- •Дәріс тезистері
- •1 Тақырып Сот сараптамасы пәніне кіріспе.
- •1. Сот өндірісіндегі арнаулы білімнің түсінігі
- •2 Сот сараптамасының түсінігі
- •2 Тақырып Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану
- •1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері
- •2. Сот сараптамасының объектілері
- •3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері
- •4. Сот сараптамасының әдістерінің түсінігі мен классификациясы
- •1 Сынып. Криминалистикалық:
- •2 Сынып. Сот медициналық және психофизиолгиялық:
- •2 Сот сараптамаларының іс жүргізу негіздері бойынша сыныпталуы
- •3 Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы
- •4. Криминалистикалық сараптамалардың сыныпталуы.
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері
- •6 Тақырып. Сотта сараптаманы тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.
- •1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.
- •2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.
- •8 Тақырып Сот сараптамасының құқықтық жағдайы.
- •1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.
- •2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.
- •4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.
- •5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.
- •9 Лекцияның тақырыбы: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі.
- •Лекцияның мәтіні:
- •1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
- •Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
- •2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы ретінде.
- •Лекцияның мәтіні:
- •Сараптамашылық зерттеудің сатылары
Сараптамашылық зерттеудің сатылары
Сарапшының қорытындысын анықтаушысы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, судья дәлелдемелерді жан-жақты, толық және объективті қарудың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімдері бойынша, заң мен ар-ожданды басшылыққа алып, дәлелдемелерді бағалаудың жалпы ережелері бойынша бағалайды (ҚІЖК-нің 25-бабы 1-б.).
Сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер бағаланатын негіздерде бағаланады. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретіндегі сарапшы қорытындысын бағалауға іс бойынша оның қатыстылық, жол берушілік, сенімділік және дәлелдемелік маңызын анықтау кіреді.
Егер нақты деректер іс бойынша маңызы бар мән-жайлардың өмір сүруі туралы тұжырымдарды растайтын, растамайтын немесе күмән келтіретін болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады. Сарапшы қорытындысының қатыстылығы әдетте күмән тудырмайды, өйткені ол ең бастан қылмыстық процесс шеңберінде қалыптастырылады. Бұл жағдайда бағалау, негізінде, сараптама объектілерінің қатыстылығын, сондай-ақ сарапшының өзінің бастамасы бойынша жасаған тұжырымдарын тексеруге бағытталуы тиіс.
Жол берушілік – ол оны нақты деректердің (мәліметтер, ақпараттар) заңды көздері тұрғысынан, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңына көзделген тәртіпте, осындай көздерде болатын нақты деректерді алудын тәсілдері мен бекіту нысандарын сипаттайтын дәлелдеме қасиеті.
Сонымен, егер дәлелдеме Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіпте алынған болса, оған жол беріледі деп танылады.
Дәлелдеме ретіндегі жол берушілікке төрт критерий кіреді:
дәлелдемелерді алуға бағытталған іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқықты тиісті субъект;
дәлелдеме мазмұнынан құралған ... нақты деректердің тиісті көзі;
дәлелдемелерді алу үшін пайдаланылатын тиісті іс жүргізу әрекеті;
дәлелдемелерді алу үшін пайдаланған іс жүргізу әрекетін өткізудің тиісті тәртібі.
Сондай-ақ сарапшы қорытындысын бағалау туралы мәселе адам құқығын сақтау тұрғысынан сарапшы пайдаланған арнайы әдістер мен әдстемелерге жол берушілік проблемасымен байланысты. Бұл жерде объекті ретінде адам болатын сараптама түрлері жайында сөз болып отыр.
Бақылау сұрақтары:
1. Із-тану (трасология) сот сараптамасының түсінігі, міндеттерімен объектілері және ғылыми негіздері.
2. Теңестіру (идентификациялық, классифи-кациялық, диагностикалық) зерттеулердің ерекшеліктері.
3. Іздердің классификациясы.
4. Із-тану сараптамасына материалдар дайындау ерекшеліктері.
