР-сындағы сараптамалық мекемелердің түрлері мен құрылымы.

  2. Сараптамалық мекеменің басқарушысының құқықтары.

  3. Сараптамалық мекемеде сараптаманы өткізу.

  4. Сараптамалық мекемелерден тыс жерлерде өткізілетін сараптаманың ерекшеліктері

-1-

ҚР-сында соттық-сараптамалық қызмет келесідей ұйымдастырушылық түрлерде орындалады:

  1. Сот сараптамасы органдарының қызметі;

  2. Сәйкесті лицензиялары бар тұлғалардың сараптама жүргізуі;

  3. Сараптаманы бір реттік түрде басқа тұлғалардың өткізуі.

Қазіргі кезде ҚР-сының соттық сараптаманы өткізу органдарының жүйесіне ҚР-сының Юстиция Министрлігінің соттық сараптама Орталығы, денсаулық сақтау Министрлігінің соттық медицина Орталығы, білім және спорттық мемлекеттік мекемелері, сол сияқты заңда көрсетілген тәртіп бойынша қылмыстық іздестіру органдарының құрамына кіретінінен басқаларына соттық-сараптамалық қызмет жүргізу құқығы берілген арнайы ведомстволық қызметтер жатады. Соңғыларының қатарына соттық психатриялық сараптама жүргізу өткізілетін аурухана мекемелерінің бөлімшелері жатады.

Соттық сараптама Орталығы мен соттық медицина Орталығы Қазақстан Республикасының соттық сараптамасының базалық органдары ретінде келесідей мәселелердің өзектілігін шешуге байланысты құрылған:

  • мемлекеттік соттық-сараптамалық қызметтің мәртебесін арттыру;

  • қылмыстық істер бойынша соттық сараптаманың тиімділігін арттыру;

  • азаматтық сот ісін жүргізудегі соттық сараптаманың қолданылу аясын дамыту;

  • сот сараптамашыларын дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың мемлекеттік жүйесін құру.

Бүгінгі таңда соттық сараптаманың көрсетілген органдары құрылу сатысында және олар Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарындағы ғылыми-өндірістік мекемелерден, ірі қалалар мен республиканың көптеген территориалдық бірліктеріндегі сараптамашылар тобынан құралатын бұтақталған жүйе болып табылады.

-2-

Соттық сараптама органының басқарушысы ретінде соттық сараптама Орталығының директоры, соттық медицина Орталығының директоры, Орталықтардың территориалдык бөлімшелерінің орынбасарлары мен басқарушылары, сол сияқты ҚР-сының заңдылықтарына сәйкес соттық сараптаманы өткізу функциялары берілген мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің басқарушылары түсініледі.

Соттық сараптама органының басқарушысының міндеттері: сараптаманы өткізуді сол мекеменің бір немесе бірнеше сараптамашыларына тапсыру; сараптамашыға оның құқықтары мен жауапкершілігін түсіндіру, одан сәйкесті келісім ала отырып, оның жалған қорытынды бергендігі үшін жауапты болатындығын ескерту; сараптамашының тәуелсіздігі принципін бұзбай, соттық сараптамалардың орындалу мерзімдерін қадағалауды және өткізілген зерттеулердің сапасы мен толықтылығын қамтамасыз ету; зерттеу аяқталғаннан кейін істің қорытындысы мен материалдарын сараптаманы тағайындаған органға немесе тұлғаға жіберу; зерттеу нәтижелерінің құпиялылығын сақтаудың шарттарын қамтамасыз ету; сараптаманы жүргізу барысында белгілі болған мәліметтерді жария қылмау; сараптаманы жүргізу үшін қажетті және берілген объектілер мен істің материалдарының сақталуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелерін сақтау.

Құқықтары: егер сол мекемеде нақты мамандық бойынша сараптамашылар болмаса, қажетті материалдық-техникалық база болмаса, материалдарды орындаусыз қайтаруға (соттық сараптаманы тағайындау туралы анықтама немесе жарлық, зерттеу объектілері және іс материалдары) құқығы бар. Басқарушы сараптаманы тағайындаған тұлғаға сараптамашылар комиссиясының құрамына сол мекемеде жұмыс істемейтін тұлғалардың енгізілуі туралы, егер олардың арнайы танымдары қорытынды беру үшін қажетті болса ходатайство беруге; сараптаманың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне байланысты міндеттерін өз орынбасарына немесе құрылымдық басқарушының орынбасарына тапсыруға құқығы бар. Сонымен қатар, ол сараптаманы тағайындаған органға немесе тұлғаға мынадай шығындардың орнын толтыруды талап ете алады: сараптауға келіп түскен зерттеу объектілерін транспорттық ұйымның сақтағандығы үшін компенсация; зерттеу объектілерінің мемлекеттік соттық-сараптамалық мекемелерде сақталғандығы үшін; осы мекемеге келіп түсуінің себебі болған аса қауіпті объектілердің жарылыс, өрт және сол сияқты басқа да экстремальді жағдайлардың салдарын жоюға байланысты туындаған шығындар.

-3-

Сараптаманы тікелей жүргізу процесі сарапшының объектілерді, қатар жүретін құжаттарды және территориалдық бөлімшенің басқарушысынан жазбаша рұқсатын алған сәттен басталады. Барлық түскен материалдарды сарапшы территориалдық бөлімшенің сараптамаларды тіркеу журналында қол қою арқылы ғана алады.

Күрделі немесе көп объектілі сараптамаларды жүргізу үшін бір мамандық бойынша екі немесе одан да көп сарапшылардан құралатын сарапшылар комиссиясы құрылады. Егер бір жайды шешу үшін түрлі ғылым салаларының мағлұматтары керек болса, кешенді сараптаманы өткізу ұйымдастырылады. Оны құру үшін сәйкесті білім облыстарының сарапшылары тағайындалады.

Сараптаманы өткізу соттық сараптама органының жарлықта көрсетілген қызметшісіне тапсырылады. Егер жарлықта нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны соттық сараптама органының басқарушысы таңдайды, және ол туралы сараптаманы тағайындаған тұлғаға хабарлайды.

Сараптама өндірісінің мерзімдері зерттеудің күрделілік дәрежесіне байланысты ведомстволық нормативтік актілердің талаптарына сай бекітіледі. Мысалы, күрделі техникалық әдістердің қолданылуы арқылы өткізілетін комиссиондық көпобъектілі зерттеулер 30 күн аралығында орындалады, ал қысқартылған мерзім (3-7 күн) күрделі техникалық зерттеулерді қажет етпейтін, объектілер саны аз сараптамалар үшін бекітіледі.

Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен астам уақыт қажет болғанда, сарапшы үш күндік мерзімде істің материалдарымен және сараптаманы өткізу үшін қажетті уақытты есептеп, танысқаннан кейін, нақты мерзімді территориалдық бөлімшенің басқарушысы анықтайды. Сараптаманың өткізілу мерзімін ұзарту туралы шешім сараптаманы тағайындаған органмен жазбаша бекітілген келісімімен бекітілуі тиіс.

Егер сарапшыға қосымша материалдар қажет болса, олар соттық сараптама органы басқарушысының сараптаманы тағайындаған тұлғамен келісуі арқылы үш немесе бескүндік мерзімнен кем емес (көпобъектілі сараптамалар үшін) уақытында сұралады. Кей жағдайларда мерзімнің 5 күннен де асуы мүмкін. Бұл жағдайда сараптаманы өткізу мерзімі ходатайствоның шығу күнінен бастап, қосымша материалдар немесе өтінішті қабылдамау туралы хабарламаны алған күнге дейін тоқтатылады.

Ходатайствоның орындалмайтындығы жағдайында тоқтату мәселелері сараптаманы тағайындаған тұлғамен келісу арқылы, алдында берілген іс материалдары бойынша шешіледі, немесе сараптаманы тағайындау туралы жарлық орындаусыз қайтарылады.

Сарапшының қорытындылары екі экземплярда жасалады. Біріншісі сараптаманы тағайындаған органға берілсе, екіншісі соттық сараптама органының мұрағатында сақталады.

Соттық сараптама органының сарапшы болып тағайындалған қызметшісі өз атынан қорытынды береді және ол оған жауапты болады. Осыған байланысты соттық сараптама органының басқарушысы сарапшыға қорытындының мазмұнын және зерттеу нәтижелерін өзгертетіндей мәліметтер беруіне құқығы жоқ. (ҚР ҚІЖК 245-бабы, 3-тармағы). Алайда сарапшының қорытындысы, не қорытындыны бере алмау туралы хабарламасы сараптаманы тағайындаған органға тек соттық сараптама органының басқарушысы арқылы ғана жіберіледі.

Сарапшының қорытындысына соттық сараптама органы басқарушысының сараптаманы тағайындаған органға бағытталған, қол қойған қосымша хаты қосылады, онда сараптаманың басталған күні, оның өндірісінің құны, қорытынды мәтіні мен иллюстративтік материалдарың беттерінің саны туралы мәліметтер болады.

Сарапшының соттық сараптама органы басқарушысына тапсырған қорытындысында қорытындының негізділігі болмаса, сараптама нәтижелерін өндіру мен рәсімдеуде әдістемелік немесе прцессуалдық кемшіліктер болса, немесе соттық сараптама органы басқарушысында қорытындының дұрыстығында күмән туса, онда ол қорытындыны сарапшыға қажетті өзгертулерді енгізу үшін қайтаруы мүмкін.

Егер сарапшы өз зерттеулерін және оның нәтижелерін дұрыс деп таныса, соттық сараптама органының басқарушысы оны алғашқы зерттеуді жүргізген сарапшы кіретін сараптамашылар комиссиясына тапсырады. ҚР ҚІЖК 249-бабы 4-тармағына сәйкес комиссиялық сараптама өткізу барысында, сарапшылардың әрқайсысы жекелеген түрде зерттеулер мөлшерін жасайды, содан кейін комисссия мүшелері жиналынған нәтижелерді бірге сараптап, ортақ пікірге келіп, қорытындыға не болмаса қорытындының берілмеуі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында даулы жағдайлар туған жағдайда олардың әрқайсысы немесе олардың бір бөлігі жеке қорытынды береді, ал пікірі басқалардыкімен сәйкес келмейтін сарапшы өз қорытындысын жеке береді.

Егер сараптаманы өткізуді соттық сараптама органының қызметкері емес бөтен тұлғаға тапсыру көзделсе, қылмыстық іс жүргізетін орган сараптаманы тағайындау туралы жарлықтың шыққанына дейін сараптама тапсырылатын субъектінің жеке және кәсіптік қасиеттерін тануы тиіс.

Жүргізушін тұлғаны дербес түрде сараптамашы етіп тағайындау кезінде оны кетіруге негіз болатын процессуалдық сипаттағы қайшылықтардың жоқтығына көз жеткізу керек.

Сараптаманы тағайындау туралы жарлық шыққаннан кейін сараптама тапсырылатын тұлға шақырылады.

Іс жүргізетін орган сараптамашының тұлғасын анықтайды. Жүргізуші тұлға сараптамаға қажетті материалдарды зерттеп, олардың толықтылығы жөніндегі мәселелерді шешеді.

Жүргізуші тұлғаны сараптаманы өткізу мүмкіндігінен айыратын шарттар болмағанда, оған жарлықтың копиясы беріледі, ҚР ҚІЖК 83-бабында қарастырлғын міндеттер мен құқықтар түсіндіріледі, сол сияқты жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертіледі.

Бұл әрекеттердің орындалуы туралы жарлыққа жүргізуші тұлғаның қолы қойылған баға қойылады Дәл осы кезден бастап ол нақты қылмыстық іс бойынша сарапшының процессуалды мәртебесіне ие болады. Сарапшының жасаған өтініштері, ходатайстволары да осы сияқты есепке алынады. Сараптаманы тағайындаған тұлға сарапшының ходатайствосын қабылдамау туралы мотивацияланған жарлығын шығарады.

Сарапшыға сараптаманы тағайындау туралы жарлықтың көшірмесімен қатар, зерттеу үшін қажетті іс материалдары қол қою арқылы беріледі.

Заңда қарастырылған жағдайларда, қылмыстық істі жүргізетін орган комиссиялық, кешендік, қосымша және екінші рет қайталап сараптама өткізуді ұйымдастыруға құқығы бар.

Сараптаманы жүргізетін тұлғаны шақыруды талап ету – ұйым басқарушысы үшін міндетті болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Соттық сараптама органдары жүйесіне қандай мемлекеттік органдар кіреді?

2. Соттық сараптама органы басқарушысының құқықтары мен міндеттерін атап өтіңіз.

3. Сараптамадан тыс мекемелерде өткізілетін сараптамалардың ерекшеліктері қандай?

ТАҚЫРЫП № 5. Алдын-ала тергеуде сараптаманы тағайындау мен жүргізудің процесуалдық мәселелері

МАҚСАТЫ: алдын-ала іс жүргізудегі сараптаманы өткізу мен тағайындаудың негіздері мен тәртібін ашу.

ЖОСПАР:

  1. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша соттық сараптаманы тағайындаудың тәртібі мен негіздері.

  2. Қосымша, қайталанушы, комиссиялық, кешенді сараптамаларды тағайындаудың процессуалды тәртібі .

  3. Қылмыстық істі қозғағанға дейінгі соттық сараптаманы тағайындау.

  4. Алдын-ала іс жүргізуде сарапшыдан жауап алу

Қылмыстық-процессуалдық заңға сәйкес сараптама қылмыстық істі қозғау барысында, істі сотқа дейінгі өндіру, істі сотта 1-ші және апелляциялық инстанцияда қарастырыу кезінде тағайындалуы мүмкін.

Сараптаманы тағайындау негіздері фактілік және заңдық (процессуалдық) болып бөлінеді.

Бір жағынан, қылмыстық істі жүргізетін органның қолындағы іс бойынша ақпарапттармен, екінші жағынан, арнаулы ғылыми білімдер негізінде істің жағдайларын орнатудың қажеттілігімен сипатталатын істі жүргізу барысында мәселелі танымдық жағдайдың туындауы, сараптаманы тағайындаудың фактілік негізі болып табылады.

Сараптаманы тағайындаудың заңдылық негізі сұрақтарды арнаулы ғылыми білімдерді қолдану арқылы шешу қажеттілігін растайтын іс материалдары болып табылады.

Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, соттың тағайындауы мүмкін. Тергеуші, анықтаушы, анықтау органы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында, анықтау және алдын ала іздестіру (ҚР ҚІЖК 64-бабы, 2-тармағы, 67-бабы, 3, 5-тармақтары) барысында пркурор – қылмыстық істі қозғау мәселесін шешу үшін (ҚР ҚІЖК 197-бабы 1-тармағы) оның нәтижелері қажет болғанда тағайындалуы мүмкін. Соттың бірінші және апелляциялық инстанцияларында сараптаманы тағайындау ережелері ҚР ҚІЖК 354-бабы мен 410-бабының 1-тармағында қарастырылған.

Айтылған лауазымды тұлғалар ҚР ҚІЖК-сінің 241-бабында қарастырылған сараптаманы міндетті түрде тағайындау жағдайларынан басқа кездері қажет деп таныған кезде тағайындалады.

ҚР ҚІЖК 241-бабында сәйкес, сараптамалар мына жағдайларда міндетті болып табылады:

  • өлім себебін анықтау үшін;

  • денсаулыққа келтірген зиянның ауырлық дәрежесі мен сипатын анықтау үшін;

  • күдіктінің, айыпкердің, жәбірленушінің жасын анықтау үшін, бұл мәліметтердің іс үшін маңызы болса, ал олардың жасы туралы құжаттар болмаса немесе күмән тудырса;

  • күдікті мен айыпкердің психикалық немесе физикалық жағдайларын анықтау, егер анықтау органы, тергеуші немесе сотта олардың есідұрыстылығы мен өздерінің мен өздерінің құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қылмыстық іс жүргізуде қорғау мүмкіндіктері күмән тудырса;

  • жәбірленуші мен куәгердің психикалық немесе физикалық жағдайларын анықтау, егер олардың іс үшін маңызды жағдайларды қабылдау мүмкіндігі және олардың жауабы күмән тудырса;

  • қылмыс жасағандығы үшін айыпкердің психикалық жағдайын анықтау, бұл қылмыс үшін қылмыстық заңда өлім жазасы қарастырылған;

  • басқа дәлелдермен шынайы бекітіле алмайтын істің басқа жағдайларын орнату үшін.

Сараптаманы тағайындау – заңмен анықталған негіздер мен шарттарды сақтау арқылы жүзеге асырылатын, ҚР ҚІЖК 32 тарауында қарастырылған тергеушілік іс-әрекет. Сондықтан да ол формасы мен мазмұны ҚР ҚІЖК 202-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, сәйкесті жарлықты шығаруды көздейді.

Істі сотқа дейінгі өндіру барысында сараптама оның қозғалуы туралы шешім қабылданған кезде, сол сияқты алдын-ала іздестіру сатысында да тағайындалуы мүмкін.

Сараптаманы тағайындау кезеңдері 2 сатыдан тұрады: дайындық және сараптаманы тапсыру.

Дайындық сатысы келесі элементтерден тұрады:

  1. Сараптаманы тағайындау туралы шешімді қабылдау;

  2. Осыған байланысты өз әркеттерін жоспарлау;

  3. Соттық сараптаманың түрін анықтау;

  4. Сарапшыға (сарапшыларға) деген сұрақтарды қалыптастыру;

  5. Сараптаманы өткізу тапсырылатын сараптамалық мекемені немесе тұлғаны (тұлғаларды) таңдау;

  6. Сарапшыны сараптама өткізу үшін сыртқы ақпараттармен қамтамасыз ету.

Сараптаманы өндіру 2 негізгі элементтен тұрады:

  1. Сараптаманы тағайындау туралы жарлықты шығару;

  2. Сыртқы ақпаратты сараптамашыға немесе соттық-сараптамалық мекемесінің басқарушысына тапсыру.

Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталанушы сараптамалардың спецификасы бұл сараптамалық зерттеулер өткізу қажеттілігі болған кездері тағайындалады. Егер сараптаманы тағайындаған органның жарлығында ол комиссиялық деп белгіленбесе, комиссиялық сараптама өткізу туралы шешімді соттық сараптама органының басқарушысы қабылдай алады.

Тәжірибеде комиссиялық сараптама көптеген біртипті объектілерді зерттеу кезінде қате тағайындалатынын ескре кету керек. Мұндай жағдайларда соттық сараптама органының басқарушысы, не жүргізуші сарапшы объектілерді комиссия мүшелері арасында өзара бөледі, ал олар объектілерді жекеше зерттеп, ортақ нәтиже қалыптастырады. ҚР ҚІЖК 249-бабының 2-4-тармақтарындағы мазмұнына сәйкес, комиссиялық сараптаманы тағйындаудың шарты – шешім қабылдаудағы оның күрделілігі мен коллегиялылығы болып табылады, яғни әр сарапшы барлық объектілерді толықтай көлемде зерттеп, зерттеу нәтижелері бойынша нәтиже қабылдауға қатысуы тиіс.

Белгілі бір іс бойынша бір жағдайды анықтау үшін түрлі сарапшылық мамандықтар негізінде зерттеулер өткізу қажет болғанда кешенді сараптама тағайындалады. Егер сараптаманы тағайындаған орган оның түрін дұрыс анықтамаса (мысалы, сөз сараптама түрі бойынша кешенді зерттеулер өткізу қажеттілігі туралы немесе істің бірнеше жағдайларын анықтау үшін түрлі сараптамалар өткізу туралы), соттық сараптама органының басқарушысына кешенді сараптама өткізу туралы жарлық міндетті болып табылмайды. Егер сарптаманы тағайындаған органның жарлығында ол кешенді деп белгіленбесе, бірақ ол фактілі түрде сондай болса, кешенді сараптама өткізу туралы шешімді соттық сараптама органының басқарушысы қабылдай алады.

Қосымша сараптама негізгі сараптама өткеннен кейін, сарапшының қорытындысының толықсыздығы не түсініксіздігі жағдайында, сол сияқты алдыңғы зерттеулерге байланысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тағайындалуы мүмкін. Қосымша сараптама тағайындалған кезде сарапшыға алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуі керек.

Қайталанушы сараптама дәл сол объектілерді зерттеу үшін, дәл сол сұрақтарды шешу үшін, сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті негізді болмаса, не оның дұрыстығы күмән тудырса, немесе сараптаманы тағайындау және өткізудің процессуалды нормалары бұзылса тағайындалады. Қайталанушы сараптаманы тағайындаудың мотивациясы болуы тиіс. Қайталанушы сараптама тағайындалғанда сарапшыға алдыңғы сараптамалардың барлығының қорытындылары берілуі тиіс.

Тәжірибеде қайталанушы сараптамалардың тағайындалуы процессуалды кемшіліктермен ұштасып жатады, олардың кеңінен таралғандары мыналар:

  • қайталанушы сараптама зерттеуге алдыңғыларынан ерекшеленетін (мысалы, жол-көлік оқиғалары істері бойынша сараптама өткізу кезінде өзгертілген сыртқы мәліметтер) сыртқы мәліметтер берілген кезде тағайындалады.

  • қайталанушы сараптаманы тағайындаудың процессуалды негіздерінің болмауы: айыпкердің бірінші сараптама нәтижелерімен келіспеуі туралы өтініштің негізі болмағанда және оны тағайындаған тұлғаның ештеңемен мотивацияланбаған келіспеушілігі кезінде қайталанушы сараптама тағайындалады.

ҚР ҚІЖК 241-бабының 2-тармағына сәйкес, қылмыстық іс қозғау туралы шешімді сараптамасыз қабылдау мүмкін болмаса, ол істің қозғалғанына дейін тағайындалуы мүмкін. Бұл айтылынған наркотикалық заттардың заңсыз айналымына, заңсыз сақатлуына, сол сияқты қару-жарақтарды заңсыз тасу немесе тасымалдауға байланысты қылмыстық істі қозғау кезінде өте жиі орын алады. Қылмыстық істі қозғағанға дейін сараптаманы өткізудің міндетті шарты – оны салыстырмалы үлгілерді қолданусыз өткізу мүмкіндігі болып табылады.

Тергеушінің (анықтауды жүргізетін тұлға) сарапшы қорытындыны тапсырғаннан кейін, сол қорытынды бойынша одан жауап алуға құқығы бар, ол ҚР ҚІЖК 253-бабында қарасытырылған.

Сарапшының жауабы мен оның алдында берген қорытындысын түсіндіру, толықтыру немесе негіздеу үшін жүргізіледі, егер ол жеткілікті түрде анық болмаса, кемшіліктері болмаса, оның орнын толтыру үшін қосымша зерттеулер қажет болмаса, немесе сарапшының қолданған әдістері мен терминдерін негіздеу керек болса.

Қорытындының түсіндірілуі дегеніміз сарапшының мынадай жайлардың мәні мен мағынасы ашылатын: сарапшының таңдаған зерттеу әдістемесінің; оның қолданған ғылыми-техникалық құралдарының; объектілерді зерттеу барысында табылған белгілердің; табылған белгілерді сарапшының бағалаудағы критерийлерінің жауабы болып табылады.

Ал сарапшының қорытындысында пайдаланылған терминдер мен анықтамалар; сол сияқты сарапшының қолданған әдістері негізделуге жатады.

Сарапшы қорытындысының толықтырылуы деп, жүргізілген зерттеулер нәтижесінен шығатын, бірақ қорытындыда көрсетілмеген сөздер түсініледі.

Егер сарапшы жауап беру кезінде өз сөздерін өзгертсе, оның себептеріне байланысты оның жаңа сөздері қабылданады, немесе қайтадан сараптама тағайындалады

Сарапшыны жауап алуға шақыру және одан жауап алу заңмен тікелей қадағаланбаған. Бұл екі процедуралар куәгерден жауап алу және оны шақыру ережелері бойынша өткізіледі, бірақ, әрине, куәгер мен сарапшының процессуалдық ерекшеліктері ескеріледі. Сарапшыны – сот сараптамасы органының қызметкерін шақыру оның басқарушысы арқылы жүзеге асады. Сарапшыдан жауап алу хаттама құру арқылы рәсімделеді. Сарапшының жауабы оның берген қорытындысының түсіндірілуімен, толықтырулармен және негізделулерімен байланысты болғандықтан, сарапшы қорытынды бермейінше, одан жауап алынбайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Алдын-ала іздестірудегі сараптаманы тағайындаудың кезеңдерін сипаттаңыз.

  2. Сараптаманың міндетті түрде тағайындалу жағдайларын атап өтіңіз.

  3. Қосымша, қайталанушы, комиссиялық, кешенді сараптамалардың тағайындалуының процессуалды тәртібін ашыңыз.

  4. Қандай жағдайларда сарапшыдан жауап алынады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]