- •Дәріс тезистері
- •1 Тақырып Сот сараптамасы пәніне кіріспе.
- •1. Сот өндірісіндегі арнаулы білімнің түсінігі
- •2 Сот сараптамасының түсінігі
- •2 Тақырып Сот өндірісінде сот сараптамасын арнайы ғылыми білім ретінде қолдану
- •1. Сот сараптамасының пәні мен міндеттері
- •2. Сот сараптамасының объектілері
- •3. Сараптамалық зерттеудің үлгілері
- •4. Сот сараптамасының әдістерінің түсінігі мен классификациясы
- •1 Сынып. Криминалистикалық:
- •2 Сынып. Сот медициналық және психофизиолгиялық:
- •2 Сот сараптамаларының іс жүргізу негіздері бойынша сыныпталуы
- •3 Криминалистикалық сараптамалар сыныбының жалпы сипаттамасы
- •4. Криминалистикалық сараптамалардың сыныпталуы.
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасындағы сараптамалық мәселелер. Сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелері
- •6 Тақырып. Сотта сараптаманы тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері.
- •1. Процесс қатысушыларының процессуалдық мәртебесі және сараптама өндірісі: жалпы мәселелер.
- •2. Сезікті және айыпталушының сараптама өткізу кезінде құқықтары мен міндеттері.
- •8 Тақырып Сот сараптамасының құқықтық жағдайы.
- •1. Сот сарапшысының түсінігі мен оның маманнан құқықтық айырмашылығы.
- •2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттері.
- •4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.
- •5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.
- •9 Лекцияның тақырыбы: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі.
- •Лекцияның мәтіні:
- •1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
- •Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
- •2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
- •10 Лекцияның тақырыбы: Сарапшының қортындысы дәлелдеу құралы ретінде.
- •Лекцияның мәтіні:
- •Сараптамашылық зерттеудің сатылары
9 Лекцияның тақырыбы: Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негізі.
Жоспар:
1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
Лекцияның мақсаты: Бастапқы және қайталама сараптамаларда қайшылықтардың болуы кезінде сот бір қорытындының екіншіден артықшылығын дәлелдеу немесе қайшылықытарды жою үшін жаңа сараптама тағайындауы керек.
Лекцияның мәтіні:
1. Салыстырмалы зерттеу кезеңі.
Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады. Хабардар адам сарапшылық зерттеге арналған материалдарды олардың жеткілікті туралы мәселені шешу үшін алдын ала оқып-зерттейді.
Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, ҚІЖК-нің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның қолымен күәландыратын белгі қойылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық іс бойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесіне ие болады. Осылайша сарапшы жасаған шағым мен оның өтініші белгіленеді. Сараптама тағайындаған адам сарапшының өтінішін тағайындамау туралы дәлелді қаулы шығарады.
Сараптама тағайындау туралы қаулының көшірмесімен бірге бір мезгілде сарапшыға зерттеуге арналған қажетті іс материалдары қолхат ала отырып тапсырылады.
Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргзуші орган комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті.
Сот сараптамасына берілген объектіні қайтадан тексеру жолдары
Сараптаманы жүргізу барысында пролцесті жүргізуші орган және сарапшы өзара әрекеттерді жүзеге асырулары мүмкін, ал бұл нақты іс боыйнша сот сараптамасының мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.
Сараптама тапсырылған сәттен бастап хабардар адам сараптама тағайындаған органға (адамға) қатысты тәуелсіздік пен өзіндік дербестікті сақтай отырып, белгілі бір іс жүргізу өклеттілігіне ие болады.
Алайда, қылмыстық процесті жүргізуші органның функциясы тек сараптаманы тағайындаумен және сарапшыға немесе сот сараптамасы органына материалдарды тапсырумен шектеліп қана қояды ыдеп айтылығандық емес.
Кезінде тергеушінің сот сараптамасын “басқаруы” туралы тезис шығарылып, сондай-ақ әдебиеттерде прокурордың сарапшы қызметіне қадғалау жүргзу жөнінде де сөз қозғалды.
Алайда, сарапшының үстінен процесті жүргізуші органның басқару рөлі мен бақылау функциялары туралы айтлары туралы айтуға бола ма, гегер болса ол неден көрінеді? Принципті түрде мұндай бақылаудың тек екі аспектісі – іс жүргізу және әдістемелікті айтуға болады.
2. Сараптамалық зерттеу нәтижесін бағалаужәне қорытынды шығару.
Сарапшыға сараптама тағайындау органның іс жүргізу бақылау тралы мәселе оң шешіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органның белсенді рөлі іс жүргізу ережелерінен көрінеді, тергеу тактикасымен сот ісін жүргізу мақсаттарымен анықталады. Сот сараптамасы – процесті жүргізуші органның бір жағынан, сарапшының екінші жағынан суретке асыратын іс жүргізу әрекеті. Сараптаманы тағайындау фактісі, сарапшыны таңдау, сарапшы тапсырмасының көлемі, зерттеуге ұсынылатын материалдар процесті жүргізуші органға байланысты болады.
Бірқатар ТМД елдерінің ҚІЖК-не сәйкес тергеуші сараптамаға құқылы, бұл оған зерттеу барысында тікелей бақылау жасаға мүмкіндік береді. Тергеушінің сараптама тағайындалғаннан соң да сарапшы тапсырмасын түзету, сондай-ақ араптамангы жүргізуді толығымен немесе ішінара тоқтату құқығы сақталған. Тергеуші дер кезінде қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігін, жаңа дәлелдерді жинау қажеттілігін анықтайды, жаңа дәлелдерді анықтауды белгілеуді, сарапшы қорытындысын бағалауда пайдалы ақпаратты алады.
Алайда, сарапшы зерттеу әдістемесін таңдауда, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін сарапшылық бағалауда ерікті.
Әдебиеттерде сараптама жүргізу кезінде процесті жүргізуші органның белсенділігін көтеру бағытталған негізгі ұсыныстар бар: сарапшының пайдалануына әдістер, техникалық құралдар ұсынылуы мүмкін, алайда бұлар ұсыныстық сипатта болып, оларды сарапшы өзінің қалауымен пайдаланады.
Қазақстан Республикасыныңы іс жүргізу заңында, ҚІЖК-нің 244-бабы 1-бөлігінің 5) тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда (яғни, бір мезгілде сезіктімен, айыпталушымен не жәбірленушімен бірге), сараптама тағайындаған органмен сараптама жүргізу кезінде қатысу құқығы көрініс таппаған.
Алайда, кез келген процесті жүргізуші орган іс бойынша әрбір іс жүргізу әрекеттеріне қатысушы бола отырып, әрине, мұндай құқыққа ие болады. Сараптама жүргізу кезінде оның қатысуы сараптама тақырыбына қатысты қосымша мәселелер қоюға, қосымша материалдар ұсынуға жәрдемін тигізуі, ал оларды ұсынудың қажеттілігі мен мүмкіндігі сараптаманы жүргізу барысында анықталуы мүмкін.
Егер процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде өзінің қатысуын қажет деп тапса, онда ол бұл жөнінде сарапшыға хабарлауы тиіс. Сарапшы сараптама жүргізудің орны мен уақытын хабарплайды.
Процесті жүргізуші орган барлық сарапшылық зерттеуді жүргізу кезінде де, сондай-ақ оның жеке кезендеріне қатысуға құқылы. Алайда, ол сарапшының қорытынды шығару кезінде (қорытыныды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама), ал комиссиялық немесе кешенді сараптама жүргізу жағдайында, зерттеу қорытындыларын талқылауға қатысуға құқысы жоқ.
Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік болған жағдайларда, соңғысының қарамағында іс жүргізу құралдары болады, оларды сарапшының қорытындысын алғаннан және бағалағаннан кейін пайдаланылуы мүмкін, олар – сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайтылыма сараптама тағайындау, құзіретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.
Бақылау сұрақтары:
қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде сарапшы қорытындысына жалпы сипаттама беру.
Қылмыстық іс жүргізуші органның сарапшы қорытындысының қатыстылығын, жол берушілігі мен сенімділігін бағалау ережелерін баяндау.
сарапшы тұжырымының мазмұны мен нысандарына байланысты сарапшы қорытындысының дәлелдемелік маңызын бағалаудың ерекшеліктерін және сарапшының ықтималды қорытындыларын пайдалану мүмкіндігін сипаттау.
