Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот психа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

3. Доғал заттармен келтірілген зақымдардың сот-медициналық сараптамасы.

Өзінің байланыс бетімен әсер етіп механикалық зақым келтіре алатын заттарды қатты доғал заттарға (ҚДЗ) жатқызады. Оларға ештеңеге пайдасы жоқ заттарда (тас, таяқ), тұрмыстық заттарда, машиналар мен механизмдердің детальдары да, адам және жануар денесінің бөліктері де және т.б. жатады.

Негізгі зақымдардың пайда болу механизмі, белгілері және сот-медициналық бағасы. Қанталаған жерлер. Механикалық зақымдардың ішіндегі кеңінен кездесетін түрі. Негізінен ҚДЗ-мен тік немесе соған жақын бұрыштан соққанда, бұлшық еттер немесе теріасты майының тканьдері бар жерде, тері астында пайда болады. Соққы тиген жерде жұмсақ тканьдер қысылады, ал периметрінде олар созылады. Соның салдарынан соққы орнындағы қантамырлар зақымданады және сол орынға қан құйылады да, сол орын тегісімен немесе бөліктеп қанталап қалады. Көбіне ҚДЗ әсерінен қанталаған жерлер дөңгелектелген немесе сопақталған кескінге ие болады.

Тері сыдырылған жерлер. 90°-тан кем бұрышта ҚДЗ соққылық әсерімен қоса жарақаттаушы заттың дене бетімен сырғанау әсерін, яғни тангенстік әсер тигізеді. Соққы бұрышы төмен болған сайын ол жоғары болады. Мұндай аралас әсер бір мезетте қанталаған және тері сыдырылған жерлердің пайда болуына апарып соғады. Түйісудің өте сүйір бұрышы кезінде (20° төмен) тек тері сыдырылған жерлер қалыптасады.

Жаралар. ҚДЗ-мен тік немесе соған жақын бұрыштан соққанда, зақым келтіруші нәрсенің орнында, көбіне тері астында сүйек ткані орналасқан жерде (көбіне баста) пайда болады. Көрсетілген жағдайларда тері зақымдаушы затпен сүйектің арасында қыстырылатын сияқты. Сонан соң жұмсақ тканьдер тығыздалады, сосын езіледі және бөлінеді. Сонымен бірге, теріні астындағы тканьдерден ажырату және қатпарлап тастау, керу арқылы езілу аймағынан жұмсақ тканьдерді жан-жаққа ығыстыру басталады.

Сынықтар (мертігулер). Олардың пайда болуына көбіне соққы немесе басу себеп болады. Олардың кез келгені сүйектің форма өзгертуін (деформациясын) – созылуын, қысылуын, бұралуын, майысуын, деформацияның екі және одан көп түрінің бірігуін туғызады. Сүйек оның беріктігімен анықталатын белгілі бір шектерге дейін формасын өзгерте алады (деформацияланады), содан соң бұзылу (сыну) басталады.

4. Көліктік және оқ-дәрілік жарақат.

Қозғалыстағы көлік құралының бөліктерімен келтірілген немесе қоғалыстағы көлік құралынан құлау нәтижесінде пайда болған зақымдардың кешені көліктік зақымдар (жарақаттар) деп аталады. Көліктік жарақатқа жол-көліктік, авиациялық және су көлігіндегі жарақатты жатқызады. Жол-көліктік жарақаты түріне қарай автомобильдік, мотоциклеттік, велосипедтік, тракторлық, темір жолдық және жегін көліктік деп бөлінеді.

Автомобильдік жарақат. Автомобильдік жарақат жоғарыда аталған жол-көлік жарақаттарының арасында жиі кездеседі және барлық көліктік жарақаттың 75% құрайды. Көліктік жарақаттар қозғалыстағы көлік құралының бөліктерімен келтіріледі немесе қоғалыстағы көлік құралынан құлау нәтижесінде пайда болады. Тұрған автокөліктің немесе одан бөлініп (мысалы, жарылыс кезінде) түскен бөліктерімен келтірілген зақымдарды автомобильдік жарақаттарға жатқызбайды. Сонымен бірге, жүргізушінің немесе жолаушының автокөлік ішінде суға кетуінен, көміртегі тотығымен уланудан, күйіп қалудан туындаған өлімде автокөліктік жарақаттарға жатпайды.

Автокөліктік жарақаттарды келесі түрлерге бөледі:

- жүріп келе жатқан автокөліктің жаяу жүрушімен соқтығысуынан;

- автокөлік доңғалағымен адам денесінен өтіп кетуден;

- жүргізушінің (жолаушының) жүріп келе жатқан автокөліктен құлауынан;

- жүргізушінің және жолаушының автокөлік ішінде;

- жүріп келе жатқан автокөлік бөлігі мен басқа кедергілер арасында адам денесінің қысылуынан;

- араласқан (комбинацияланған).

Мотоциклеттік жарақат. Автомобильдік жарақатқа қарағанда мотоциклеттік жарақат маусымдылығымен және бұл жарақаттың нақты түріне қарамастан жолаушыларда да, жүргізушіде де жарақат пайда болуының жоғары пайыздылығымен ерекшеленеді.

Тақырыпқа арналған әдебиет:

1. В.Н. Крюков, Сот медицинасы, - Москва: «Норма», 2004

2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

  1. В.Л. Попов, Сот медицинасы: - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

  2. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама: -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

  3. А.Л. Стешиц, Жол-көлік апатындағы сот-медициналық сараптама: - Москва: «Норма», 1992 ж.

  4. А.А.Солохин, Автомобильдік жарақаттың сот-медициналық сараптамасының сұрақтары: - Москва «ЦОЛИУВ», 1983 ж.

8 Дәріс

Тақырыбы: Денсаулықтың бұзылуы және улану салдарынан туындаған өлім

Мақсаты: Токсикология түсінігін ашу және улар әсерінің түсінігін беру

Жоспары:

1. Ащы улармен улану (қышқылдармен, сілтілерменщелочами).

2. Іріткі улармен улану (сынаппен, мышьякпен, фосформен, мырышпен және басқа қоспалармен).

3. Қанға әсер ететін улармен улану (көміртегі тотығы, натрий интригі).

4. Жалпы функцияға әсерлі улармен улану (цианисті қоспалар, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газ).

5. ОЖЖ (ЦНС) әсер етуші улармен улану.

6. Этилді алкогольмен, суррогатты алкогольмен улану.

7. Бактериядан шыққан тағамдық уланулар

1. Ащы улармен улану (қышқылдармен, сілтілерменщелочами).

Токсикология – улар және уланулар туралы ғылым. Бұл ғылым жеке және жалпы болып бөлінеді. Жалпы ғылымы әртүрлі заттардың ағзаға уытты (токсикалық) әсер етуінің жалпы заңдылығын зерттейді, екіншісі (жеке ғылымы) жеке улардың әсерлерін зерттейді және олардан туындаған уланудан емделу заттарын қарастырады.

Токсикология бірнеше өзіндік бөлімдерге бөлінді:

- соттық;

- өндірістік;

- тағамдық (тамақтық);

- әскери.

Химиялық немесе физикохимиялық әсерімен, ағзаға кішкене мөлшерде ене отырып, кейбір жағдайларда денсаулықтың бұзылуын және өлім туғызатын заттар улар деп аталады.

Азот қышқылы тыңайтқыш, жарылғыш заттар өндіргенде қолданылады, сондықтан ол кесірлі оқиғаларда жиі, ал өз-өзіне қол сұғуда сирек кездеседі. Өлім дозасы (мөлшері) - 8-10 мл. Өлім әдетте аурулық шоктан (естен танудан) туындайды. Күкірт қышқылы көбіне ингаляциялық улану шақырады. Сутегі тотығы. Өлім дозасы 100 мл, ішке қабылдағанда.