Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот психа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

2. Жүйке ауруларының түрлері мен классификациясы.

Шизофрения – үдемелі ағымды және әртүрлі психопатологиялық симптоматикалы, көбіне 15-25 жас аралығындағы ерлерде (Ресейдің әр жүзінші тұрғынында) кездесетін, біршама тараған ауру, шизофрениялық ақыл кемдігі сияқты психикалық кемшілікке (ақауға) дейін көрінуі мүмкін.

Эпилепсия – созылмалы психикалық ауру, оның клиникасында эпилепсиялық ақыл кемшілігіне дейінгі дірілді және дірілсіз булығу (пароксизм), психоздар және тұлғаның өзіндік өзгерістері байқалады. Эпилепсия көбіне жас құқықбұзушылар арасында тараған.

Эпилепсияның көрінулері әртүрлі. Барлық жағдайларда да дірілді және дірілсіз пароксизмдер пайда болған соң, тұлғаның өзіндік өзгерістерінің астарында, әдетте аурудың бүкіл өмірінде байқалады.

Желікпе (маниакалды) – күйзелістік (депрессиялы) психоз – бұл созылмалы ағымы бар психикалық ауру (дерт). Ауру желікпе (көтеріңкі көңіл, жылдам ойлау, өршіген қимыл) және күйзелістік (түсіңкі көңіл, кідіре ойлау, тежелген қимыл) жағдайлардың қозу кезеңімен алмасуы түрінде өтеді.

Әскери әрекеттерге қатысатын, карате, бокспен айналысатын жастар санының және елімізде қылмыскерліктің, негізінен халықтың агрессиялық мінез-құлқының өсуіне (жиі алкогольді пайдалану әсеріне) байланысты бас миының жарақаттық зақымдануының зардаптары (қалыптасқан психоорганикалық синдром түрінде) сот-психиатриялық практикада басқа психикалық ауруларға қарағанда жиі кездеседі.

Нейросифилис – орталық жүйенің ерекше арулары, жалпы психиатрия практикасына қарағанда сот-психиатриялық зерттеулерде жиі кездеседі.

Бас миының сифилисі. Мидың зақымдануы ошақтық сипатқа ие, бірақ психикалық бұзылудың клиникалық байқалуы мен анықталуы көбіне, мақсатты және уақытылы диагноз қоюға, сифилистік зақымданудың сипатына, емдеу қарқындылығына және аурудың жасына байланысты.

Біртіндеп күшеюші сал ауру (паралич). Әдетте емделмеген сифилисте, ауырғаннан соң 10-12 жылдан кейін диагноздалады.

Мидың атеросклерозы. Бұл адам организімінің, көбіне бас миы артериясының склероздық (ұмытшақтық) зақымдануымен, созылмалы өтетін жалпы ауруы. Оның пайда болуына қолайсыз тұқым қуалаушылық, бас сүйек - ми жарақаттары, күшті және созылмалы жүйкежарақатаушы әсерлер, созылмалы уланулар (алкогольмен), жұқпалы (инфекциялы) аурулар мүмкіндік туғызады.

Гипертониялық ауру. Оның пайда болуына және ағымына көбіне қан тамыр тонусын реттеудің жүйке және қызметтік бұзылулары және бас миы тамырларының, осы аурумен бірге жиі жүретін, біртіндеп күшеюші атеросклерозы себепші болады.

Қарттық (кәрілік) психоз – ағзаның патологиялық қартаюы аясында өтеді және 70 жастан бастап пайда болуы мүмкін.

Созылмалы маскүнемдік (алкоголизм) – бас миының және жүйке жүйесінің, ішкі органдардың (бауырдың, жүректің, асқазан асты безінің) патологиялық өзгеруіне әкеп соғатын ауру (дерт).

3. Жүйке ауруларының ағымы.

Созылмалы психикалық аурулардың ағымында бірнеше сатыларды айыруға болады:

  • алғашқы хабар сатысы, бұл кезеңдегі әртүрлі ауруларға ортақ симптомдармен сипатталады: бас аурулары, ашушаңдық, мазасыздық, ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі, ауру күйді сезіну, ұйқының бұзылуы және т.б. Содан соң осы ауруға сипатты симптомдар (белгілер) пайда бола бастайды;

  • бастапқы немесе аурудың басы (дебюты) қатты, біртіндеп немесе шапшаң дамуы мүмкін және мынадай белгілермен сипатталады: сандырақтық ойлар, елестеушілік, сөйлеудің қозуы және т.б.;

  • жақсару (ремиссия) кезеңі ұзақтығы бойынша әртүрлі – бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін.

Психикалық бұзылулардың ауыртпалығын (тереңдігін) анықтау үшін аурудың диагнозын қою қажет. Ауруды, оның қасиеттерін анықтаған соң ғана сарапшылардың алдына қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Ол үшін ауру адамға клиникалық зерттеу жүргізеді, ол психикалық бұзылулардың сипатын және мүмкін болса себептерін, олардың пайда болуының және ағымының ерекшеліктерін анықтайды.

Тақырыпқа арналаған әдебиеттер:

1. Г.Я. Авруцкий, Психикалық ауруларды емдеу. Дәрігерлерге басшылық құрал.

2. В.П. Белов, И. Боброва, Сот психиатриясы, Оқулық. Москва, 1996 ж.

5 Дәріс

Тақырыбы: Жүйке қабынуларының симуляциясы және диссимуляциясы.

Мақсаты: Жүйке қабынуларының симуляциясына және диссимулициясына сипаттама беру.

Жоспары: