Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот сараптамасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

4. Сот сарапшыларының мемлекеттік реестрі.

Сот сарапшысының квалификациясын алған және сәйкесінше комиссиямен аттестатталған тұлғалар сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылады, сондай-ақ сот-сраптамалық қызметпен айналысуға құқыққа лицензия алған тұлғалар Заңның 18 бабының, 1999 жылғы 15 мамырдағы № 57865 ҚР Үкіметінің қаулысымен өзгерістер енгізілген ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы №1021 қаулысымен бекітілген «Сот сарапшыларының Мемлекеттік реестрін жүргізу ережесі» негізінде қалыптасатын Мемлекеттік реестрге енгізіледі.

5. Сарапшылық әдеп пен сот сарапшысының жауапкершілігі. Сарапшыға қарсылық білдіру.

Сарапшының кәсіби әдебі оның кәсіби қызметі саласында да, тұрмыста адамгершілік мінез-құлық нормалары жүйесіне бағынуын білдіреді. Сот сарапшысының кәсіби әдебінің негізгі элементтері: объективтілік, принципиалды ұстамдылық пен басқаның ықпалына түспеуі; сараптаманың пәніне қатысты сұрақтар бойынша дербес пікірінің болуы; зерттеу нәтижесін жинақтап жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген ішкі сенімділікпен анықталған белгілерді бағалау; өзіндік сынның болуы; қызметтік құпияны қатаң түрде сақтау; жұмыста сараптама қатысушыларының ар-намысын қорламайтын әдістер мен тәсілдерді қолдану; процесс қатысушыларына түзу көзқарастың болуы. Кәсіби әдепті сақтау барлық жағдайларда сот сарапшысының жоғары әлеуметтік мәртебесіне сай болуын білдіреді.

Заңның 13 бабына сәйкес, сарапшының өз міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық бұзушылықтардың сипатына байланысты жауапкершіліктің тәртіптік, материалдық, әкімшілік және қылмыстық түрлері болады.

Сараптамалық қорытындының объективтілігі мен дұрыстығының кепілінің болуы мақсатында қолданыстағы заңнамамен сарапшының көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделген, ол туралы сарапшыға сараптаманы тапсырған кезде ескертедi.

Сарапшы моральдық және этикалық нормалармен сыйымсыз қылық жасаған жағдайда, сараптамалық мамандануы бойынша сұрақтарда құзыретті еместігі шықса, ол сот сарапшысы білігінен айырылуы мүмкін.

Қызметтік міндеттеріне адал қарамаған сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сарапшы тәртіптік жауатылыққа тартылады.

Сарапшы процестің ауыстырмалы қатысушыларының қатарына жатады, сондықтан қарсылық білдіру (өзіндік қарсылық білдіру)туралы өтініштерді қанағаттандыру жолымен іске қатысудан аласататылуы мүмкін.

ҚР ҚІЖК-нің 90 бабының 1 бөл. сәйкес

1) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса, қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса. Аталған қарсылық білдіру негіздері маман мен процестің өзге қатысушыларының қызметтерінің қиылыспауымен байланысты;

2) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса, егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса. Аталған мән-жайлар істің қорытындысына жеке мүдделі болмау талабымен байланысты;

3) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, сезiктiге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де байланыста болса немесе болып отырса. «Өзге байланыс» термині ретінде материалдық тәуелділік, бақыланушылық т.с.с. түсіну керек. Материалдық тәуелділік туралы қорытынды шығару үшін процестің басқа қатысушыларының жағынан сарапшыға материалдық көмектің кездейсоқ сипатта емес, жүйелі болуын көру қажет;

4) егер ол нәтижесi қылмыстық iс бойынша iс қозғау немесе қылмыстық iзге түсудi бастау үшiн негiз болған тексеру немесе басқа да тексерiс әрекеттерiн жүргiзсе. Нәтижесi қылмыстық iс бойынша iс қозғау негізі болып табылатын кез келген ведомстволық, инспекциялық тексеріс бақылау қызметіне жатады;

5)егер оның құзыреттi еместiгi байқалса, яғни қойылған сұрақтарды арнаулы ғылыми білім негізінде шешуге кәсіби дайындықтың жеткіліксіздігі.

Тұлғаның берген қорытындысының дұрыстығына күмәндану себепті сараптама қайта жүргізуін санамағанда, оның осы іске алдында қатысуы оның сәйкесінше қызметте қылмыстық іс өндірісінде қатысуды алып тастайтын жағдай бола алмайды. Осы іс бойынша алдында маман ретінде қатысқан тұлғаға, яғни қазіргі сарапшыға қарсылық білдірудің негізі бола алмайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сарапшы және маман ұғымдарына түсінік беріңіз.

  2. Сот сарапшысының құқықтары мен міндеттерін атаңыз.

  3. Сот-сараптамалық қызметті лицензиялау қандай органмен жүзеге асырылады?

  4. Қандай тұлғалар ҚР Сот сарапшыларының мемлекеттік реестріне енгізіледі?

  5. Сарапшыға қарсылық білдіру қандай жағдайларда болады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]