Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

2 Сот сараптамаларының іс жүргізу негіздері бойынша сыныпталуы

Қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы келесі сот сараптамаларының түрлерін көздейді:

1. Зерттеу көлемі бойынша: негізгі (ҚР ҚІЖК 249 бабы), қосымша (ҚР ҚІЖК 255 бабының 1 бөл.).

2. Қолданылатын білімдердің құрамы бойынша: біртекті (ҚР ҚІЖК 249 бабы), кешенді (ҚР ҚІЖК 250 бабы).

Ескерту: кешенді сараптамалар бір сарапшымен оңаша жасалуымүмкін, егер ол сот сараптамаларының әр түрлі туыстары мен сыныптарында арнайы ғылыми білімдерге ие болса.

1. Өткізу орны бойынша: сот сараптамасының органдарында (ҚР ҚК 245 бабы.), сот сараптамасының органынан тыс (ҚР ҚК 246 бабы.)

2. Сарапшылардың саны бойынша: жеке (ҚР ҚІЖК 249 бабы), комиссиялық (ҚР ҚІЖК 249 бабының 3 бөл.).

3. Өткізу реті бойынша: алғашқы (ҚР ҚІЖК 2450 бабы), қайталама сарапатма (255 батың 3 бөл.).

Ескерту: қайталама сараптама сарапшы комиссиясына тапсырылады. Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайталама сарапшылар жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды (ҚР ҚІЖК 255 бабының 5 бөл.).

3 Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы

Криминалистикалық сараптамалар – сот сараптамасының дербес сыныбы : олардың өз зерттеу пәні, объектісі және әдістемесі болады.

Криминалистикалық сараптаманың пәнін криминалистика, әсіресе, жаратылыстану және техникалық ғылымдар жетістіктеріне сүйенетін криминалистикалық техника саласындағы арнайы білімдер негізінде қылмыстық немесе азаматтық істі тергеу және қарау барысында зерттелетін және белгіленетін нақты деректер (істің мән-жайлары) құрайды.

Адамдар, жануарлар, заттар, олардың бейнелеулері (іздері) бойынша материалдары мен бұйымдардың идентификациясымен байланысты сұрақтар үлкен топты құрайды.

Криминалистикалық сараптаманың объектілері болып заттай айғақтар табылады. Сондай-ақ, криминалистикалық сараптаманың спецификалық объектілеріне үлгілер – салыстырмалы идетификациялық зерттеу үшін ұсынылатын әр түрлі заттар мен құжаттар (айыпталушы және күдікті адамдардың қол жазба құжаттары, қол бедерлері, ізделуші қарудан атылған патрондар, оқтар мен гильзалар, іздердің көшірмелері, объектілердің және т.б. фотографиялық суреттері ) жатады.

Сонымен бірге, криминалистикалық сараптаманың объектілері өзге де криминалиститкалық сараптаманың пәніне жататын және қойылған сұрақтарды шешу үшін қажетті деректерді құрайтын іс материалдары бола алады.

Сараптаманың әрбір туысының мәнді белгісі болып сараптамалық зерттеу пәні мен объектісімен бірге әдістемесі де болып келеді.

Әрбір криминалиститкалық сараптаманың туысы мен түрінің жалпы және жеке әдістемесін және олардың даму деңгейлерін бөлуге болады. Жеке әдістемелер сараптаманың бөлек түрлері бойынша құрылады. Сараптаманың қайсыбір туысы мен түрі пән, міндеттер мен зерттелуші қасиеттер мен объектілер белгілердің жалпылығымен бірігетін сараптамалық зерттеудің жалпы әдістемесіне ие бола алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]