Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сот психа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296.96 Кб
Скачать

6. Этилді алкогольмен, суррогатты алкогольмен улану.

Алкоголь туралы айтқанда, оның астарында шараптық (этилдік) спиртті түсінеміз. Әртүрлі спирттік ішімдіктерде алкоголь 2-8% -дан (сыра) 70-80 %-ға дейін (коньяк, ликер, ром) болады.

Алкогольдік ішімдіктер тұрмыста кеңінен қолданылады. Бірақта, алкогольды мөлшерсіз қолдану, мастық жағдайды тудырып, әртүрлі жанжалға апарып соғатына бәрімізге белгілі. Сол себептен мас болуды, өзгеше айтқанда күшті алкогольдік улануды, сот-медициналық анықтау тірі тұлғаларды және мәйіттерді зерттеуде кең таралған сараптамалардың бірі. Күшті алкогольдік улану қызметтік теріс қылықтармен, қылмыстармен, кесірлі (бақытсыз) жағдайлармен байланысты болатын кездерде аз емес. Мысалы, автомобильдік апаттарда көлік жүргізушісі, оның құрбаны немесе жолаушылары мас болуының мүмкіндігі туралы сұрақ әрқашан туындайды.

Сот-медициналық практикасында зерттелетін этильдік уланулардың арасында этил спиртімен қатты улану бірінші орында тұр. Ағзаға алкоголь әртүрлі жолдармен түсуі мүмкін: ішке қабылдағанда, тері астына, күре тамыр ішіне егу, ректальды және спирт буларын жұту арқылы.

Алкогольмен улану өліммен аяқталуы мүмкін. Күшті алкогольдық улану, мас болу деп аталушы, өзінің көрінулерімен жеткілікті танымал.

Алкоголь — есірткілік у, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және соңында маңызды өмірлік функциялардың параличін туғызады.

7. Бактериядан шыққан тағамдық уланулар

Тағамдық токсикоинфекциялар. Сальмонелла микробы қоздырушысы болып табылады. Токсикоинфекциялардың дамуына қолайлы жағдайларға жоғары ылғалды 37-40 0С температураны жатқызады, сондықтан мұндай уланулар жылдың ыстық уақытында жиі байқалады. Бұл ағзаға тірі микробтардың көп мөлшері түсуіне, олардың ағзада ыдырауына және эндотоксин шығаруына байланысты. Микробтар қанға ішектерден түседі, эндотоксинді жасау қанда да, ішекте де өтеді – адамдардың көп тобы қамтылатын, инфекцияның өршіп, аурудың көбейіп кетуі. Микробтармен зақымданады: ет, балық, жұмыртқа, сүт, салаттар.

Клиникасы: 12-24 сағаттан соң жүрек айну, лоқсу, іш өту, іштің ауруы, 400 С дейінгі температура. Интоксикация 2-7 тәулікке созылады.

Мәйітті тексерген кезде құрғап қалу белгілері көрінеді: құрғақ тканьдер, бүрсіп қалған қарын, көздер. Тілу кезінде ішекте жасылдау масса және тез өлім белгілері табылады.

Тағамдық токсикоинфекцияның диагнозын анықтауға бактериологиялық зерттеу көмектеседі. Ол үшін зертханаға жолдануы қажет: қан, өт және ішектің ішіндегісі. Асқазанның ішіндегісінде сальмоннеллалар болмайды, сондықтан жуатын суларды жинамайды. Органдардың гистологиялық зерттеулері де жүргізіледі (бүйректің, бауырдың, жүректің кішкене кесектері алынады).

Тақырыпқа арналған әдебиет:

1 В.Н. Крюков, Сот медицинасы: - Москва: «Норма», 2004 ж.

2. В.Л. Попов, Сот-медициналық сараптама, Анықтамалық: - Санкт-Петербург: «Питер», 1997 ж.

3. В.Л. Попов, Сот медицинасы: - Санкт Петербург: «Питер», 2002 ж.

4. Г.С. Шанаева, Сот-медициналық сараптама: -Алматы: - «Дәнекер», 2003 ж.

9 Дәріс

Тақырыбы: Денсаулықтың бұзылуы, оттегі жетіспеуінен және физикалық факторлардан туындаған өлім

Мақсаты: Механикалық асфикция түсінігін ашу, асфикция түрлерін қарастыру

Жоспары:

1. Механикалық асфикция түсінігі.

2. Механикалық асфикция түрлері.

3. Тұзақпен буынудан, қолмен буындырудан, демалу жолдарын жат денелермен жабудан туындаған өлім.

4. Демалу жолдарын жұмсақ нәрселермен жабу.

5. Кеуде мен қарынды басудан, суға кетуден туындаған өлім.

1. Механикалық асфикция түсінігі.

Ағзаға механикалық фактордың әсерінен болған асфикция механикалық асфиксия деп аталады. «Асфиксия» түсінігі «тамыр соғысының жоқ болуы» деп аударылады (а — теріске шығару, sphygmos — тамыр соғысы (пульс)).

Механикалық асфиксияның негізгі сипаттары: тыныс алу жолдарындағы ауа айналысын механикалық тоқтататын сыртқы фактордың әсері, соның салдарынан ұлпалардан және қаннан оттегінің толық кетіп, оның орнына көміртегінің толуы.