- •Дәріс тезистері
- •1 Тақырып Сот сараптамасы пәніне кіріспе.
- •1. Сот өндірісіндегі арнаулы білімнің түсінігі
- •2 Сот сараптамасының түсінігі
- •2 Тақырып Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану
- •1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері
- •2. Сот сараптамасының объектілері
- •3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері
- •4. Сот сараптамасының әдістерінің түсінігі мен классификациясы
- •1 Сынып. Криминалистикалық:
- •2 Сынып. Сот медициналық және психофизиолгиялық:
- •2 Сот сараптамаларының іс жүргізу негіздері бойынша сыныпталуы
- •3 Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы
- •4. Криминалистикалық сараптамалардың сыныпталуы.
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері
- •6 Тақырып. Сотта сараптаманы тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.
- •1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.
- •2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.
- •8 Тақырып Сот сараптамасының құқықтық жағдайы.
- •1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.
- •2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.
- •4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.
- •5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.
- •9 Лекцияның тақырыбы: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі.
- •Лекцияның мәтіні:
- •1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
- •Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
- •2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы ретінде.
- •Лекцияның мәтіні:
- •Сараптамашылық зерттеудің сатылары
3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері
Үлгілер түпнұсқаның қасиеттерін тікелей зерттеу мүмкін емес немесе мақсатқа сай емес болған жағдайда пайдаланылады. Бұл жағдайда объектінің өзі емес, одан алынған үлгілер зерттеледі. Үлгі болып: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) заттай дәлелдемелердің ауыстырушысымен туыстық белгілері бар балама заттар; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер.
ҚР ҚІЖК-нің 256 бабы 2 бөл.көрсетілгендей үлгілер ретінде, атап айтқанда:
1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененiң сыртқы бетiнiң микроскопиялық қорытындылары;
2) сiлекей, тер және басқа бөлiнiп шығатындар;
3) терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;
4) қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар;
5) дауыс фонограммасы;
6) материалдардың, заттардың, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары;
7) гильзалардың, оқтардың қару мен тетiк iздерiнiң үлгiлерi алынады.
Үлгілер бірқатар негіз бойынша сыныпталуы мүмкін. Мысалға, нәтижесінде үлгілер пайда болатын оқиғаның сипатына байланысты және ол түпнұсқаның заттай дәлеледемелердің құрылу механизмін көшіреді, үлгілер төрт түрге бөлінеді:
- эксперименталдық, оқиға жасанды түрде жасалғанда (атылған оқ, гильзалар);
- еркін үлгілер, тергелуші оқиғамен байланысты емес пайда болатын (қол нұсқа, дауыс фонограммалары);
- шартты еркін үлгілер, іс өндірісіне байланысты, арнайы сараптама үшін емес жасалған;
- табиғи үлгілер, физиологиялық қызметтің өнімі ретінде қалыптасатын ( қан, шаш үлгілері).
Үлгілерді алудың процессуалдық тәсілі мен субъектісіне байланысты олар сот-тергеушілік немесе сараптамалық болып бөлінуі мүмкін.
Үлгілерді алудың негізі фактілік және заңды болып келді.
Үлгілерді алуға қылмыстық процесті жүргізуші орган, маман және сарапшының құқығы бар.
4. Сот сараптамасының әдістерінің түсінігі мен классификациясы
Сараптаманың әдісі (сараптамалық зерттеудің) – сарапшының алдына қойылған сұрақтарды шешу үшін қажетті деректерді алудың логикалық және (немесе) инструменталдық операциялар жүйесі (тәсілдер, құралдар). Әдістерді құрайтын операциялар жаңа білімдерді алу үшін объективті шындық заңдылықтарынің білімін тәжірибе жүзінде қолдануды білдіреді.
Сараптаманың әдістері келесілерге негізделіп, қалыптасады:
а) сәйкесінше ғылыми әдістерге;
ә)сараптама объектісінің сипаты мен қаситеттеріне;
б) тәжірибелік міндеттерді шешу тәжірибесі, соның ішінде алгоритмдік ережелер мен сарапшының өзімен әзірленген сараптама объектілерін зерттеу әдіс-тәсілдеріне.
Сараптамалық зерттеу дәлелдеу элементі болып табылатындықтан, сәйкесінше әдістер ҚР ҚІЖК-нің 129 бабы 3 бөл. көзделген сипаттамаларға сәйкес болуы керек, яғни :
1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;
2) ғылыми жағынан маңызды болса;
3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;
4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады.
Әдістердің классификациясы 4 деңгейін бөледі:
1. Жалпы диалектикалық әдіс қалған деңгейлердің дамуының негізі болып табылады;
2.Жалпы (жалпы ғылыми) әдістер – нақты объектілер, құбылыстар, заттар, айғақтарды зерттеу бойынша белгілі бір құралдар, ережелер, нұсқаулықтардың жүйесі.
Жалпы әдістер- бұл зерттеудің жанжақты әдістері, өйткені, оның әрбірі сот сараптамасының алдына қойылатын бір топ сұрақтың шешуі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Олар барлық сараптаманың түрінде сараптамалық зерттеудің негізгі сатыларында қолданылады.
3. Сот сараптамасының жеке ғылыми әдістері – бұл бір немесе бірнеше ғылымдарда қолданылатын инструменталдық, аналитикалық және өзге қосалқы техникалық әдістер.
Олар зерттеу объектісінің морфологиялық және субстанциялық қасиеттерін зерттеуде қолданылады.
4. Арнайы (монообъектілік) немесе жеке-сараптамалық әдістер. Олар нақты, бірегей объектіні зерттеу үшін әзірленеді немесе бейімделінеді немесе сараптманың берілген түріне ғана қолданылады. Бұндай әдістер басқа салалар білімінің, ғылым әдістерінің негізінде немесе нақты объектілерді зерттеу тәжірибесі негізінде арнайы сарапшылармен құрылады. Сарапшылармен әзірленген арнайы әдістер криминалистикалық сараптамалардың барлық түрінде дерлік қолданылады, әсіресе, құжаттардың сот-баллистикалық, сот-трасологиялық, сот-портреттік, сот-қол нұсқатанушылық, сот-техникалық сараптмаларында қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Сот сараптамасының пәні мен міндеттерінің мазмұнын ашыңыз.
2.Сот сараптамасы объектілерінің қандай топтары болады?
3.Сот сараптамасының үлгілерінің классификациясына сипаттама беріңіз.
4.Әдістердің деңгейлерін атаңыз.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Сот сараптамасы туралы ҚР Заңы 12.11.1997 ж.
Правила лицензирования судебно-экспертной деятельности в Республике Казахстан. Утв. постановлением Правительства РК от 9.10.1998 г. №1021.
Правила ведения государственного реестра судебных экспертов. Утв. постановлением Правительства РК от 7.11.2001 г. №1021.
Положение о работе комиссии по лицензированию судебно-экспертной деятельности. Утв. приказом министра юстиции РК от 8.06.1991 г. №41.
Перечень видов экспертиз, производимых в Центре судебной экспертизы Минюста РК, и экспертных специальностей, квалификация по которым присваивается Минюстом РК. Утв. приказом Минюста РК от 14.06.1999 г. №44 (с изм. и доп.).
Положение об аттестации судебных экспертов Республики Казахстан. Утв. приказом министра юстиции РК от 16.03.1998 г. №181.
Положение о порядке присвоения квалификации судебного эксперта в Центре судебной экспертизы Минюста РК. Утв. приказом министра юстиции РК от 16.03.1998 г. №181.
Инструкция о порядке деятельности квалификационной комиссии при Центре судебной экспертизы Минюста РК. Утв. приказом министра юстиции РК от 16.03.1998 г. №181.
Инструкция о порядке изъятия, учета, хранения, передачи и уничтожения вещественных доказательств, документов по уголовным делам, гражданским делам и делам об административных правонарушениях судом, органами прокуратуры, предварительного следствия, дознания и судебной экспертизы. Утв. cовместным приказом Минюста РК от 12.11.1988 г. №121, Ген. прокурора РК от 1.12.1988 г. №1043-ца, председателя КНБ РК от 8.12.1998 г. №73, министра финансов РК от 2.12.1998 г. №429, министра госдоходов РК от 28.12.1998 г. № 111.
Негізгі:
Аубакиров А.Ф., Ким Э.П. Криминалистическая экспертиза материалов и веществ: Учеб. пособие. Алматы: ВШП "Адилет", 2001.
Белкин Р.С. Курс криминалистики: В 3 т. М.: Юристъ, 1997.
Бычкова С.Ф. Становление и тенденции развития науки о судебной экспертизе. Алматы, 1994.
Бычкова С.Ф. Организация назначения и производства судебной экспертизы: Теория и практика судебной экспертизы: Учеб. пособие. Т. 1. Алматы: Жетi жаргы, 1999.
Винберг А.И., Малаховская Н.Т. Судебная экспертология: общетеоретические и методологические проблемы судебных экспертиз. Волгоград, 1979.
Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных знаний для квалификации преступлений. Алматы: Жетi жаргы, 1999.
Криминалистическая энциклопедия / Под ред. Р.C. Белкина. Алматы, 1995.
Поврезнюк Г.И. Судебная экспертиза. Подготовка и назначение в уголовном и гражданском процессах: Практ. пособие. Алматы, 1999.
Россинская Е.Р. Судебная экспертиза в уголовном, гражданском и арбитражном процессе: Практ. пособие. М., 1996.
Сахнова Т.В. Судебная экспертиза. М.: Городец, 2000.
Шакиров К.Н. Судебная экспертиза. Учеб.-практ. пособие в схемах. Алматы: ВШП "Әдилет", 1998.
Шакиров К.Н. Судебная экспертиза: проблемы теории и практики. Алматы: Аркаим, 2002.
Шляхов А.Р. Судебная экспертиза. Организация и проведение. М.: Юрид. лит., 1979.
Энциклопедия судебной экспертизы/Под ред. Т.В. Аверьяновой, Е.Р. Россинской. М.: Юрист, 1999.
Бычкова С.Ф. Судебная экспертология. Алматы, 2005
Қосымша:
Аверьянова Т.В. Содержание и характеристика методов судебно-экспертных исследований. Алма-Ата, 1991.
Агушевич А.М., Мозговых Г.А., Шакиров К.Н. О состоянии качества расследования дорожно-транспортных происшествий в Республике Казахстан // Вопр. использования специальных знаний в уголовном и гражданском судопроизводстве: Сб. информ. писем для работников правоохранительных органов. Алматы, 1994. Вып.1.
Аубакиров А.Ф., Мозговых Г.А., Шакиров К.Н. Криминалистическое исследование холодного оружия: Метод. разработка. Алма-Ата: КазНИИСЭ, 1991
Бычкова С.Ф., Гинзбург А.Я. Следственные действия. Краткий комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РК. Алматы, 1998
Корухов Ю.Г. Криминалистическая диагностика при расследовании преступлений: Науч.-практ. пособие. М.: НОРМА-ИНФРА, 1998
Поврезнюк Г.И., Поврезнюк Л.Л., Дильбарханова Ж.Р. Медико-криминалистический справочник: Учеб. практ. пособие. Алматы: Аян Эдет, 1999
Эйсман А.А. Заключение эксперта: Структура и научное обоснование.
Тақырып 3 Сот сараптамасының жіктелуі
Мақсаты: Сот сараптамаларының және криминалистикалық сыныбының сот сараптамаларының түсініктерін ашу, сот сарапатамаларының сыныптамаларына сипаттама беру.
Жоспар:
1. Сараптаманың сыныбы, тектілігі, түрі түсініктері.
2. Іс жүргізу негіздері бойынша сот сарапатамаларының сыныптамасы.
3. Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы.
4. Криминалистикалық сараптамалар сыныптамасы.
1 Сараптаманың сыныбы, тектілігі, түрі түсініктері.
Пән бойынша сот сараптамасы ғылымымен қабылданған сыныптамаға сәйкес, барлық сот сараптамаларын сыныптарға, тектілігіне, түрлерге, қосалқы түрлерге бөлу көзделген.
Сараптаманың сыныбын сот сараптамаларының теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру көзі болып табылатын білім жиынтығымен бірігетін сараптамалық зерттеулер және осы білімдер негізінде зерттелетін объектілер құрайды.
Сараптамалардың тектілігі, пәні мен объектілері және сәйкесінше сараптамалық зерттеулер әдістемелері бойынша бөлінеді.
Сараптаманың түрін тектілік үшін ортақ объектілер мен әдістемелері бойынша пәннің өзіне тән ерекшелігімен айқындалатын туыстық элементтері құрайды.
Сараптаманың қосалқы түрі - берілген сараптама түрінің пәніне тән өзіндік міндет тобымен және бөлек объектілер немесе олардың топтарын зерттеу әдісінің кешендерімен ерекшеленетін түрдің құрамдас бөліктері.
ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 16 маусымдағы «ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасының орталығында жүргізілетін Сараптама түрлерінің тізімін бекіту туралы»№ 44 бұйрығына сәйкес қолайлы болып келесі сыныптама ұсынылады:
