- •Дәріс тезистері
- •1 Тақырып Сот сараптамасы пәніне кіріспе.
- •1. Сот өндірісіндегі арнаулы білімнің түсінігі
- •2 Сот сараптамасының түсінігі
- •2 Тақырып Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану
- •1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері
- •2. Сот сараптамасының объектілері
- •3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері
- •4. Сот сараптамасының әдістерінің түсінігі мен классификациясы
- •1 Сынып. Криминалистикалық:
- •2 Сынып. Сот медициналық және психофизиолгиялық:
- •2 Сот сараптамаларының іс жүргізу негіздері бойынша сыныпталуы
- •3 Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы
- •4. Криминалистикалық сараптамалардың сыныпталуы.
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері
- •6 Тақырып. Сотта сараптаманы тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.
- •1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.
- •2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.
- •8 Тақырып Сот сараптамасының құқықтық жағдайы.
- •1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.
- •2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.
- •4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.
- •5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.
- •9 Лекцияның тақырыбы: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі.
- •Лекцияның мәтіні:
- •1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
- •Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
- •2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы ретінде.
- •Лекцияның мәтіні:
- •Сараптамашылық зерттеудің сатылары
2 Тақырып Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану
Мақсаты: сот сараптамасының пәнін, міндеттерін, объектілері мен әдістерін анықтау
Жоспар:
1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері.
2. Сот сараптамасының объектілері.
3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері.
4. Сот сараптамасы әдістерінің түсінігі мен классификациясы.
1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері
Сот сараптамасының пәнінің мазмұнын – ғылыми және тәжірибелік екі тұрғыдан қарастыру қажет.
Білімнің ғылыми саласы тұрғысынан сот сараптамасы туралы ғылымның пәні болып объектілер қасиеттерінің қалыптасу және олардың қылмысты жасауға байланысты өзгеру заңдылықтары болып табылады.
Тәжірибе қызметі тұрғысынан алғанда сот сараптамасының пәні болып ғылым, техника, өнер немесе кәсіп саласында арнайы танымның және қылмыстық немесе азаматтық істер материалдарын зерттеудің негізінде белгілі болатын айғақты деректер (істің мән-жайлары) болып табылады.
Нақты сараптамаға қатысты оның пәні болып сарапшыға өзіне берілген тәсілдер мен әдістерді пайдаланып, сәйкесінше арнайы танымдардың жиынтығы негізіндегі зерттеу барысында және нәтижесінде шешілуі тиіс сараптамалық міндет болып табылады.
Сараптамалық міндет – сарапшы алдына қойылған сұрақта сипатталған сарапшымен қабылданған тапсырма.
Сараптамалық міндеттердің келесі классификациясы бар: диагностикалық, классификациялық, идентификациялық, жағдайлық (ситуациялық).
Диагностикалық сараптамалық зерттеулердің мақсаты объектілерді танып білу болып табылады. Олар объектінің табиғатын, қасиеттері мен қалпын, белгілі бір сипаттамалардан ауытқуларды, осы өзгерістердің себептерін және олардың криминалдық оқиғамен байланысын белгілеуге бағытталған.
Классификациялық сараптамалық зерттеулердің мақсаты объектілерді белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға тиістілігін белгілеу болып табылады.
Идентификациялық сараптамалық зерттеудің мақсаты жеке-анықталған объектілердің немесе олардың материалдық-бекіген көрінісі бойынша шығу көзінің дұрыстығын бекіту болып табылады.
Жағдайлық (ситуациялық) зерттеу мақсаты жеке оқиғаларды бекіту. Олардың негізінде қылмыстық іс шеңберінде жалпы оқиғаның тетігін қайта құрап жасау.
2. Сот сараптамасының объектілері
Сот сараптамасының объектілері ұғымын ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан қарастыру қажет. Ғылымның сот сараптамасының ұғымдарына қолданылуы бойынша сот сараптамасының объектілері – бұл объектілердің туыстылығы (түрі), жалпы қасиеттермен сипатталатын заттардың қандай да бір сыныбы, санаты. Тәжірибелік сараптамалық қызметте – бұл сарапшыға зерттеуге түсетін белгілі бір зат (заттар). Бұл негізінен заттай дәлелдемелер. Оларға: адамдар мен жануарлардың, заттар, механизмдер, агрегаттар, осы заттардың бөліктері, заттар, материалдар, бұйымдар, құжаттар мен полиграфиялық өнім, адам, жануар мәйіттері, олардың бөліктері, әртүрлі өсімдік және жануар тектес объектілер және т.б. жатады.
Сонымен қатар, сараптама объектілеріне оқиғалар, фактілер, құбылыстар және басқа да материалдық емес объектілер жатады, оларды тергеу процесінде зерттеу қажеттігі арнайы таным мен сараптамалық зерттеу өткізуді талап етеді.
Сот сараптамасының объектілері келесі негіздер бойынша сыныпталуы мүмкін: мәнінің иерархиясын ескеру; ақпарат көзі бойынша; сараптамалық міндетті шешу процесінде орынға байланысты; бар ақпараттың көлемі мен деңгейі, мәніне байланысты.
